ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мемлекет-саяси институт ретінде
Жоспар
Кіріспе
Мемлекет және оның қалыптсуы туралы ойдың эволюциясы.
Мемлекет қоғамдық ұйым түрі ретінде, оың мәні, тарихи түрлері, мемлекеттік құрылым мен басқару формалары
3.Қазіргі мемлекеттің даму тенденциялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.
Тағы да ескерер жайт, мемлекеттің қоғам өміріндегі пайда болуьш, рөлі мен орнын сипаттайтын теориялық мәселелер идеологиялық қабаттарға ие, оларды сыни тұрғыдан қайта зерделеу Бұл мөселелерге ғылыми түрде дәлелді, саясаттанулық сараптау беру үшін кажетті. Саяси ойлар тарихында парадигмалардың алмасуы мемлекет туралы ілімнің теориялық мөселелерінде, яғни оның генезисінде, әлеуметтік қажеттілікті негіздеуінде, функцияларды айқындауында, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен құрылымдануында, халық пен биліктің арақатынасын анықтауында мейлінше дәл және тікелей көрінеді. Мемлекет туралы ілімнің парадигмалық ерекшеліктері келесі негізгі концепцияларда көрінеді:
1. Діни-мифологиялық, теократиялық.
2. Табиғи-тарихи, натуралистік.
3. Келісімдік.
4. Әлеуметтік-экономикалық, таптық.
5. Либералды-демократиялық, құқықтық.
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиьш жольшан өткен, ол мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің мифологияландырудың қажеттігін, табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен бостандығын және оларды Құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын қамтиды.[1]
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. [1]
Мемлекеттің белгілері
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекет түрлері
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
|