«Мемлекеттік бюджет» Тексерген: Сагимбеков Н.Ә Орындаған: Дәуітбекова Ш. Е



бет1/6
Дата21.05.2020
өлшемі25,71 Kb.
#70237
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мемлекеттік бюджет
1 нұсқа, КТЖ Көркем еңбек 3 сынып, Қаржы жүйесінің мәні, Мемлекеттік бюджет

« Мемлекеттік бюджет»

Тексерген: Сагимбеков Н.Ә

Орындаған: Дәуітбекова Ш.Е

Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі — қоғамның қаржы жүйесі.

Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету. және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.

Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.

Бюжетті дұрыс пайдалану — қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми — техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қаты-настарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай. бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет