Мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын



Pdf көрінісі
Дата03.02.2023
өлшемі31,92 Kb.
#167283
Байланысты:
Қазақ тілі СРС1



Менің туған жерім – Тəуелсіз Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне
мəдениетпен, ежелгі ертегілер мен аңыздармен жəне ерекше табиғатпен ұлы
мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын
егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы менің Қазақстаным. Биік-биік асқар
тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дəрілік қасиеті бар шөптерге толы
елім, аңдар мен құстарға, неше түрлі жануарларға ашкөз емес жерімай. «Отаным» деп
жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Қазақ
тіліміздің сұлулығы да, туған жерімнің жылулығы да жүрегіме ыстық.
Алайда бұлай əрқашан болған жоқ, өзіміз білетіндей қазақ даласы қилы тағдырды
басынан кешті.
Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Сайын дала сол
перзенттерін жат көрмеді, құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені
болды.
Кейін басымызға отаршыл Ресей келіп, осы кезеңнен бастап тəуелсіздік алған 1991
жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес Одағының құрамында болды. Бұл кезең
тарихымыздағы ең ауыр кезең шығар… Ашаршылық, көтерілістер, Қазақстандағы
репрессия, саяси қуғын-сүргін, Үкімет пен зиялылардың қатарын жою, тіпті тілімзге де
көз салған Ресейдің орыстандыру саясаты.
Алаштың айбынын асырып, ата-баба армандаған күнге жетіп, жасампаздықтың даңғыл
жолына түскенімізге 32 жыл толып отыр. Бұл тарих ауқымымен алып қарағанда аз ғана
мерзім. Алайда алаштың мұраты жүзеге асқан осынау қасиетті күннен бергі кезеңде
мемлекеттілікті қалыптастырудың үлкен үлгісі артта қалып, жаңа Қазақстан тарихының
айқын беттері ашылды. Енді бізде мемлекеттік рəміздер, Қазақстан Республикасының
Конституциясы бар. Бұл керемет емес пе?
Бір тудың өзі не турады, қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті
мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның
шұғыласы, қыран жəне ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Оның терең мағынасы да
бар – аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты
қасиеттерді білдіреді. Геральдика қағидаттарына сəйкес, күн байлық пен молшылықты,
өмірді жəне күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы
дəулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Ал күн
астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тəуелсіздігін,
биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады.
Ал міне, менің туған жерім, ата-бабамның қан мен терімен келген тəуелсіздігім… Қайда
болмасам да, тек сенің аяғына əрқашан қадалып келемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет