Қаржы қызметінің мазмұны әртүрлі бағыттардағы функциялармен сипатталады:
- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, мемлекеттік қаржы ресурстарын бөлу, пайдалануды ұйымдастыру және оларға қаржылық бақылау жүргізу;
- елдегі ақша инфрақұрылымдарын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету;
- ақша және бағалы қағаздар эмиссиясы;
- мемлекеттің қаржылық, несиелік және салық органдарын қалыптастыру;
- мемлекеттің қаржылық қызметі саласында мемлекеттік органдардың қаржылық құзыреттілігін анықтау;
- қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық белгілеу;
- Мемлекеттік қаржыларды қалпына келтіру;
- Банк және қаржы жүйесінің қызметтерін қалпына келтіру;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердің қаржылық-экономикалық дербестігін және жауапкершілігін көтеру;
- Мемлекеттің алтын валюталық қорларын арттыру және капиталдың шетелге кетуін азайту;
- Инвестициялық бағдарламаларды, қаржы ағымын басқару саласында мемлекетік реттеуді күшейту;
- Шетел валютасына шаққанда теңгенің бағамын жоғарлату т.б.
Қаржы қызметті жүзеге асыру барысында мемлекет мынадай үш негізгі
міндеттерді шешеді:
- Елдегі ақша инфрақұрылымын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету;
2) Өз қызметтерінің жүзеге асуын және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін ақша құралдарын табу;
3) Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ақшаның көмегімен әсер ету.
Қаржылық қызметтің әдістері:
- Ақша қорларын қалыптастыру;
- Ақша қорларын бөлу;
- Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру.
Ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне жатады:
1. А.қ. иелерінен еріксіз және қайырымсыз түрде алу;
2. Еріксіз бірақ қайтарылатын түрде алу;
3. Ерікті бірақ қайтарымсыз түрде жұмылдыру;
Достарыңызбен бөлісу: |