Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметін көрсету шарты


ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/7
Дата01.11.2023
өлшемі37,47 Kb.
#189025
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Договор(ПР-3509 от 25082023 Версия 1)
1ЛД-2 журнал список, АйгерімР кейс маркетинг, АйгерімР кейс маркетинг, B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4), ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных...
ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ




    1. Университет міндеттенеді:




    1. Білім алушыны Университеттің интернатурасына қабылдау;




    1. осы Шартты жасасу кезінде Білім алушыны Университет Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиямен, Университеттің ішкі тәртіп қағидаларымен, сондай-ақ көрсетілген құжаттарды ақпараттық стенділерде, кітапханада, Университеттің ресми интернет-сайтында орналастыру арқылы интернатурада оқытуды ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;




    1. Білім алушыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз етуге




    1. Білім алушы мен Университет арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау;




    1. Білім алушыға оқуды барынша дараландыру үшін жағдай жасау;




    1. Білім алушының оқу жүктемесінің, емдеу-профилактикалық жұмысының көлемін және сабақ режимін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен айқындауға, Білім алушыны оқытудың салауатты, қауіпсіз жағдайларын жасауға;




    1. Білім алушыға Университет кітапханаларының ақпараттық ресурстарына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге және оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;




    1. Білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде, Университет басшысы бекіткен жекелеген Ережелерде көзделген тәртіппен және шарттарда тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беруге;




    1. Білім алушының жазбаша өтініші негізінде оны Университет интернатурасының Білім алушылары қатарына қалпына келтіруге, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен басқа білім беру ұйымына ауыстыруға;




    1. Білім алушыны Білім алушының келісімі бойынша және оқу процесіне нұқсан келтірместен қоғамдық және өзге де тапсырмаларды орындауға тартуға;




    1. Білім алушыға Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ Халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық өмірге ерікті негізде қатысуға мүмкіндік беру;




    1. Университет таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда Білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында интернатурада оқуын аяқтау жөнінде шаралар қабылдау.




    1. жас мамандарды және философия докторларын (PhD) дербес бөлу жөніндегі комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қағидаларда бекітілген нысан бойынша білім алушыға жұмысқа жолдама дайындауға және беруге;




    1. білім алушының Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ Халықаралық, ғылыми, мәдени және спорттық өмірге қатысуы үшін жағдайлар жасау;




    1. Университет базасында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жағдай жасау;




    1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі» Заңын орындауға;




    1. Білім алушыға Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын нақты немесе болжамды бұзушылықтардың болуы туралы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қатысудан бас тартқаны үшін адал ниетпен немесе шынайы сенімділікпен жасалған хабарламалар үшін қуғын-сүргінге, кемсітушілікке немесе тәртіптік ықпал ету шараларына ұшырамайтынына кепілдік беруге.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет