«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет62/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

МОДЕЛЬ ТҮРЛЕРІ.

Модельдерді қасиеттеріне карай мынадай топтарға  жіктейді:

1.Қолданылу аймағы.

2.Модельде уақыт факторын ескеру.

3.Білім саласына қарай топтау.

4.Модельді көрсету төсіліне қарай топтау.

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін жене қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық  төрізді топтарға жіктеледі.

Оқу моделі — көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін. Тәжірибелік модель—жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшгірмесі болып табылады. Бұл модельдер — объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады. Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіл, оньң тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.

Ғылыми-техникалық модельдер—процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш — синхротрон, найзағайдың разрядын бакқылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады. Ойын модельдеріне — әскери, экономикалык, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ак қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялык көмек көрсетеді. Имитациялың модель — шын мөніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім тандаудың мұндай төсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің өсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышкандарға беріп, төжірибе жасайды.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистпикалық деп екі топқа жіктеуге болады.   Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі узіндісін айтуга болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардьң сүт тісі, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістерінін саны т.б.

Динамикалық модель — уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мумкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар. Үй салу кезінде оның ірге тасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп түратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл — үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторына байланысты болатьш өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан байкағанымыздай бір объектіні статистикалық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түп нүсқаның геометриялық жән ефизикалық қасиеттерін көрсетеді.

Материалдық модельдердің қарапайым мысалдары балалар ойьшшықтарын алуға болады. Ойыншықтар көмегімен кішкене кезінен бала қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Мысалы, кішкене жұмсақ жолбарыс ойыншығымен ойнаған бала, зоопаркте оны бірден таниды. Сондай-ақ материалдық модельге биология кабинетіндегі құстар сүлбасы, тарих және география пәндеріндегі пайдаланылатын карталар, күн жүйесіндегі планеталардың схемалары, жер серігінің макеттері т.б. мысал бола алады.

Мектептегі оқу құралдары мен бірге физикалық және химиялық тәжірибелер де материалдың модель болады. Бұл тәжірибелерпроцестерді модельдейді. Сутегі мен оттегінің арасындағы реакцияны көрсету тәжірибесі арқылы процесті бақылай аламыз. Материалдың модель объектіні, процесті, құбылысты материалдың жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттардан ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модель дегеніміз—объектінің, процестің, қубылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзарабайланыс болып табылады.

Объектіні немесе процесті сипаттайтын ақпарат әр түрлі көлемде, көрсету тәсілі түрліше және әр түрлі құралдармен берілуі мүмкін. Әр адамның мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ. Ақпараттық модельге вербальдік (ағылшын тілінен аударғанда ауызша) модель жатады. Бүл модель ойлау мен оның қорытындысы нәтижесінде алынады. Вербальдік модель ойда қалуы немесе сөзбен жеткізілуі мүмкін. Мұндай модельге жолдан өту кезіндегі біздің тәртібімізді жатқызуға болады. Адам жолдағы жағдайға талдау жасайды, бағдаршамға қарап немесе көліктің қандай жылдамдықпен келе жатқандығън бағдарлап жолдан өтуді алдын ала ойша жоспарлайды. Егер осы жоспар, яғни модель дұрыс құрылса, жолдан сәтті өтеді, ал дұрыс құрылмаса, оқыс жағдай болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай модельге ақынның ойындағы өлең жолдарын, сазгердің әуенін т.б. мысал ретінде келтіруге болады.

Вербальдік модель дегеніміз — ойша немесе әңгіме турінде жасалган ақпараттьіқ модель. Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Таңбалықмодельдергесурет, мәтін, график, схемалармысал бола алады. Вербальдік және таңбалық модельдер бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Адамның ойындағы вербальдік модель әртүрлі таңба арқылы көрсетілуі мүмкін.

Керісінше, таңбалық модель арқылы шын мәніндегімодельді жинактап, ойша оның дұрыс моделін құруға болады.

Мысалы, өзіміз білетін аңызда Ньютонның басына құлап түскен алма оған Жердің тартылыс күші жонінде ой салды. Осы ой заңды таңбалар арқылы қорытын жазуға мүмкіндік берді.

Физикалық құбылыстың болу заңдылығын түсіндіретін мәтінді оқыған соң, адамда ойша оның бейнесі жинақталады. Осылайша бейне нақты құбылысты тануға әсерін титізеді. Көрсету түріне қарай ақпараттың модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модель — графикалықпішіндер мен көлемдікөнетрукциялар. Ауызша модель — иллюстрациями пайдаланып, ауызишжәнежазбашасипаттаулар.

Математикалық модель — объект немесе процестің әртурлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар. Құрылымдық модельдер—схема, графиктер мен кестелер т. б.

Логикалық модель — ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр турлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер — ноталар, химиялық формулала әр түрлі модельдерді тарату үшін әр түрлі аспаптар қолданылады.

Модельдерді сипаттау үшін көптеген формалды тілдер бар. Материалдык модель құру үшін суретші қылқаламы, фотоаппарат, ара, балға, сызғыш т.б. құралдар жеткілікті.

Егер модель абстракты түрде бейнеленсе, оларды сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм, математикалық формулалар т.б. таңбалық жүйелер қолданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал арқылы іске асырылады. Бірі — кәдімгі аспаптар, ал екіншісі — кәдімгі компьютер больш табылады. Таратутәсілінеқараймодельдеркомпьютерлікжәнекомпьютерлікемесболыпбөлінеді.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын моделъдерді айтады. Компьютердің ақпаратпен жұмыс істейтіні белгілі.

Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне, анимация, мәтін, схема, кестет.б. ақпараттармен жұмыс істей алады.Осы ақпараттарды өңдеу, тарату, қабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жасауы болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет