Мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді



бет1/7
Дата08.06.2020
өлшемі100,99 Kb.
#72674
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТРАКТОР 11 ко 21 мех


ТРАКТОР (жаңа лат traktorлат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.

Сипаттама Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.



Түрлері

Қозғалтқышының түріне қарай трактор ‘‘доңғалақты’’ не ‘‘шынжыр табанды’’ болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.



  • Батпақта журуге арналған трактор - кәсігюрындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді.

  • Тауға арналған трактор- ауылшару ашылығына арналған доңалақты трактор, көлденең жағдайда қаңка орнатуға бейімді жұмыстар аткарады.

  • Шынжыр табанды трактор- шынжыр тәрізді козғағышы бар трактор: жерге түсіретін кысымы аз, өткіштігі жақсы болады.

  • Доңғалықты трактор-доңғалақ тәрізді козғағышы бар трактор; келіктік жылдамдыгы жоғары және металл сыйымдылығы аз болады.

  • Өнеркәсіптік трактор -жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруа- шылығында, кұрылыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор; нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.

  • Жалпы өнеркәсіптік трактор - кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (неізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдык пен жасақталған.

  • Жер өндеуге арналған трактор- ауылшаруашылык жер өңдеуге арналған трактор; жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.

  • Баулық трактор- ауыл шаруашылыгында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машина- лармен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.

  • Жалпы ауылшаруашылық жұмысты атқаратын трактор- ауыр ауылша- руашылық жұмыстарды аткаруға арнапған, нақты тарту күші 2-ден 60 кН ға дейінгі трактор.

Тарихы

Бу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.

Қолданылуы

Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды.

Құрылымы

Трактордың механизмдері мен жабдықтарына:



  • күштік қондырғы,

  • күштік беріліс,

  • жүрістік бөлік,

  • қаңқасы,

  • басқару механизмі,

  • кабина

  • электр жабдықтары жатады.

‘‘Күштік қондырғы’’ трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы (бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. ‘‘Күштік беріліске’’ ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Доңғалақты трактордың ‘‘жүрістік бөлігі’’ аспадан, осьтен және пневматик. шиналы доңғалақтан, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші доңғалақ, т.б. тұрады. Трактор ‘‘қаңқасы’’ әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. трактордың ‘‘басқару механизмі’’ рульдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор ‘‘кабинасы’’ тракторшының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалады. Трактордың ‘‘электрлік жабдықтары’’ ток көзінен (аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты от алдыру, жолды жарықтандыру, кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негізгі сипаттамаларына оның техника-экономикалық, техехникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады.

Оқулық тақырыбы
Гидравликалық аспалы жүйелер

Трактордың жүріс бөліктері оларды жер бетімен жылжыту қызметін атқарады және барлық механизмдердің салмағын осы жүріс бөлігі қабылдайды. Жүріс бөлігі тұлғадан, қозғалтқыштан және екеуін өзара жалғастыратын аспалы тіректен құралады.

ТРАКТОР түлғасы оның барлық механизмдерін бекітетін қондырғы. ТРАКТОРға күш осы түлғасы арқылы беріледі. Сондықтан да оны өте берік етіп жа- сайды.

Қозғалтқыштың негізгі қызметі қозғалтқыштан трансмиссия арқылы келген қуатты Тракторды итеретін күшке айналдыру болып табылады. Ол үшін қозғағыш дөңгелек айналдыру моментінің көмегімен айналады да жер бетімен ілінісу күшін тудырады. Осы ілінісу күші ТРАКТОР түлғасын итереді де оны жер бетімен жылжытады. Осыған қосымша, Трактордың барлық салмағы осы қозғағыш дөңгелектермен қоса тірек дөңгелектеріне де түседі . Олар Трактордың алдыңғы бөлігінің салмағын қабылдайды, әрі көпшілік жағдайда, Тракторды бүру қызметін атқарады.

Аспалы тірек ТРАКТОР түлғасын қозғағышқа жалғастырып тұрады. Оның негізгі қызметі ТРАКТОР жүрісін жұмсарту болып табылады, яғни кедір-бүдір жерлермен жүргендегі Трактордың тербелу құбылысын азайтады. Сөйтіп механизмдерді сынудан сақтайды жәнеТРАКТОРшыға қалыпты жұмыс істеуге жағдай туғызады.

Тракторларды осы жүріс бөлігіне қарай дөңгелекті немесе шынжыр табанды Тракторлар деп екіге бөледі. Жүріс бөліктерінің құрылысына қарай Тракторлар- дің бірнеше техникалық қасиеттері өзгереді. Сон- дай негізгі бір қасиеті — өтімділік қасиеті.

Тракторлардың өтімділік қасиеті оның кедер- гілерден жүріп өте алатын мүмкіндігін сипаттайды. Трактордың Бұл қасиеті жүріс бөлігінің бірнеше көрсеткішіне байланысты. Осы көрсеткіштерді екі топ- қа бөлуге болады: біріншісі — техникалық, екіншісі — агротехникалық көрсеткіштері.

Тракторлардың өтімділік қасиетін анықтайтын техникалық көрсеткіштерге дөңгелек схемасы мен топыраққа түсіретін меншікті қысымы жатады. Дөңгелекті Тракторлардағы дөңгелек схемасы онда неше дөңгелек бар екенін және оның қаншасы қөз- ғағыш деңгелек екенін көрсетеді. Мысалы, схема 4x2 болғанда Тракторларда барлығы тәрт дөңгелек бар да, оның екеуі қозғагыш, ал 4x4 болғанда барлық доңға- лағы да қозғағыш дөңгелектер болып табылады. Қөз- ғағыш дөңгелек саны көбейген сайын Трактордың отімділік қасиеті де жоғарылайды.

Трактордың топыраққа түсіретін меншікті қысымы қозғағыш мүшелердің топарықпен жанасқандағы тірек ауданына байланысты. Осы тірек ауданы көбейген сайын топыраққа түсетін меншікті қысым азаяды. Трактордың отімділік қасиетін жоғарылату үшін оның топыраққа түсіретін меншікті қысымын азайту керек. Ал меншікті қысымның мөлшері қозғағыш мүшелердің түрлеріне тікелей байланысты. Шынжыр табанды Тракторларда тірек ауданы колемді, сондықтан олардың топыраққа түсіретін меншікті қысымы да аз болады. Сондықтан олардың, дөңгелекті Тракторларға қарағанда, өтімділік қасиеттері жоғары болады.

Тракторлардың отімділік қасиетін анықтайтын агротехникалық көрсеткіштерге оның жер бетіненбиіктігі мен екі қозғағыш мүшенің аралығындағы қашықтық жатады. Трактордың жер бетінен биіктігі өсімдіктердің қатараралығын өндегенде зор маңызға ие болады. Егер осы қашықтық тиісті мөлшерде болмаса онда олар өнделетін өсімдіктерді зақымдайды. Сондықтан Тракторларды осы көрсеткіштеріне қарай екіге бөледі, олар: универсалды-қатараралық және жалпы жұмысқа арналған Тракторлар. Олардың бір- бірінен айырмашылығы осы жер бетінен қашықтығына байланысты. Әмбебап-қатараралық Тракторлардың жер бетінен қашықтығы көп болады.

Кейбір Тракторлардың (Т-25А, Т-40А) жер бетінен қашықтығын өзғертуғе болады. Ол үшін соңғы беріліс редукторының қорабын тиісті бағытта бұрады. Сонда ТРАКТОР түлғасы жермен салыстырғанда жоғары немесе томен орналасады.

Агротехникалық көрсеткіштерге жоғарыда айтылған қашықтықтан басқа екі қозғағыш мүшенің ара- лық қашықтығы да жатады. Себебі, өсімдіктердің түрлеріне қарай олардың қатараралығы әр түрлі (45, 60, 70, 90см) болады. Егер Тракторлардың қозғағыш дөңгелектерінің ара қашықтығы осы қатараралықпен сойкес келмесе, ол ондай қатараралықты өндей алмайды, яғни өтімділік қасиеті нашарлайды. Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмі негізгі екі бөліктен күралады: гидрожүйе және аспа- лы механизм.

Аспалы механизмде қолданылатын гидрожүйе тек аспалы механизмге ғана қызмет етіп қоймайды, онымен қоса басқа да жұмысшы жабдықтарды (өндеу терендігін реттеуіш қондырғы, жетекші дөңгелекке күш тудыратын қондырғы) гвдравликалық энергиямен қамтамасыз етеді. Жұмысшы жабдықтарының жұмыстары бір-бірлеріне байланысты жүргізіледі және реттелінеді.

Гидравликалық жүйе негізгі мынандай бөліктерден құралады (6.1-сурет): май құятын ыдыс (2), май на- сосы (1), таратқыш (3), ғидравликалық цилиндр (4) және оларды өзара жалғастыратын тұтіктер. Гидрав- ликалық жүйеге іштен жанатын қозғалтқыштарда пай- даланылатын Қозғалтқыштык майлар (МІО, М8) қолда- нылады. Себебі, гидравликалық жүйедегі қозғала- тын бөлшектер де майлануға тиіс. Жұмыс кезінде осы май гидрожүйенің барлық механизмдерін айналып өтеді.

Гидравликалық жүйенің жұмысы мынандай жол- мен атқарылады. Ыдысқа сүзгі арқылы құйылған майды май насосы (1) сәрып алады, ал май насосы ТРАКТОР двигателінің иінді білігімен жалғасқандық- тан, жұмыс кезінде айналмалы қозғалыс жасайды. Сәрып алынған майды май насосы үлкен қысыммен (ІОМПа) таратқышқа (3) жеткізеді. Таратқыш ол май- ді жұмыс жағдайына байланысты гидравликалық цилиндрге немесе қайтадан май ьщысына қайтарады. Ал таратқыштан кейін гидравликалық цилиндрге (4) жететін болса, онда ол қысымның көмегімен цилин- дрге күш туғызады да, қысымын азайтып гидравликалық цилиндр арқылы қайтадан май ыдысына құйылады, осындай түйықталған жолмен жұмыскезінде айналып жүреді. Енді осыларға жеке-жеке тоқталамыз.

Май құятын ыдыс гидрожүйеге құйылатын май- дің қорын сақтап түруға арналған. Оның сыйым- ділығы гидравликалық жүйедегі цилиндрлер мен насос өнімділігіне байланысты әр түрлі болады: 5,5; 12; 18; 25 л және т. с. с. Май құятын ыдыстың са- пунмен жабдықталған қақпағы болады. Сол қақпақ- тың көмегімен ыдыс іші сырттағы атмосферамен қатынасып тұрады, май ыдысының қақпағының ас- тында сүзгі орналасқан. Ыдысқа құйылатын май сүзгі арқылы өтіп тазаланады. Бұл сүзгі тек сырттан құйылған майды ғана емес, гидроцилиндрден қайтқан майды да тазалап өткізеді. Сүзгі көп ластанғандығы- нан, май өткізу қабілеті нашарлаған болса, онда сақ- тандырғыш клапанның көмегімен май тазаланбастан-ақ бірден ыдысқа құйылады.

Май құятын ыдыстағы қанша май бар екендігін білу үшін өлшегіш сызық койылған. Сол арқылы май деңгейін өлшеп біледі. Осыларға қосымша май ыді- сының түбінде майды сыртқа ағызып жіберетін тығын бар. Насос арқылы май ыдыстың ішінен арнаулы тұтік арқылы сорылып алынады да жоғарғы жа- ғынан сүзгі арқылы қайтып құйылады.

Гидравликалық жүйедегі май насосы осы жүйеде үлкен қысым (ІОМПа) туғызатын құрал. Мұндай насостың құрылысы жағынан бірнеше түрі болады: поршеньді, қалақшалы және шестернялы. Бірақ трак- торлардың гидравликалық жүйесінде поршеньді және қалақшалы насостар қолданылмайды. Себебі, олар- дің бірнеше кемшіліктері бар, сол кемшіліктерінің ішіндегі ең негізгілері құрылыстарының күрделілігі, тез төзатындығы, габариттік мөлшерлерінің үлкендігі, өнімділіктерінің төмендігі және т. с. с. Сондықтанда Тракторлардың гидравликалық жүйесінде шестерня- лы насостар қолданылады. Бұл насостарға жоғарыдакөрсетілген басқа түрлі насостарға тон кемшіліктер болмайды.

Шестернялық насостарды колемдік насостар қата- рына жатқызады. Себебі, жұмыс істеу принциптеріне карай насостар екі түрге бөлінеді: гидродинамикалық және гидрокөлемдік. Гидродинамикалық насостар қысымды сұйықтың қозғалған кезіндегі жылдамдығының әсерінен пайда болатын кинетикалық энергияның көмегімен тудырады, ал гидроколемдік на- состар қысымды потенциалдық энергияның көме- гімен тудырады. Сонымен гидроколемдік насостар соратын каналдан сұйықтың белгілі бір көлемін бөліп алады да, оны айдайтын канал жаққа қарай итеріп енгізеді. Сұйықтың көлемі айдайтын каналда көбейеді, осының әсерінен оның қысымы едәуір артады.

Шестернялы май насосы жұмысты гидрокөлемдік тосілмен істейді. Ол үшін оның айналып тұратын және өзара іліністе болатын екі шестернясы бар. Оның бірі жетекші де, екіншісі — жетектелуші. Сол шестернялар айналған кезде тістерінің аралығына соратын ка- нал жағынан май толады да, айдайтын канал жағына келгенде итеріліп шығады. Себебі, осы тұста екі шестерня тістері бір-бірімен ілініскендіктен, олардың ара- лыгында май тұратын саңылау қалмайды. Енді олар сору каналы жаққа шыққанда, екі тіс ажырасады да, олардың аралығында бос кеңістік пайда болып, оған ыдыстан май сорылып алынады.

Шестернялы насостарда май айдайтын шестерня- лар жан-жағынан жақсы бітелуге тиіс. Себебі, ол үлкен қысыммен май айдағанда жан-жақтарындағы саңылаулар арқылы май өтіп кетіп, үлкен қысым тумай қалуы мүмкін. Сондықтанда олардың екі жан қырын арнаулы қондырғымен бітейді. Оларды гидравликамен қысылатын ішпектер деп атайды. Ішпектерді үйкелісі аз түсті металдан жасайды және олардың сырт жағына арнаулы канал жасалып, оны айдайтын каналмен жалғастырған. Насоста қысым туған кезде, сол сырт жағындағы каналға май қысыммен барып тұрады да, ішпектерді үнемі шестерняларға қарай тұрақты күшпен итеріп тұрады, яғни шестерня қыры мен ішпек аралығында саңылау болмайды.

Гидравликалық насостардың түрлерін арнаулы үлгі бойынша белгілейді. Мысалы, Тракторларда қолданы- латын шестернялық насостарды мынандай үлгімен белгілейді: алғашқы әріптер НШ-шестернялы насос деғен белгі, содан кейінгі сандар насос шестернясының бір айналыс жасаған кезіндегі өнімділігін (см3/айн) көрсетеді. Әрі қарай койылатын әріптер на- состың өзгертілгендігін, жақсартылғандығын және т. б. көрсетеді.

Шестернялы насостар онімділіктеріне карай әр түрлі қуатталады. Мысалы, өнімділігі аз НШ-10 насосы 2,5 кВт қуат жұмсаса, НШ-32 насосы — 12,1 кВт қуат жұмсайды.

Тракторлардың гидравликалык жүйесінде қолда- нылатын шестернялы насостардың бір артықшылығы жұмыста пайдалану мерзімі бойы ешбір реттелу жү- мыстарын қажет етпейді және өздері өте үзақ (4000 сағатқа дейін) уақыт жұмыс істейді. Тек қызмет ету мерзімі біткенде, бөлшектері төзғандықтан оларды жаңасымен алмастыру керек.

