Заңды тұлғаның таратылу тәртібі. Азаматтық кодекстің 50-бабында көрсетілген. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін. Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
- банкрот болғанда;
-заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетіге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылғанда;- заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылғанда;
- тиісті рұқсат (лицензия) алынбаған қызметті, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайдарда, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмағанда таратылу мүмкін. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлға туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті, және тарату комиссиясын құрады және тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.