Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



бет38/64
Дата07.11.2022
өлшемі2,02 Mb.
#156774
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
Этика и эстетика 12-том

Мені де, өлім, әлдиле
Қажыдым енді, күш бітті,
Көңілсіз, салқын, күн бұлтты,
Жел бұйығып тербелген,
Әлдекімнің өлгенін,
Оны қалай көмгенін
Әңгіме ғып күңіренген.
Жел, күңіренбе, жасың тый,
Өлім күйі — тәтті күй,
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле,
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Қара орманның шетінде,


Нағыз желдің өтінде
Өскен жалғыз жас қайың
Былқ-сылқ етіп билеген,
Сылдыр-сылдыр күйлеген,
Болсын онда не уайым?
Сол жас қайың құлапты,
Жанында жел жылапты,
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әддиле!..

Жел құмменен көміпті,


Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Бетінен алма қан тамған,


Тілінен тәтті бал тамған,
Бұйра толқын шашы бар,
Күлкісі — меруерт шашылған,
Өзі — гүл жаңа ашылған,
Дәл он бесте жасы бар
Сұлу көп жас төгіпті,
Тұншығып жасқа өліпті...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Талпынған жаңа нәресте,


Ақ қанатгы періште,
Былдырлаған бұлақтай,
Көрінген жанды күлдірген,
Жаңа піскен бүлдірген,
Балауса нәзік құрақтай —
Қайтыпты қозы көз тиіп,
Бетінен кейде жел сүйіп...
Балқиды жаным бүл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Алыста айдын шалқыған,


Көбігі меруерт балқыған.
Сол айдынның астында
Бар екен алпыс ақ отау,
Алтын уық, жібек бау.
Бәрі он алты жасында,
Отау сайын толқын шаш,
Толқын шаштар жалаңаш...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Жаңа біткен балдырған,


Сүйсе, мейір қандырған,
Айдынға барып түсіпті.
Отауларды аралап,
Жас жүрегін жаралап,
Сұлуларды құшыпты.
Құшыпты да өліпті,
Жел толқыннан біліпті...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Балдырғанмен бастасып,


Сұлумен қол ұстасып,
Жас ұланмен жолдас боп,
Жас қайыңды қолға алып,
Баланы сүйіп бір қанып,
Жолаушымен мұңдас боп,
Мен де тезірек өлейін,
Әлі жаспын демейін,
Балқиды жаным бүл күйге.
Мені де, өлім, әлдиде...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Бетімнен тәтті бір сүйіп,


Алдыңа алшы әлдилеп,
Келші, өлім, тезірек.
Жан ұшудан тоқтады,
Жынданып енді соқпады
Кешегі асау жас жүрек.
Бетімнен тәтті бір сүйіп,
Алдыңа алшы әлдилеп...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!


Сүй, жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына.

Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,


Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.
Бой шымырлап, талықсиды жүрегім.
Балқып денем, барам еріп деміңнен.

Кір қойныма, қыпша белің бұралып,


Тарқат шашың, жатсын жібек оралып.
Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс,
Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып.

Шашың — қара, денең — ақ бұлт, жүзің — Ай,


Тісің — меруерт, көзің, сәулем, құралай.
Ләззат, рақат, бақыт — бәрі қойныңда,
Сұрамаймын енді ұжмақ — жақсы жай!

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!


Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет