Мемлекеттік билік – арнайы мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін қоғамды билеу тәсілі. Мемлекеттік билік


Жергілікті үкімет және атқарушы органдар



бет6/6
Дата10.10.2022
өлшемі33,88 Kb.
#152492
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мемлекеттік билік черновик

Жергілікті үкімет және атқарушы органдар. Оларға мәслихаттар және әкімдер жатады. Өзіндік басқарманың жергілікті үкімет органы (маслихат) – өзіндік басқарманың сайланған жергілікті органы. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.
Жергілікті атқарушы органдар (әкімшіліктер) – атқарушы органды басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе. Мемлекеттік басқару жүйесіне жергілікті атқарушы үкімет органдары – облыс әкімдері, аудан, қала, ауыл және қыстақ әкімдері кіреді. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің лауазымына премьер-министрдің ұсынысымен республика президенті тағайындайды және жұмыстан босатады. Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерді лауазымдарына өздерінен жоғары тұрған әкімдер тағайындайды және жұмыстан босатады. Әкімдер президенттің және үкіметтің өкілдері болып саналады. Әкімдерді лауазымына президент өз білгенінше жұмыстан босатқызуға құқылы.
Солайша мемлекеттік билік дегеніміз- арнайы мәжбүрлеу аппараты арқылы меңгеру тәсілі. Құқықтық мемлекетте ең басты қағида – биліктің үш тармаққа бөліну қағидасы. Ол дегеніміз – тек мемлекеттік биліктің еңбегінің бөлінуі ғана емес, сонымен қатар авторитарлық және тоталитарлық билікке айналып кетуден сақтайтын мемлекеттік биліктің ұстамдылығы. Бұл қағиданың болжамы бойынша биліктің үш тармағы күшімен бірдей болып, теңдікті ұстай тұра, біреуінің қалғанынан асып кетпеуін қадағалау. Ол құқықбұзушылықты анықтауда, алдын алуда көрінеді, сонымен қатар құқықбұзушыларға арнайы заңға сәйкес түрлі санкция, жазалау шараларын қолдану білінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет