«мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша



бет1/2
Дата17.11.2016
өлшемі430,72 Kb.
#1936
  1   2
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЭТИКАСЫ» пәні бойынша

СӨЖ (СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ

БАКАЛАВРИАТ

Мамандық 5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы

ҚАРАҒАНДЫ – 2010

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды құрады: «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәнінің типтік бағдарламасы және 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының оқу бағдарламасы негізінде ҚҚЭУ-МИ-85-05.00-2005 пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптарға сай э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А.


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.


10 маусым 2010 ж. Хаттама №10

Экономикалық теория және ХЭ

Кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева М.Қ.

Оқытушы туралы мәліметтер:

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының оқытушысы э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А. 125 б.қ. көлемінде басылымдарға ие. «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» курстары бойынша дәріс сабақтарын жүргізеді.

Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы аудитория №266

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9

Тел: 44 16 24 (143)

Консультациялық сағаттар (office hour): СӨЖО графигі бойынша

Уақыты: сабақтар келісімді бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СӨЖО –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Экономикалық теория» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:


  • оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

  • негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;

  • нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

  • эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

  • есептер шығару;

  • статистикалық мәліметтерді талдау;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • топтық жобаларға қатысу;

  • таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

  • тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.



Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

  • дәріс конспектісінің болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

  • дәріс материалын жете түсіну;

  • конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

  • әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

  • тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

  • түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

  • формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

  • студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

  • топ студенттерінің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

  • берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

  • әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:

  • белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

  • тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

  • қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

  • алынған шешімдерді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

  • тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

  • тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.


«Мемлекеттік қызмет этикасы» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары




Тақырыптар атауы
СӨЖО өткізу формалары

1. Мемлекеттік қызмет түсінігі, мәні мен мемлекеттік басқарудың қағидалары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

3. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің түсінігі мен қағидалары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

4. Этиканың мәні мен пайда болуы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

5. Адамгершіліктік мінез-құлықтың қалыптасуы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

6. Кәсіби этика

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің іскерлік келіссөз жүргізуінің этикалық нормаларының жетілдірілуі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

8. Іскерлік келіссөздің әдістері мен құралдары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

9. Іскерлік келіссөздер

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

10. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қазіргі таңдағы қазақстандық этикасы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

11. Мемлекеттік қызметті жетілдірудегі шет елдердің тәжірибесі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*


Тақырып 1. Мемлекеттік қызмет түсінігі, мәні мен мемлекеттік басқарудың қағидалары

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланалытн болады

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Әлеуметтік басқару деген не?

  2. Әлеуметтік басқарудың түрлерін атаңдар.

  3. Мемлекеттік басқарудың негізгі сипаттарын атаңдар.

  4. Мемлекеттік басқару түрлерін атаңдар.

  5. Мемлекеттік басқару қызметтерін ашыңдар.

Тестілік сұрақтар



  1. Мемлекеттік органдар іс-әрекетінің тиімділігенен не тәуелді болады?

а) мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешуі

б) әскери-саяси конфликтілерді шешу

в) қаржылық мәселеледі шешу

г) жауаптардың барлығы дұрыс


2. Кез-келген мемлекеттік органның іс-әрекеті неден тікелей тәуелді болады?

а) аталмыш органдар құрамына кіретін кадрларды таңдау, тағайындаудан

б) кадрларды кәсіби дайындауда, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінен

в) А және Б жауаптары дұрыс

г) дұрыс жауабы жоқ
3. Осы күндері қандай ереже дұрыс болды және дұрыс болып қала береді:

а) «Барлығы мемлекеттік органдардың қолында»

б) «Барлығын кадрлардың қолында»

в) «Кадрлар барлығын шешеді»

г) «Кадрлар ештеңе шешпейді»
4. ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке орналасуына қатысты тең құқылығы ең алғаш рет қайда айтылған?

а) 1993 жылдың 28 қаңтар айындағы Заңда.

б) 1993 жылдың 28 қаңтар айындағы Конституцияда.

в) 1993 жылдың 28 қаңтар айындағы ҚР Президентінің Жарлығында.

г) ешқайда айтылмаған
5. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қашан өз күшіне енді?

а) 1 қаңтар 1995 ж.

б) 25 маусым 1996 ж.

в) 1 қаңтар 1993 ж.

г) 1 қаңтар 1996 ж.
6. Мемлекеттік қызметтің маңызды ролі неден байқалады?

а) мемлекеттің қалыптасу және даму ісінде

б) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында

в) А және Б жауаптары дұрыс

г) дұрыс жауабы жоқ
7. ҚР Президентінің айтуы бойынша мемлекеттік шенеунік қандай болуы керек?

а) бұл ұлттың құлы, патриоттық және әділ, өз ісіне берілген маман

б) бұл патриоттық және әділ, өз ісіне берілген маман

в) мұндайды Президент айтпаған


8. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа нұсқасы қай жылы өңделген?

а) 2000 ж.

б) 1999 ж.

в) 2001 ж.

г) мұндай нұсқа жоқ

9. Соттарға қандай тәртіптік алымдар қолданылады

а) ескерту

б) үкім


в) қатаң үкім

г) аталғандардың барлығы


10. Дипломатиялық қызмет өкілдеріне төмендегі тәртіптік алымдардың қайсысы қолданылмайды?

а) үкім


б) жұмыстын шығару

в) дипломатиялық рангтан айыру

г) ескерту
11. Қандай нормативтік-құқықтық актіде тәртіптік алымдар көрсетілген

а) «Еңбек туралы» Заңда

б) «Соттар мен соттардың мәртібесі туралы» Жарлықта

в) «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда

г) ондай қарастырылмайды
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты талдау барысында мемлекеттік басқарудың негізгі сипаттарына, оның түрлеріне, атқарушы билік субъектілеріне назар аударып, мемлекеттік басқару қызметтері мен басқарудың ұйымдастыру қағидаларын ашыңдар.
Тақырып 2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы
СӨЖО тапсырмалары


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  5. Реферат немесе баяндама жазу

  6. Тақырып сұрақтары презентация түрінде немесе дәстүрлі формада талқыланатын болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. «Мемлекеттік қызмет мәселелерінің ғылыми зерттеулерінің әдістемесі» түсінігін Сіз қалай түсінесіз?

  2. Мемлекеттік басқару негіздерін ашыңдар.

  3. Мемлекеттік басқару органдары жүйесінің ерекшеліктерін талдаңдар.

  4. Мемлекеттік басқару жүйесінде азамат қандай орынға ие?

Тестілік сұрақтар

1. Ваканттық лауазымдарға кандидаттарды таңдаудағы негізгі заңдар

а) ҚР Конституциясы;

б) «Парқорлықпен күрес туралы» Заң;

в) «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң;

г) жауаптардың барлығы дұрыс.
2. Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі туарлы Заң:

а) «Еңбек туралы» Заң;

б) «Әкімшілік процедуралар туралы» Заң;

в) «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң;

г) «Бюджет жүйесі туралы» Заң.
3 Жаңа жүйенің ерекшеліктері

а) Саяси мемлекеттік қызметкерлер тәуекелін ескеру;

б) Сыйақылау жүйесіндегі шектеулерді алып тастау;

в) лауазымдық жалақы ролін арттыру;

г) жауаптардың барлығы дұрыс.
4 Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ең алғашқы мәселе:

а) кандидаттарды тестілеу;

б) байқаулық іріктеу;

в) вербалды емес-тәжірибелк тестіні тапсыру;

г) алғашқы білімдер.
5 Мемлекеттік қызмет кәсібилігін көтеретін факторлар

а) «Әкімшілік процедуралар туралы» Заң;

б) менеджменттің жаңа әдістерін енгізу;

в) кадрлар мониторингін жүргізу;

г) жауаптардың барлығы дұрыс.
6 Қазақстандық модель мынаны қамтиды:

а) карьералық жүйе элементтерін;

б) карьералық жүйе және позициялық жүйе элементтерін;

в) позициялық жүйе элементтерін;

г) дұрыс жауабы жоқ.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Тақырыпты талдау барысында мемлекеттік қызметтің ғылыми зерттеулерінің әдістемесіне, мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері назар аударыңдар.
Тақырып 3. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің түсінігі, қағидалары

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. «Персоналды басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі» тақырыбына реферат дайындау.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Мемлекеттік қызмет лауазымдарының тағайындау тәсілін және тәртібін анықтаңдар.

  2. Мемлекеттік қызметті өту тәртібін көрсетіңдер.

  3. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі үшін сыйақылау формаларын атаңдар.

  4. Мемлекеттік қызметті тоқтату процедурасын ашыңдар.

Тестілік сұрақтар

1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қзымет туралы» Заңы қашан күшіне енді?

А) 1 қаңтар 2000 ж;

Б) 1 қаңтар 2001 ж;

В) 1 наурыз 2000 ж;

Г) 1 ақпан 2000 ж
2. Біздің Республикада мемлекеттік қызметті реформалаудың қандай негізгі бағыттары анықталған?

А) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауы;

Б) Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы;

В «ҚР-ғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы;

Г) Н.Ә.Назарбаев «XXI ғасыр тоғысында»;
3. Мемлекеттік қызметтің карьералық моделінің (Германия, Жапония, Австрия) сипатты белгілері:

А) кадрларды мақсатты түрде оқыту;

Б) қызмет ішіндегі кәсіпқойлық, кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі;

В) өмірлік тағайындау, консерватизм және бюрократиялық иерархия;

Г) жауаптардың барлығы дұрыс;
4. Мемлекеттік қызметті реформалаудың мақсаты:

А) қоғам мен оның әрбір азаматының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті кәсіби аппаратты құру;

Б) мемлекеттік қызметке орналасуға қатысты азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру механизмін құру;

В) мерикторатия қағидаларына негізделген мемлекеттік қызмет моделін құру;

Г) жауаптардың барлығы дұрыс;
5. Мерикторатия деген нені білдіреді?

А) қызметтік этика ережелері;

Б) жеке еңбектер;

В) профессионализм;

Г) жоғары мәртебе;
6. Мемлекеттік қызметтің позициялық моделіне (АҚШ, Ұлыбритания, Канада) тән емес:

А) байқау бойынша іріктеу, айтарлықтай мобильділік;

Б) қабылдаудың келісім-шарттық формасы, карьерадағы тұрақсыздық;

В) қызмет көрсетудің жоғары сервисі;

Г) консерватизм және бюрократиялық иерархия;
7. Мемлекеттік қызмет лауазымдарын құқықтық бөлу мыналарға жіктеледі:

А) әкімшілік және экономикалық;

Б) экономикалық және саяси;

В) саяси және әкімшілік;

Г) аймақтық әкімшілік;
8. Әкімшіліктік мемлекеттік қызмет лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

А) стаж және жұмыс тәжірибесі;

Б) Профессионализм, ептілік пен дағды;

В) кәсіби біліктілікь (функцияоналды міндеттерді орындауға қажетті білім);

Г) жауаптардың барлығы дұрыс;
9. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдар категориясына сәйкес С категориясына кімдер кіреді?

А) ҚР Президентінің әкімшілігі;

Б) ҚР Президентініе тікелей бағынышты мемлекеттік органдар;

В) ҚР Парламенті палатарының аппараты;

Г) облыстар, аудандар, ауыл Әкімдерінің аппараты;
10. Тізімге сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер категориялар топтарына бөлінген. Неше категория бөлінген?

А) 2;


Б) 3;

В) 4;


Г) 5;
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты талқылау барысында мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарына тағайындау тәртібіне, құқықтық дайындыққа және қызметкерлерді аттестациялауға, қызметкерлерді заңсыз жұмыстан шығарудан қорғауға назар аударыңдар.
Тақырып 4. Этиканың мәні мен пайда болуы

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Этика қалай қалыптасқан?

  2. Этика мен моральдың өзара байланысы қандай?

  3. Моральдың құрылымы мен қызметтерін атаңдар

  4. Іскерлік қатынастардың қағидалары мен заңдылықтарын ашыңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Тақырыпты талдау барысында этика тарихына, моральдың құрылымы мен қызметтеріне, іскерлік этиканың мәніне назар аударыңдар.
Тақырып 5. Адамгершіліктік іс-әрекеттің қалыптасуы

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  4. Семинарлық сабақ сұрақтары презентация түрінде тақыланатын болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Дүниетаным, адамгершіліктік құндылықтар дегенді Сіз қалай түсінесіз?

  2. Адамгершіліктік іс-әрекет деңгейін ашыңдар.

  3. Тұлғааралық қатынастардың тәртіпке ықпалын талдаңдар.

  4. Этикалық тәртіпке ықпал ететін экономикалық факторларды атаңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпқа дайындалу барысында дүниетанымды талдауға, оның адамгершіліктік іс-әрекетке ықпалын, этикалық тәртіпке ықпал ететін ұйымдық және экономикалық факторларға назар аударыңдар.
Тақырып 6. Кәсіби этика

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Экономика салаларындағы іскерлік қатынас этикасына талдау жасаңдар

  2. Мемлекеттік қызмет этикасы деген не?

  3. Адамдар тәртібінің қағидаларын ашыңдар.

  4. Мемлекеттік қызмет этикасындағы жағымсыз құбылыстардың түрлерін атаңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпқа дайындалу барысында келесі жағдайларға назар аударыңдар: іскерлік қатынас, мемлекеттік қызмет этикасы.
Тақырып 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің іскерлік келіссөз жүргізуінің этикалық нормаларының жетілдірілуі

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  5. «Кадрлық жұмыста жаңашылдықтарды басқарудың қағидалары мен әдістері» тақырыбына реферат дайындау.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Мемлекеттік басқару заңдылығының қамтамасыз етілу тәсілдерін атаңдар.

  2. Басқарудағы соттық және арбитраждық бақылау деген не?

  3. Мемлекеттік қызметкердің бос уақытын өткізу этикасы деген не?

  4. Іскерлік этика мәдениеті деген не?


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Тақырыпқа дайындалу барысында табыстылықты қамтамасыз ету тәсілдерін, басқарудағы әкімшілік шолу мәнін қарастыру керек.
Тақырып 8. Іскерлік келіссөздің әдістері мен құралдары

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  5. 1,2,4 семинарларды презентация түрінде өткізу.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Сөйлеу этикетінің мәнін ашыңдар.

  2. Іскерлік пікір-талас мәдениеті деген не?

  3. Іскерлік жиналысқа дайындық қалай өткізіледі?

  4. Жиналыс шешімінің атқарылуына бақылау қалай жүзеге асырылады?


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты талқылау барысында риторика процесін, іскерлік әңгіме өткізу және дайындау процесін, іскерлік пікір-талас мәдениетін талдау керек.
Тақырып 9. Іскерлік келіссөздер

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  5. Семинарлық сабақ сұрақтары презентация түрінде талқыланатын болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Келіссөз процесі деген не?

  2. Келіссөз процесінің негізгі сипаттамаларын ашыңдар.

  3. Келіссөз түрлері мен қызметтері қандай.

  4. Келіссөз процесіндегі шешім қабылдау психологиясын ашыңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпқа дайындалуу барысында келіссөз роліне ерекше назар аударып, келіссөз процесі түсінігін, келіссөз процесіндегі шешім қабылдау психологиясы түсініктерін ашыңдар.
Тақырып 10. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қазіргі таңдағы қазақстандық этикасы

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Мемлекеттік қызмет этикасына жалпы сипаттама беріңдер

  2. Мемлекеттік қызметкерлердің іскерлік әріптестермен қатынастарының мәнін ашыңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпқа дайындалу барысында мемлекеттік қызмет этикасына жалпы сипаттама беріп, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық нормаларға қатынастарын анықтау керек.
Тақырып 11. Мемлекеттік қызметті жетілдірудегі шет елдердің тәжірибесі

СӨЖО тапсырмалары



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  4. Семинарлық сабақ сұрақтары презентация түрінде талқыланатын болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. АҚШ-ғы мемлекеттік қызмет қалыптасуының негізгі ғылыми теорияларын ашыңдар.

  2. Американдық мемлекеттік қызмет жүйесіне талдау жасаңдар.

  3. Қазақстандағы саяси мемлекеттік қызмет жүйесін ашыңдар.

  4. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдарын көрсетіңдер.

Тестілік сұрақтар



  1. Тауншиптер – бұл:

а) шағын қалалар;

б) қала ауданы;

в) ауданның әкімшілік орталығы;

г) штат.



  1. Мемлекеттік қызметті құрудың негізгі ғылыми теориялары қайда туындады:

а) Корея;

б) АҚШ;


в) Қазақстанда;

г) Ресейде.




  1. Штаттар деңгейіндегі мемлекеттік қызмет жүйесі көбіне ұқсас келеді:

а) президенттік;

б) федералды;

в) республикалық;

г) ұлттық.




  1. АҚШ-ғы губернаторлыққа сайлаумен қатар қай жердегі жетекшілерді сайлау өтеді:

а) штаттардың атқарушы органдарында;

б) штаттардың өкілетті органдарында.




  1. Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметкерлер институты қай жылы енгізілді:

а) 1996 ж;

б) 1997 ж;

в) 1998 ж;

г) 1999 ж.




  1. Қазақстандағы АҚШ Президентінің Ақарушы органыны ұқсастығына не жатады:

а) Әкім аппараты;

б) Президент әкімшілігі;

в) Өкілдік;

г) Президенттің қабылдау бөлмесі.




  1. Министрлер кабинетінің құрамына неше министрліктер кіреді?

а) 10;

б) 11;


в) 12;

г) 13.



  1. АҚШ-та графтықтар төмендегілерді басқару үшін құрылған:

а) графтықты;

б) ауылдық жерлерді;

в) қалаларды;

г) жергілікті атқарушы билік органдарын.




  1. Таундар – бұл:

а) аудандардың әкімшілік орталықтары;

б) қалалардың әкімшілік орталықтары;

в) жауаптардың барылығы дұрыс;

г) дұрыс жауабы жоқ.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты талдауды АҚШ-ғы мемлекеттік қызметті қарастырудан, Қазақстандағы саяси мемлекеттік жүйені ашудан бастау керек.
ГЛОССАРИЙ
АБСОЛЮТИЗМ (этикалық) (лат. absolutus — сөзсіз) — адамгершілік табиғатын талқылаудың әдістемелік қағидасы, оған сәйес адамгершілік түсініктері адамдардың өмір жағдайымен, олардың қажеттіліктерімен, адамзат дамуының тарихи заңдылықтарымен байланысты болмайтын өзгеріссіз бастамалар ретінде талқыланады. Канонизация мен догматизацияға қарсы тұратын релятивизмге қарағанда, абсолютизм екі жақты мағынаға ие болады. Бір жағынан, оны ұстанушылар көбінесе салыстырмалық пен үстемдік етуші моральдың шарттылығына, оның қағидасыздығына, билік етуші топтардың саяси мүдделеріне бағынуына қарсы тұрады. Сондықтан абсолютистер кейде моральдық догматизм мен ригоризмге жүгінетін.

АВТОНОМДЫ ЖӘНЕ ГЕТЕРОНОМДЫ ЭТИКА (грек. autos өзі және nomos — заң) — моральды өзіндік заңға байланысты негіздеп, бастамаға қатысты сыртқыдан туындайтын адамгершілікті түсіндіретін гетерономды этикеаға (грек. heteros — өзге) қарсы тұратын этикалық теорияның типі. Гетерономды этикаға мысал ретінде гедонизм, эвдемонизм, ути­литаризмді жатқызуға болады. Оларға сәйкес адамгершілік туынды сипатқа ие және ләззат алу, бақыт, пайда сияқты түсініктерге сәйкес шығады.

АВТОРИТАРИЗМ (лат. autoritas — билік, бұйрық беру) — адамгершіліктік талаптарды негіздеу тәсілінен байқалатын моральдағы догматизм формаларының бірі. Адамгершілікті авторитарлы түсінумынадан тұрады: оны түсінудің ең жоғарғы және де жалғыз талаптарының бірі – талап ететін беделді тұлғаның бұйрығы болып табылады. Ол көбінесе адамгершілікті діни оқытуға тән.

АВТОРИТЕТ (бедел) — лидердің жүктелген міндеттерді орындауға өзгелерді итермелеу ықпалы.

ӘКІМШІЛІК ЭТИКА — барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару мәселелерімен, сондай-ақ бюрократиялық ұйымдастыру мәселелерімен байланысты кәсіби этиканың бір түрі.

АРИСТОТЕЛЬ (б.э.д.384—322) — көне грек философы және ғалым-энциклопедист. Оның пікірі бойынша, этика әлеуметтік ерекшеліктермен байланысты болатын «дұрыс нормамен» әрекет етеді деген.

АСКЕТИЗМ (грек. asketesжаттығатын, қозғалушы) — адамдарды әлемнен бас тартуға, өмірлік игіліктер мен ләззаттан, қандай да әлеуметтік мақсатқа қол жеткізу үшін ұмтылыстан бас тартуға итермелейтін моральдық қағида. Негізінен аскетикалық, яғни физикалық және психогиги­еналық ережелер бұл адамды ұятты әлсіздіктен ұстап қалуға, дұрыс сананы иеленуге бағытталған ережелер.

ПЕРСОНАЛДЫҢ ЖАУАПСЫЗ ӘРЕКЕТІ — компания мәртебесіне кері ықпалын тигізетін жекелеген қызметкерлердің тәртібі. В. Лоукс, Baxter Travenol Laboratories компаниясының бас директоры компанияны персоналдың жауапсыз әрекетінен қорғайтын төрт ережені ұсынды: 1) өте жақсы өмірбаян мен әлеуметтік тәртібі бар инабатты адамдарды жалдау; 2) жауакершілікті іс-әрекеттің барлық нормаларын толыққанды түсіндіру; 3) менеджерлер өз ұйымының күнделікті іс-әрекетінен алшақ болмаулары керек; 4) менеджерлер ұйым мақсатын жүзеге асыратын рольдік модельдер қызметтерін атқарулары керек.

БЕНТАМ Иеремия (1748—1832) — ағылшын заңтанушысы, мора­лист, утилитаризмнің теориялық негізін қалаушысы.

ӘҢГІМЕ – сөйлесу, пікір алмасу; әйгілі баяндаманың бірі.

ИГІЛІК — белгілі оңды мағынаны қамтиды. Неғұрлым тар, этикалық мағынада игілік түсініг жақсылық сөзінің синонимы болып келеді.

"БЛАТ" —тиімді байланыстар этикасы.

ВЕБЕР Макс (1864—1920) — неміс социологы, философ және тарихшы. Өз зерттеулерінде В. Қазіргі таңдағы еуропалық мәдениеттің анықтаушы сипаты ретіндегі рационалдылық туралы ой туындатқан. Әсіресе оның адамның рационалды табиғаты туралы идеялары қызығушылық тудырған.

БИЛІК — жалпы мағынада өз еркін жүзеге асыру қабілеті мен мүмкіндігі, қандай да бір іс-әрекетке, бедел, күштеу, құқық сияқты құралдардың көмегімен адамдарға ықпал ету мүмкіндігі мен қабілеті. Саймонның пікірі бойынша: 1) жоғарыда тұрғандар алдында атқарушылардың жауапкершілік шеңберін анықтайды. Ол қосымша сакнциялардың болуын да жоққа шығармайды; 2) басқарушылық иерархияға қажетті беделді сарапшыларды енгізу арқылы барлық қабылданатын шешімдердің кәсіби экспертизасын қамтамасыз етеді; 3) ұйымның барлық мүшелерінің күш салу координациясын қамтамасыз етеді. Фрэнч және Рэйвеннің жіктемесі бойынша биліктің негізгі бес формасы болады: 1)мәжбүрлеуге негізделген билік. Менеджер жаза көлемі немесе формасын бақылайтын болса, өзге адамдарға ықпал ете алады; 2) сыйақылауға негізделген билік. Егер адам менеджердің сыйақылауы мүмкін деген ойға сенімді болса, онда менеджер осы адамды билей алады; 3) экс­перттік билік менеджер арнайы және пайдалы білімнің тасушысы ретінде қабылданғанда жүзеге асырылады; 4) эталондық билік. Менеджерге еліктеу дегенді білдіреді; 5) заңды билік адамның қандай да бір ұйымды басқару құқығына негізделеді.

ВОЛЮНТАРИЗМ (лат. voluntas — еркіндік) — адамгершілік іс-әрекетті түсінудің субъективті қағидасы; жеке позицияның, адамдар көзқарасының сипаттамасы. Ол шекті индивидуализм мен нигилизмнің көзқарасын сипаттап, соңғы есепте аморализ­мге әкеледі. Осы қағиданы ұстана отырып, адам қандай да бір қоғамдық нормалар мен ережелерді ұстанбай-ақ өзінің моральдық таңдауын жүзеге асыруы керек. В. — релятивизмнің шекті этикалық бейнесі.

ТАҢДАУ (моральдық) — адам дербес түрде шешім қабылдағанда белгілі іс-әрекет линиясын саналы түрде таңдайтын моральдық іс-әрекет актісі.

ГЕДОНИЗМ (грек. hedone — ләззат алу) — этикалық ой тәжірибесінде кеңінен қолданылған моральды талқылау және оның табиғаты мен мақсаттарын талқылаудың тәсілі. Моральдық талаптардың барлық мазмұнын Г. ләззат алу және қайғыдан қөашып құтылу сияқты жалпы мақсатқа жетуге үйлестіреді. Аталмыш мақсат адамның негізгі қозғалтқышы ретінде қарастырылады. Жер бетіндегі қуанышқа ұмтылатын адамгершілік қағидасы ретіндегі Г. (эвдемонизм сияқты) аскетизмге қайшы келеді.

МЕМЛЕКЕТТІК ЭТИКА – мемлекеттік заңдар негізінде ұйым ішіндегі мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекет және қатынас стилін сипаттайтын этикалық нормалардың жиынтығы.

ГУМАНИЗМ (лат. humanus — адамдық, адамзаттық) — адамның тұлға ретіндегі, оның еркіндікке құқығын, бақытын, дамуы мен өз қабілеттіктерін көрсететін адамның құндылығын мойындайтын тарихи өзгермелі дүниетаным жүйесі.

ІСКЕРЛІК ӘҢГІМЕ - өндірістік іс-әрекет мәселелерін шешуге бағытталған вербалды және вербалды емес байланысты пайдаланатын қатынас процесі.

ІСКЕРЛІК РИТОРИКА – іскер адамдарды мәдени сөйлеу сөздерімен қамтамасыз етуге бағытталған риториканың қолданбалы бөлігі.

ІСКЕРЛІК ЭТИКА – кәсіпкердің адамгершіліктік нормалары мен іс-әрекет ережелерінің жиынтығы, сондай-ақ қоғамның кәсіпкердің жұмыс стиліне, жұмысына, моральдық бейнесіне қоятын талаптары.

ІСКЕРЛІК КОНФЛИКТ – іскерлік қатынастар процесінде өндірісте туындайтын проблемалық жағдай.

ДЕОНТИКАЛЫҚ ЭТИКА (қарыз этикасы) — ішкі себептерден туындайтын этиканың бағыты. Д.э. тұрғысынан әрекет тұлға өзге тұлғалар аталмыш жағдайда дәл осындай әрекет жасаса деген ниетпен әрекет жасауын білдіреді. Д.э. неміс философы И. Канттың еңбектерінде толық талқыланған.

ПІКІР-ТАЛАС – қандай да бір даулы мәселені талқылау, мәселені зерттеу.

ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ — моральдық сананың нормативті-бағалау категориялары, шекті жалпыланған формада олар бір жағынан, адамгершіліктік-оңды игілікті білдірсе, ал екінші жағынан — адамдардың адамгершіліктік-теріс қылықтарын білдіреді.

ЖАҚСЫЛЫҚ ОЙЛАУШЫ — тұлғаның моральдық тұрақты қасиеттерінің (тұлғалар тобы, класс, қоғам) жалпыланған оңды сипаттамасы болып табылатын және олардың моральдық құндылығын көрсететін адамгершіліктік сана түсінігі.

ДОГМАТИЗМ — ойлаудың антитарихи, сызбалық стилі, онда теориялық және тәжірибелік мәселелер мен ережелерді талдау және бағалау нақы шынайылықты ескерусіз жүзеге асырылады.

ҚАРЫЗ — белгілі тұлға алдында бейнеленетін этиканың негізгі категориясы, қоғамдық қажеттілік. Қарыз категориясы жауапкершілік, сана-сезім, ар-ұят, себеп сияқты тұлғаның моральдық іс-әрекетін сипаттайтын өзге де түсініктермен тығыз байланысты.

АДАМГЕРШІЛІК — адамгершілікті тұлға ретіндегі кез-келген адамның құндылық көрінісін сипаттайтын моральдық сана түсінігі, сондай-ақ адамның қоғам тұрғысынан өзіне өзі деген ерекше моральдық қатынасын білдіретін категория. Адамгершілік ар-ұят және ниетпен біріге отырып адамның өзінің алдында тұлға ретіндегі жауапкершілігін түсіну тәсілінің бірі болып табылады.

ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ- тлғаралық қатынаста туындайтын және оның мінез құлқына із қалдыратын құбылыстардың объективті әрекет етуші байланыстары.

САЙЛАУ ЭТИКАCЫ — Тек өз адамдарымен этикалық нормалар мен ережелерді ұстану. Ал «бөтендерге» қатысты этикалық нормаларды бұзуға болады.

ИНВАЙРОМЕНТАЛИЗМ — қоршаған ортаны қорғауға баығытталған мүдделі азаматтар мемлекеттік органдардың ұйымдасқан қозғалысы.

БАСҚАРУ АҚПАРАТЫ – хабар алушыдан білімнің болмауын жоятын мәліметтердің жиынтығы. Ақпаратты 8 негізгі белгілер бойынша жіктейді: танысу, қалыптастыру, қайнар көз, ресурс, құндылық, құжаттар түрі, компьютерлік өңдеу, ақпараттандыру қарқыны.

КАНТ Иммануил (1724—1804) — неміс философы және ғалымы, неміс классикалық философиясының бастаушысы. Канттың этикалық ілімінің негізінде Руссоның ықпалымен қалыптасқан кез-келген тұлға - өзіндік мақсат және ол ешқашан қандай да бір мәселелерді жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылмауы керек деген ой жатыр. Онда категориялық императив туралы да айтылған. Кант адамгершілік қарыз санасын адамгершілік заңын орындауға сезімдік эмпирикалық ұмтылыстан бөліп қарастыруға ұмтылған. Сезімдік ұмтылыс пен адамгершілік заң арасында қайшылық туындағанда Кант адамгершілік борышқа бағынуды талап еткен.

ЭТИКА КАРТАСЫ — компанияның әрбір қызмткері үшін корпорацияның этикалық кодексін нақтылайтын этикалық ережелер мен ұсыныстар жиыны. Ол этикалық мәселелер бойынша компанияның кеңес берушісінің аты-жөні мен телефонын қамтиды. Аталмыш әдіс жапондық компанияларда белсенді түрде қолданылады.

КАТЕГОРИЯЛЫҚ ИМПЕРАТИВ (лат. imperativus — үстемдіктік) — Канттың «Тәжірибелік сана сыны» атты (1788) еңбегінде енгізілген және оның этикасының негізгі заңын білдіретін термин. Кант үш негізгі пайымдауды көрсетеді. Біріншісі сенің қылығың басқалары үшін адамгершіліктік қылық ретінде танылатындай әрекет ет дегенге негізделеді. Екіншісі өзгелер тарапынан көргің келмейтінді өзің де жасама дегенге бағытталады. Үшіншісі өзгелерді өзіңнің мақсатыңа жету құралы ретінде қолдануға және қарастыруға тыйым салады. Адам негізінен әлеуметтік іс-әрекет құралы ретінде қарастырыла алмайды. Кантқа сәйкес, К.и. руы мен жағдайына тәуелсіз түрде барлық адамдар ұстануға тиісті жалпылама міндетті қағида болып табылады.

КВОТАЛАР — әлеуметтік аз қамтылғандар өкілдерін жұмысқа алудың сандық нормаларын қарастыратын әлеуметтік топтарды қолдау формасы.

