Байланысты: Ертайқызы Ботакөз тарих СӨЖ 26.10.2020-01.11.2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘНІ
1992 жылдың 4 маусымында егеменді Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды , бір күннен кейін 1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы Алматы опера және балет театрында мемлекеттік рәміздердің ресми таныстырылымының салтанаты өтті . Қоғамдық бірегей феномен ретінде мемлекеттік рәміздердің терең тарихи тамырлары бар және ол қазақстандық қоғамның дамуымен тығыз байланысты екені белгілі .
Мемлекеттік рәміздердің қалыптасуына жүздеген , мыңдаған жылдар жұмсалған . Ежелгі заманнан бері ту біріктіру , өзіңнің қарсыласыңды үрейленлендіру , нақты мемлекеттік қалыптасудың сәйкестендіруінің қызу метін атқарды . Ең көне ту шамамен б.з.д 3000 жылдарға жатады және 1972 жылы Иранның аумағында табылды . Ол металдан жасалған , көлемі 23*23 сантимерді құрайды , бүркіттің , екі арыстанның , әйел құдайдың , үш нәзік жан мен бұқаның суреті бар . Қазақстанды біздің дәуірлерімізге дейінгі ғасырларда VIII - III ғасырларда қоныстанған сақ - сармат тайпаларының өзіндік туы бар . Көшпенділер –ғұндардың ( прототүріктер ) ақ жалаулары болған . Қазіргі түркі тілдес халықтардың , соның ішінде қазақтардың ата бабалары санала тын түріктерде ( VI - VIII ғғ . ) көк , жасыл , сары және басқа түсті өздерінің ту лары болған . Қимақ пен қыпшақ мемлекеттік бірлестіктерінің ( IX - XII ғғ . ) нышандарында сабақтастық сақталған . Шыңғысханның жалауы үшбұрышты ақ мата түрінде жасалған , онда ұлы қолбасшы руының тотемі аңшылық сұңқар бейнеленген . Қазақстан 600 жыл бойы Шыңғысханның билігінде ( 1224-1824 жж . ) болғанын ескерсек , онда Алтын Орданың , Ақ Орданың және қазақ хандары мен сұлтандарының жалауы ақ түсті екені кездейсоқ емес . Мәселен , әлі күн ге дейін Абылайдың ах жалауы халықтың жадында сақталған ( XVIII ғасыр ) .
« Ту » деген сөздің шығу тегі ежелден басталады , б.з.д VI ғасырдан бас тап әдебиет пен мәдениет ескерткіштерінде , халық эпостарында аталады . Ежелгі түрік сөздіктерінде « байрак » сөзі « жауынгерлік жалауды » білдіреді . Тудың басты анықтайтын элементі – бұл оның түсі болып табылады . Түсі – атрибуттың негізі .Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.
Ту , Әнұран жобаларына конкурс жарияланады . Оған көптеген шығармашылық өкілдері , талантты қыл қалам шеберлері , сазгерлер мен ақындар қатысқан . Мысалы , Мемлекеттік Тудың конкурсы на 600 адам қатысып , 1200 жоба ұсынылса , мемлекеттік Елтаңба бойынша 245 жоба жасалған , ал Мемлекеттік Әнұранның іріктеу конкурсына 750 жоба жіберілген . Мемлекеттік рәміздердің тағы бір маңызды нышаны – еліміздің рухани тұтастығын білдіретін Әнұранымыз . Төл тарихымызда Әнұран екі рет қабылданды ( 1992 , 2006 ) . Алғашқы әнұранның сөзін Т.Молдағалиев , М.Әлімбаев , Қ.Мырзалиев , Ж.Дәрібае . ва жазғаны белгілі . Ал , оның әуені бұрынғыша қалған болатын . Сегіз жылдан кейін 2000 жылы 9 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаев Әнұранымызды өзгерту қажеттігін қадап айтты және үкіметке нақты тапсырмалар берді . Нәтижесінде 2006 жылы қаңтарда « Менің Қазақстаным » әнұран ретінде ресми бекітілді . Оның әуенін жазған Шәмші Қалдаяқов , сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов болды . Бұл әннің тарихы 1956 жылдан басталады . Тың игеру жылдарында марш сарынында дүниеге келген , қазақтың рухын көтеру , намысын ояту мақсатында жазылған . « Менің Қазақстаным » 1986 жылдың желтоқсанында да жаңғырды , Мемлекеттік рәміздерді қабылдауда ҚР - ның Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше болды . Ол осы әннiң сөзіне бүгінгі еліміздің мақсат - мұратын айқындайтын түзетулер енгізіп , бірлескен авторлардың қатарын толықтырды . « Тәуелсіздіктің тұңғыш рәміздерін қабылдау кезінде мен Елбасының мемлекеттік тілге , қазақ тіліне , қазақ тіліндегі терминдерді кең қолдануға деген ерекше ілтипатты көзқарасын танытатын мысалдарды да байқап , жадыма түйдім , – деп еске алады Ербол Шәймерденов , – тұсаукесер сәтінде сөйлейтін сөзінің жоба сын әзірлеп жатқан тұста « герб » , « гимн » , « символ » деп жазылған жерлерді өз қолымен « елтаңба » , « Әнұран » , « нышан , рәміз » деп түзетті » , Мемлекеттік рәміздеріміз бүгінде шартарапқа кеңінен танылды . Қазақ Елін әлем жұртшылығы мойындады . Біздің Көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты алдында тұр . Қазақстан Республикасының шетелдердегі Елшіліктері ғимаратының маңдай шаларына тігілген . Қазақтың Көк Туын ғарышкер Талғат Мұсабаев көк аспан да самғатты , әлемдік спорт додаларында еліміздің олимпиада жеңімпаздары Әнұранымызбен бірге Көк Туымызды биікке көтерді . Мұның бәрі Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін үлкен мәртебе , зор мақтаныш! –дейді, Бүркітбай АЯҒАН -тарих ғылымдарының докторы .