Гидравликалық цилиндр дегеніміз — ол гидрав- ликалық қозғалтқыш, яғни сұйықтың потенциалдық энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қондырғы. Оның құрылысы екі бүйірі бітелген ци- линдрден, сол цилиндрдің ішінде жылжып жүретін поршеньнен және поршеньмен берік жалғасқан шток- тан құралады. Цилиндріне үлкен қысыммен май кел- ген кезде, поршень бетіне де қысым түсіріп, оны итереді, ал поршень өзімен бірге штокты қозғалысқа келтіреді де, оның ұшында бекітілген механизмді қозғайды.

Гидравликалық цилиндрлер жұмыс тәртібіне қарай екі жақты немесе бір жақты цилиндрлер болып бөлінеді. Бір жақты цилиндрлерде қысым поршеньнің бір-ақ жағынан итереді, ал кері қарай аспалы механизмдегі ауыл шаруашылығы машинасының сал- мағымен түседі. Екі жақты цилиндрлерде сұйық қысымы, бағыттауға байланысты, поршеньнің екі жағынан келе алады, яғни поршеньді екі жаққа бірдей сұйық қысымның әсерімен жылжытады.

Гидравликалық цилиндрлерді, олардьщ қалыпты жұмысы үшін қажетті қосалқы қондырғылармен жаб- діқтайды. Оларға баяулатқыш және шектелгіш кла- пандар жатады. Баяулатқыш клапанның міндеті шток пен поршень қозғалысын баяулату болып табылады. Себебі, гидроцилиндрлер кобінесе аспалы механизм арқылы ауыл шаруашылығы машиналарын көтереді. Ол кезде поршеньге сырттан түсетін осы машина- ның салмақ күшінің әсерінен оның жылжуы бәсең болады. Ал машинаны кері қарай төмен түсіргенде, поршеньді әрі қарай сұйық қысымы, әрі машинаның салмақ күші итереді де, машина жерге үлкен жылдамдіқпен түсетіндіктен міндетті түрде үрылып қалады. Осы жағдайды болдірмас үшін баяулатқыш клапан қойылады.

Баяулатқыш клапан цилиндрдің көтеретін жағын- дағы каналға қойылады. Оның құрылысы жүлдізша тәрізді жасалған пластина. Цилиндрдің көтерілуі кезінде кысым сол жүлдізшаны астынан көтереді де, ол май жүрісіне кедергі жасамайды, ал түсіру кезінде, май кері жағынан келіп, оны тесікке жабыстырады. Енді май цилиндрдің кең тесігінен отпей, клапанды жасалған тар тесік арқылы өтеді. Сойтіп майдың агуын тежейді.

Шектегіш клапан штоктың жүрісін шектейді. Ол үшін штокқа арнаулы тізгін кигізіледі және оны шток бойымен әр түрлі ұзындықта бекітуге болады. Егер цилиндр штогын өрі қарай түсірудың қажеті болмаса, онда сол орынға тізгінді бекітеді. Цилиндрдің түсіретін каналына осы клапан қойылған жәнеоның өзекшесі сыртқа шығарылған. Өзекшені тізғін келіп итереді де, түсіретін каналды клапан арқылы жабады. Сөйтіп поршень әрі қарай жылжи алмайды.

Гидравликалық цилиндрлердің туғызатын күші олардың ішкі диаметрінің мөлшеріне байланысты, яғни диаметрі кобейғен сайын күші де артады. Сон- діқтанда цилиндр түрлерін белгілеғенде, осы диаметрі көрсетіледі. Мысалы, Ц-75 деген цилиндрде алғашқы әріп Ц — цилиндр, ал содан кейінгі сан 75 — оның ішкі диаметр мөлшерін (мм) көрсетеді. Олар атқаратын жұмыс түріне қарай негізгі және косалқы ци- линдрлер болып бөлінеді. Себебі, негізгі цилиндр ас- палы механизмде, ал қосалқы цилиндр ауыл шаруашылығы машиналарында орналасады.

Гидравликалық жүйедегі негізгі қоңдірғының бірі май таратқыш болып саналады. Ол кабинаға жақын орнатылады да, оның басқаратын тұтқалары кабина ішінде болады.

Таратқыш қондырғының негізгі қызметі май ағынын қажетті бағытқа қарай жіберу болып табыла- ді, ягни гидравликалық цилиндрлерді осы таратқыш арқылы басқарады. Мысалы, оларды көтеріп-түсіру үшін насостан келген май ағынын цилиндрге бағыт- тайды, ал басқа уақытта қайтадан ыдысқа жібереді.

Оның құрылысына қорабы мен золотник жата- ді. Бұл екі бөлшек өзара жоғары дәлдікпен жасалып, бір-бірімен жанасып жұмыс істейді. Қарап пен зо- лотникте жұмыс мақсатына қарай сәйкес келетін тесіктер бар. Золотникті тиісті жағына жылжытқанда тесіктері сөйкес келген бағытта май жүреді. Сөйтіп, золотник май ағынын қажетті жаққа қарай бағыттап отырады.

Таратқыш қондырғыда ТРАКТОР түріне қарай бірден үшке дейін золотниктері бар әр түрлі таратқыштар қолданылады. Әрбір золотникке автоматты түрде қайтарғыш қондырғы қойылады. Сол қондырғы арқылы көтеру немесе түсіру жұмысы аяқталғаннан кейін золотник өз қалпына қайтып әралады.

Золотниктің қараппен салыстырғанда, төрт жағ- дайы бар, олар: “көтеру”, “түсіру”, “бейтарап” және “қалқымалы” (6.1-сурет). Осы жағдайларының барлығында да арнаулы бекіткіш қондырғының көме- гімен үсталып тұрады. Осы жағдайларына байланысты гидравликалық цилиндрдің де қалпы өзгеріске ұшырайды.

“Көтеру” (6.1а-сурет>және “түсіру” (б) кезінде насостан шыққан май гидравликалық цилиндрдің көтеретін немесе түсіретін каналына беріледі, ал оған керісінше, каналы май ыдысымен жалғасады. Золотниктің “бейтарап” қалпында (в) гидравликалық цилиндрдің көтеретін және түсіретін каналдары золотникпен бітеліп тұрады да, оның штогы ешбір ба- ғытта жылжи алмайды. Бұл аспалы машинаны жол жүру қалпында үстап тұрған кезде қолданылады. Осы золотниктің “бейтарап” кезінде насостар келген май таратқыш арқылы қайтып ыдысқа құйылады.

Золотниктің “қалқымалы” жағдайы (6. Іг-сурет,) аспалы машинаны жұмыс қалпында үстап тұрған кезде қолданылады. Себебі, кейбір машиналар жер бедеріне қарай ТРАКТОРмен салыстырғандағы өз Бұл қалпын өзгертуге тиіс. Сол кезде гидравлика- лық цилиндрдің штогы оған кедергі жұмсауы керек. Ол үшін оның көтеретін және түсіретін каналдары өзара жалғастырылады да, поршень еркін қозғалады, яғни майды көтеретін жағынан түсіретін каналға немесе керісінше еркін айдай алады. Осылайша аспалы машина өз еркімен жер бедеріне қарай икемделіп жүре береді.

Жоғарыда айтылған гидравликалық жүйенің кондырғылары Трактордыңәр түрлі жерінде орналастырылады да, олар өзара тұтіктермен жалғастырылады. Сондықтанда Тракторлардың гидравликалық жүйесін дараланған гидравликалық жүйе деп атайды. Себебі, насос қозғалыс үшін қозғалтқышта орналасады, ал цилиндр артқы аспалы механизмде, таратқыш басқаруға ыңғайлы болу үшін, кабинада орналасады.



Осы даралай орналасқан гидравликалық қондырғыларды жалғастыруға арнаулы, жоғары қысымға шыдайтындай тұтіктермен жалғастырылады. Әрбір жалғастыратын жерлерінде әр түрлі жалғастырғыш қондырғылар, муфталар қолданылады. Олардың құрылысы қарапайым. Сондықтан оларға тоқталмаймыз.

 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет