а) мемлекеттік органдар мен қызметшілерге басқарушылық шешімдерді қабылдауға рұқсат беретін заңнамалық және өзге актілердің нормалары (заңдар мен өзге нормативтік актілерді атқару бойынша шешімдер мен әрекеттер);
б) өздерінің заңды мүдделері мен құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуі (азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау);
в) төменгі органдармен орындалуы тиіс жоғарғы органдардың нұсқамалары (директивті басқарушылық ақпарат);
г) басқарушылық объектілердің жағдайын сипаттайтын бақылау процесінде анықталатын дәйектер, қатынастар (мемлекеттік басқару процестеріндегі кері байланыстар туралы басқарушылық ақпарат);
д) мемлекеттік органдардың жылдам әрі белсенді араласуын талап ететін мәселелік, жанжал жағдайлар (қоғамдық процестердің дағдарыстық жағдайлары туралы басқарушылық ақпарат).
Мемлекеттік басқару процестеріндегі ролі бойынша ақпараттың жіктемесі