Құқықтың қоғамның саяси жүйесіндегі орны келесідей көрінеді:
1) құқық қоғамның саяси жүйесі арасындағы байланыс құралы ретінде болады, өткені заңдарда халықтың, әр топтың еркі білдіріледі;
2) құқық саяси жүйені тұрақтандырады, өйткен заңдар ұзақ уақытқа саяси институттар жүйесін бекітеді;
3) құқық мемлекеттік билікті ұйымдастырудың, қызмет етуінің және ауысуының құқықтық нысанын бекітеді;
4) құқықтық актілерде саяси қатынастың субъектілерін заңдастырады.
Кез келген мемлекет құқықтың көмегімен саяси партияларды ұйымдастыру мен қызмет ету процесін реттеуге тырысады. Саяси өмірде саяси партиялардың қызметінің нысаны мен әдісінің күрделі болуына, оның қоғамда рөлінің жоғарлауына орай, олардың қызметін түйіндеп құқықтық реттеуді қажет етеді.
Мемлекеттің саяси өмірінде елеулі орынды саяси партиялар алса да, олар туралы ХІХ ғасырдың конституцияларында мүлдем айтылмады, ал қазіргі кезде олардың қызметін реттеу жеке құқықтық институт болып табылады. Әдетте, қазіргі кездегі мемлекеттің заңнамасында келесі институттар көрініс тапқан: саяси партиялардың түсінігі, қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі, оларды құру мен қызметін тоқтатудың талабы мен тәртібі, саяси партиялардың бағдарламаларына қойылатын талаптар, оларды қаржыландыру тәртібі, саяси партиялардың сайлауларға қатысу тәртібі.
Саяси партияларды құру, ұйымдастыру және олардың қызмет ету тәртібіне байланысты қатынастарды құқытық реттеу көлемінің кеңеюі жаңа құқық саласы туралы тұжырымның пайда болуына әкелді, яғни партия құқығы.
Достарыңызбен бөлісу: |