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС (лат. codex — кітап) — атқаруға міндетті адамгершіліктік нормалар жиыны. Қазіргі таңда іскерлік іс-әрекет қағидалары мен ережелері этикалық кодексте талқыланады. Әдебиетте әдетте корпоративті, кәсіби, ұлттық және әлемдік кодекстерді бөіп қарастырады. Корпоративті э.к. негізінен аталмыш корпорация қағидаларын, әрекет ережелерін, өз жұмыскерлеріне қатысты әкімшіліктің жауапкершілігін, қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттерді сипаттайтын ережелерді қамтиды. Корпоративті э.к. бірнеше түрлерің болады: а) кодекстің бұзылуы жағдайында санкциялардың қолданылуын қарастыратын реттеуші құжат; б) құндылықтар, философия, корпорация мақсаттары туралы абстрактілі ережелерді қамтитын қысқаша кодекс; в) салымшылар мен қызметкерлер алдындағы фирманың әлеуметтік міндеттерінің толық кодексі.

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЭТИКА – айырбас саласындағы тараптардың қатынастарын реттейтін адамгершілік-іскерлік ережелердің жиынтығы.

ЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ — ұйымның этикалық саясатын өңдейтін және аталмыш ұйымның нақты этикалық мәселелерін шешетін этика бойынша жоғарғы деңгей жетекшілерінен, мамандардан тұратын уақытша немесе тұрақты бөлімше.

КОММУНИКАЦИЯ – бұл ауызша немес жазбаша хат, дене қозғалысының тілі мен сөз параметрлерінің көмегімен адамнан адамға ақпарат берудің тәсілі. Вербалды емес коммуникациялар – дене қозғалысы, көз қарасы бойынша барлық адамдармен түсіндірілетін қатыснас тілі.

КОНСАЛТИНГ (этикалық) — сыртқы тәуелсіз сарапшылардың ұйымның этикалық мәселелерін шешуге бағытталған кеңес берудің түрлері.

КОНСЬЮМЕРИЗМ — өнімдерді сатушылар мен сатып алушылардың ықпалының артуын және құқықтарының қорғалуына бағытталған азаматтар мен мемлекеттік органдардың ұйымдасқан қозғалысы.

КОНФЛИКТ (моральдық) — қабылдаған шешімін адам өз санасында қайшылыққа келтіретін моральдық таңдаудың ерекше жағдайы.

МҮДДЕЛЕР КОНФЛИКТІСІ — адамда қандай да бір ұйымға деген жеке, жанұялық қазығушылығы болғанда туындайды.

КОНФОРМИЗМ — қоғамдық және адамгершіліктік мәселелердің өзіндік емес пассивті шешім қабылдау нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік бағдар. Конформист объективті мәселелерді шешуде өзіндік моральдық позицияны өңдемей, оған неғұрлым ықпал ететін сана мен іс-әрекет тәртіптері мен ережелеріне бейімделеді.

КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – құқықтық жауапкершілікпен салыстырғанда ұйым тарапынан әлеуметтік мәселелерге ерікті жауап беруді білдіреді. Әлеуметтік жауапты іс-әрекетке мыналар жатады: қайырымдылық; жергілікті қауымдастықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды корпорациялардың дамытуы; компания өнімі туралы қызығушылық тудырған тұлғаларды қосымша ақпараттандыру; тұтынушы үшін қауіпті болатын болса, өз өнімін өз еркімен алып тастау.

СЫН – ұжымның тұлғаға қатысты қоятын талаптарына сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді бақылау мен бағалаудың формасы.

ТҰЛҒА (МОРАЛЬДЫҚ) - 1. адамгершілік іс-әрекет субъектісі; адам өз әрекеттерін қоғамның моральдық талаптарына сәйкес келітіріп, өз алдына адамгершіліктік құндылықтарды қойып, өз қылықтары мен қоршағандардың қылықтарын дербес бағалап, өзін тәрбиелегенде туындайды. 2. Адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттерінің қайталанбас жиынтығы, олардың ішіндегі ең маңыздысы адамның қоғамдық іс-әрекетте байқалатын әлеуметтік қасиеттері.

МАНЕРА - өзін-өзі ұстау тәсілі, өзге адамдармен өзін ұстаудың сыртқы формалары, сөйлеу қасиеттерінің жиынтығы (тон, интонация, қолданатын сөздер) және адамға тән жүріс-тұрыс, мимика (кейде киіну манерасы туралы да сөз қозғайды). Манералар тәртіп мәдениетіне жатқызылады және этикетпен реттеледі.

МАНИПУЛЯЦИЯЛАУ — қызметкерлерд мотивациясының этикалық емес құралдары мен әдістерін пайдалану (алдау, ақпаратты жасыру, күштік қысым жасау).

МЕЦЕНАТТЫҚ (лат. Maecenas (Maecenatis)) — ғылым мен өнерге қолдау көрсеткен римдік мемлекеттік қайраткер.

МОРАЛЬ (лат. moralis — адамгершіліктік;) — этиканы зерттеу заты, қоғамдық тану формасы, адам іс-әрекетін реттеу қызметін атқаратын қоғамдық ин­ститут.

ФОРМАЛДЫ ЕМЕС ТОПТАР – бұл белгілі мақсаттарға жету үшін үнемі өзара қатынасқа түсетін шағын әлеуметтік адам топтары. Формалды емес топтарды құру белгілері мен факторларын білу қажет.

НИГИЛИЗМ (моральдық) (лат. nihil — ештеме) — адамның қоғамның адамшершіліктік құндылықтарына қатынасын көрсететін қағида; кез-келген қоғамдық беделділермен мойындалмаған қандай да бір моральдық нормаларды жоққа шығару дегенді білдіреді.

НОРМА (МОРАЛЬДЫҚ) — 1. адамгершіліктік талаптың ең қарапайым түрлерінің бірі: моральдық қатынастар элементі ретінде және моральдық сана формасы ретінде. 2. әрбір адам үшін міндетті болып табылатын адамгершіліктік заң ретіндегі іс-әрекет нормасы.

НОРМ-УТИЛИТАРИЗМ — утилитаризм заңдарының әрекетін моральдың кейбір нормаларымен шектейтін утилитаризм түрі.

АДАМГЕРШІЛІКТІК ӘЛСІЗДІК — адамның моральды дұрыс деп танылатын қылықты жасауға әрекетсіздігі.

ҚАТЫНАС – дидактика мен моральсыз адамдар бір-біріне әрекет ететін тәрбиелеу мен өзіндік тәрбиелеудің бір уақытта әрекет ететін адамзаттық қатынас процесі. Қатынас құралдары: сөйлеу, сөз, қылық, қимыл, мобильдік байланыс құралдары арқылы хат алысу.

ЭТИКАҒА ҮЙРЕТУ — ұйым қызметкерлерінің этикалық деңгейін арттырудың тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

КЕЛІССӨЗДЕР – қандай да бір шешімді өңдеу мақсатымен түрлі тараптармен пікір алмасу (жабдықтаушылар және сатып алушылар, тапсырыс берушілер және орындаушылар).

ӘДЕТ - өмірде адам үшін күнделікті, тұрақты болып қалыптасқан іс-әрекет, тәртіп, бейімділік; дағды мен ептілік.

ТӘРТІП (моральдық) — адамгершіліктік мәнге ие және тұрқты, сондай-ақ өзгермелі жағдайда салыстырмалы ұзақ мерзімде жасалатын адамдардың қылықтарының жиынтығы.

ҚЫЛЫҚ — адамгершіліктік іс-әрекет элементі.

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ — құқықтық актілерде бекітілген және бизнес пен тұтынушылар қатынасының нормалары.

ӨНДІРІСТІК ЭТИКА – еңбек процесі қатысушыларының өзара қатынастарын реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Өндірістік этика материалдық өндіріс саласындағы іскерлік моральдың сақталыуын білдіреді.

КӘСІБИ ЭТИКА (мораль) — моральдық нормалардың белгілі жиынтығы.

РАЦИОНАЛИЗМ (этикалық) (лат. rationalis — саналы) — моральдың көптеген теорияларының негіздерінде жатқан әдістемелік қағида.

РЕЛЯТИВИЗМ (этикалық) (лат. relativus — салыстырмалы) — көптеген батыстың этикалық теорияларының негізінде жатқан адамгершілік табиғатын талқылаудың әдістемелік қағидасы.

БАСҚАРУ ШЕШІМІ – мәселені шешетін менеджер іс-әрекетінің актісі.

РИГОРИЗМ (лат. rigor — каталдық) — моральдағы формализмнің бір түрі.

РИТОРИКА – ораторлық өнер теориясы.

ҚЫЗМЕТТІК ЖИНАЛЫСТАР – жұмыскерлерді шешім қабылдау процесіне тартудың тиімді формаларының бірі.

ЖИНАЛЫС – бұл ақпаратпен алмасу және ұжымдық басқару шешімін қабылдау мақсатымен адамдар топтарының іскерлік қатынасының ұйымдасқан формасы.

ӘЛЕУМЕТТІК ТОП – тарихи белгілі қоғам шеңберінде қалыптасатын ортақ мүдделер, құндылықтар мен іс-әрекет нормаларына ие адамдардың салыстырмалы тұрақты жиыны.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ МАҚСАТТАР – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі талқылауларда бастапқы сәт ретінде ұйым мақсаттарының қойылуы.

БАСҚАРУ СТИЛІ – белгілі жетекшілер типіне сәйкес келетін ерекше тәсілдер мен әдістердің жиынтығы. Басқарудың 4 типі болады: авторитарлы, демократиялық, либе­ралды және аралас.

ӘЛЕУМЕТТІК ЭТИКА – бұл жұмыскерлердің еңбек саласына қатынасы мен өз мекемесіндегі іс-әрекет нормалары бейнеленетін құндылықты-нормативті көріністердің жиынтығы.

ТАЛАП (моральдық) — тұлға мен қоғам қатынасқа түсетін моральдық қатынастардың қарапайым элементі.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР (моральдық) — қоғамның моральдық қатынастарыынң бейнеленуінің бір формасы. Ол дегеніміз тұлғаның қоғамдық мәнін, намысын білдіреді.

ЭТИКА – аталмыш дәуір мен аталмыш әлеуметтік ортада қалыптасқан іс-әрекет нормалары мен қағидаларының жиынтығы.

БИЗНЕС ЭТИКАСЫ — ұйымдық тәртіп, экономика, стратегиялық жоспарлау, қаржы, есеп, аудит, маркетинг сияқты істердің дәстүрлі оқытылуын және этика теориясының синтезін білдіретін ғылыми пән.

ЖЕТЕКШІНІҢ ЭТИКАСЫ – жетекшінің адамгершіліктік іс-әрекетінің нормалар жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет