Мемлекеттік кешенді емтихан Түсініктеме



Pdf көрінісі
бет1/42
Дата19.12.2021
өлшемі468,83 Kb.
#103523
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
1-кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтары



Мемлекеттік кешенді емтихан 

Түсініктеме

 

Бітіруші  курста  мамандық  бойынша  кешенді  мемлекеттік  емтихан  өткізу  жүзеге 



асырылады.  Ол  болашақ  бастауыш  мектеп  мұғалімдерінің  теориялық  және  әдістемелік 

дайындығын тексерудің құралы болып табылады. 

Емтиханға  бастауыш  оқытудың  теориясы  мен  технологиясы  курстарынан  олардың 

мектептегі «Қазақ тілі» және «Математика» курстарындағы ұғымдар мен әрекет тәсілдерді оқыту 

технологиясының  мазмұнын  ашатын  дербес,  нақты  мәселелер  енгізілген.  Мұнда  осы  пәндерді 

оқытудың  жалпы  теориялық  мәселелері  өзінше,  жеке  енгізілмеген,  алайда  олар  бастауыш  оқыту 

теориясының мәселелеріне жауап беру барысында қолданылып отырылуы мүмкін. Бұл мұғалімнің 

тәжірибелік  жұмысына  қажетті,  бастауыш  оқыту  мен  технологиясы  курстары  бойынша  алған 

білімі мен біліктерін, оларды меңгерудің деңгейін осы білімдерді өзінің болашақтағы тәжірибелік 

қызметінде пайдалануымен байланысты анықталған мүмкіндік туғызады. 

Бітірушілер  емтиханда,  ең  алдымен,  бастауыш  оқытудың  теориясы  мен  технологиясы 

курстарынан алған білімдерін практикада қолдану біліктерін көрсете алулары тиіс. Сондай-ақ олар 

бастауыш  оқытудың  мазмұны,  әдістері,  формалары  мен  құралдары  жөніндегі  білімдерін  көрсете 

алатын  болулары  және  өздерінің  жауаптарын  дәстүрлі  әдістемеден  алынған  нақты  мысалдармен 

негіздеп  қана  қоймай  әдістемелік  ғылымның  даму  тенденциясы  қазіргі  заманғы  педагогикалық 

технологиялар  туралы  білімдерін  де  көрсете  алулары  керек.  Бітірушілер  сәйкес  мысалдарды 

келтіру барысында мына сияқты тәжірибені біліктерді көрсете алулары қажет: мақсатты анықтау, 

бастауыш  сыныптардың  оқулықтарындағы  тапсырмалардың  әдістемелік  және  мағынасын 

айқындау,  оқыту  теориясы  мен  технологиясының  тәжірибелік  мәселелерін  шешуде  теориялық 

білімдерді қолдана білу. Сонымен бірге, олар нақты сұраққа жауап беру барысында оқушыларды, 

қарастырып  отырған  мәселені  енгізуге  дайындау  технологиясының,  оны  оқып-үйренудің,  бекіту 

мен қайталау технологиясының, оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалау 

технологиясының  мән-мағынасын  аша  білулері  тиіс.  Бітірушінің  осындай  ретпен  берген  жауабы 

оның  бастауыш  оқытудың  теориясы  мен  технологиясы  бойынша  кәсіби  дайындаудың  деңгейін 

дұрыс  бағалауға,  яғни  койылып  отырған  мәселенің  мән-мағынасын  баяндауының  дәлелдігін, 

жауабының сауаттылығын, қисындылығын, ғылымилығын және жауап беру барысында қолданған 

терминдерінің орындылығын дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызады. 

Мемлекеттік  емтихан  билеті  «Жалпы  педагогика  негіздері»,  «Жалпы  психология», 

«Математиканы  оқыту  теориясы  мен  технологиясы»,  «Қазақ  тілін  оқыту  теориясы  мен 

технологиясы»,    «Дүниетануды  оқыту  теориясы  мен  технологиясы»,  «Еңбек,  бейнелеу  өнерін 

оқыту  теориясы  мен  технологиясы»,  «Музыканы  оқыту  теориясы  мен  технологиясы»    курсынан 

алынатын үш  сұрақты және бір практикалық тапсырманы қамтиды. 

Мемлекеттік  емтиханға  әзірлену  барысында  студенттер  оның  бағдарламасымен  және 

жауаптарға  қойылатын  талаптармен  таныстырылуы  тиіс.  Оларға  мемлекеттік  емтихан 

бағдарламасына  енгізілген  мәселелердің  мән-мағынасын  аша  түсетін  шолу  түріндегі  лекциялар 

оқылады.  Бұл  лекциялардың  мазмұны  бастауыш  оқыту  теориясы  мен  технологиясының  қазіргі 

кездегі өзекті мәселелерін және педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің соңғы жетістіктерін аша 

түсуге  бағытталуы  тиіс.  Сондай-ақ  мұнда  мемлекеттік  емтиханның  нақты  сұрақтарына  берілген 

жауаптардың үлгілерін сипаттайтын мысалдар келтіреді. 

Емтихан барысында бітірушілер төмендегідей әдебиеттерді қолдана алады: 

-

 

ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты; 



-

 

Математикадан бастауыш сыныптарға арналған типтік бағдарлама; 



-

 

050102-  «Бастауыш  оқытудың  педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығы  үшін  типтік 



бағдарламалар; 

-

 



Мемлекеттік емтихан бағдарламасы; 

-

 



Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар

-

 



Баспа  негізіндегі  дәптерлер,  бастауыш  сыныптарға  арналған  дидактикалық  материалдар,, 

дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет