Әрекет – басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшеліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және басқа …) толықтырылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамында орын мен уақыт белгілері, мысалы, қоғамдық орындарды спирт ішімдіктерін ішу
Әкімшілік құық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол маскүнемдік немесе абайсыздық нысанында көрінісін табады. Осы көрсетілген нысандарда құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам, құқық бұзушылық құрамның басқа белгілері бар болса, оны жасаған үшін кінәлі болып табылады.
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады 678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiбасқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы 680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.