Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша тест сұрақтары Іс жүргізу дегеніміз



бет2/3
Дата19.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#2113
1   2   3

92. Хабарлама-хат бұл:

а) қандай да бір міндеттеменің орындалу немесе шартының өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;



б) нақты бір адресат үшін жазылады және көбіне сұранысқа жауап болып табылады;

в) шотта тауарлар немесе шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

г) шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

д) қандай да бір міндеттеменің орындалу;



93. Мәтіні екі бөлімнен тұрады:

а) шақыру хат;

б) кепілдік беру хат;

в) сенім хат;

г) хабар хат;

д) хаттама;

94.Мөр келесі құжаттарға қойылады:

а) шақыру хат;

б) бұйрық;

в) БЕКТЕМІН деген деректемесі бар құжат;

г) өтініш;

д) түсініктеме;

95. Қандай қызметтік хатта, келіп түскен құжаттың индексі мен күніне сілтеме қойылады?

а) кепіл;

б) ілеспе;

в) жауап;

г) циркуляр;

д) барлық түріне;

96. Қандай мақсатпен хатта орындаушының аты-жөні және телефоны көрсетіледі?

а) қауырт байланыс үшін;

б) құжатқа заңды күш беру үшін;

в) құжатты куәландыру үшін;

г) рәсімдеу үшін,

д) безендіру;

97. Қай қызметтік хатта мөр қойылады?

а) ілеспе;

б) сұрау салу;

в) кепіл;

г) ақпараттық;

д) барлық қызметтік құжаттарда;

98. Еске салу хаты бұл –

а) қандай да бір міндеттеменің орындалу немесе шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

б) шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

в) қандай да бір міндеттеменің орындалу;

г) дұрыс жауабы жоқ;

д) бәрі дұрыс;

99. Кепілдік хат бұл –

а) қандай да бір міндеттеменің орындалу немесе шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

б) шотта тауарлар немесе шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

в) шараның өткізілу мерзімі жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету;

г) қандай да бір міндеттеменің орындалу;

д) өзінде көрсетілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеін құжат;

100. Нақты бір адресат үшін жазылды және көбіне сұранысқа жауап болып табылады:

а) тапсырыс хат;

б) шақыру хат;

в) жедел хат;

г) факс;

д) хабарлама хат;

101. Өзінде көрсетілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құжат бұл-

а) кепілдік хат;

б) растау хат;

в) еске алу хат;

г) хабарлама хат;

д) реніш хат;

102. Жауап талап етуші (адресатқа қандай да бір мәселені шешу үшін тілек, ұсыныс, сұрау-салу) –

а) тапсырыс хат;



б) бастама хат;

в) жеделхат;

г) қуаныш хат;

д) ақпараттық хат;



103. Қандай да бір бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатындығын туралы хабарламадан тұрады, хатта растаймыз деген сөз болуы тиіс:

а) тапсырыс хат;

б) шақыру хат;

в) растау;

г) қуаныш хат;

д) ақпараттық хат;

104. Телефон арқылы жеткізілген хабарлама, жедел нұсқаулар, хабарламалар және басқа да мәліметтер жеткізу үшін пайдаланамыз:

а) тапсырыс хат;

б) шақыру хат;

в) жеделхат;

г) факс;

д) телефонограмма;

105. Өкімдік ұйымдастыру құжаттарында қандай құжат түрлері жатады?

а) түсініктеме хат;

б) шағым хат;

в) шешім, өкім;

г) ескертпе;

д) хаттама;

106. Құжаттау дегенім не?

а) ұйымдар мен мекемелердің түрлі шешімдері;



б) мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін, құжаттарды жасау, толтыру;

в) жоғарғы оқу орнына түсуге арналған құжаттарды толтыру;

г) іс қағаздарын безендірілуі;

д) баяндама және құжат мазмұнының қысқаша мәтіні;



107. «Жұмыстан босатуыңызды...» көп нүктенің орнына тиісті етістікті табыңыз?

а) айтамын;

б) тапсырамын;

в) күәләндырамын;



г) сұраймын;

д) бұйырамын;



108. Үкіметтің басқару істері қандай құжаттар арқылы жүргізіледі?

а) өтініш, арыз, түйіндеме арқылы;



б) жарғы, қаулы, нұсқау, бұйрық т.б. арқылы;

в) ереже, қаулы, келісім шарт, жке іс парағы;

г) ескертпе, жедел хат, акт арқылы;

д) жолдама хат, арыз, сенімхат т.б. арқылы;



109. «Удостоверение личности» сөз тіркесінің дұрыс аудармасы:

а) сенім білдіру;

б) өзінің құжаттары;

в) жеке басының күәлігі;

г) жеке тұлға;

д) қажетті құжаттар;

110. Жеке адамдарға қатысты құжаттарға қандай құжаттар жатады?

а) еңбек келісімі, жеке іс парағы, еңбек кітапшасы;

б) арыз, өмірбаян, өтініш, мінездеме, жарғы;

в) мінездеме, өмірбаян, резюме, жеке іс парағы,

г) өмірбаян, еңбек келісі, бұйрық, құрылтай шарты;

д) өмірбаян, акт, арыз, өтініш;

111. Өтініш мәтінінде қандай сөз тіркестері жиі кездеседі?

а) сізден сұраймын;

б) соған қоса;

в) алдын ала рахмет айтамын;



г) өтінемін, сұраймын;

д) сенім білдіремін;



112. Резюме сөзінің қазақша аудармасы:

а) бұрыштама;

б) сұрақтама;

в) түйіндеме;

г) босату туралы өтініш;

д) ауысу туралы өтініш;

113. «Статус» сөзінің дұрыс баламасын табыңыз?

а) жағдай;

б) бедел;

в) мәртебе;

г) дәреже;

д) жағдаят;

114. «Учреждительные документы» сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз?

а) ұйыдастыру құжаттары;

б) ақпараттық құжаттар;

в) құрылтай құжаттары;

г) мекеме құжаттары;

д) нұсқаулық құжаттар;

115. «Мемлекеттік» сөзі қай жағдайда бас әріппен жазылады?

а) мемлекеттік ұйым;



б) ҚР мемлекеттік елтаңбасы, ҚР мемлекеттік әнұраны, ҚР мемлекеттік туы;

в) мемлекеттік басқару органдары;

г) мемлекеттік меншік, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті;

д) мемлекеттік меншік нысандары;



116. «Назначить» сөзінің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасы қалай?

а) тағайындалсын;

б) ауыстырылсын;

в) көтерілсін;

г) шығарылсын;

д) түсірілсін;

117. Кәмелетке толған адамның жеке басын растайтын құжат...

а) диплом, аттестат;

б) мінездеме, еңбек кітапшасы;

в) туу туралы күәлік;



г) жеке күәлік, төлқұжат;

д) жеке іс парағы;



118. «Текст» сөзінің дұрыс аудармасы...

а) тескт;



б) мәтін;

в) үлгі;


г) дәлелдеме;

д) шағым;



119. Құжат сөзі қандай мағына береді?

а) күәлік, дәлелдеу тәсілі;

б) қызметтік және ресми құжаттар;

в) қандай да бір нәрсеге құқығы;

г) заң және атқару;

д) еске түсіру;

120. «Контракт» сөзінің аудармасы:

а) келіссөз;



б) келісім шарт;

в) көшірме;

г) қауіпсіз;

д) сауда;



121. Жиналыстар, кеңестер мен отырыстарда қарастырылған мәселелер мен шешімдердің талқылау барысы туралы мәлімет беретін құжат:

а) жолдама хат;

б) бұйрық;

в) түйіндеме;



г) хаттама;

д) келісімшарт;



122. «Справка» сөзінің дұрыс аудармасы:

а) арыз;


б) анықтама;

в) қол хат;

г) тіркеу;

д) басқару;



123. Мазмұны белгілі фактіні, я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі:

а) анықтама;

б) өкім;


в) бұйрық;

г) жарғы;

д) түсініктеме;

124. Анықтама беруші жауапты адамның қолы немен расталады?

а) ұйыммен;

б) ұйым жетекшісі;

в) басшымен;

г) дұрыс жауабы жоқ;

д) мөрмен;

125. Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырыла ма?

а) жоқ;


б) анықтаманың көшірмесі болмайды;

в) иә, қалдырылады;

г) дұрыс жауабы жоқ;

д) қалдырылмайды;



126. Әрекетке шақыру, түсіндіру, дәлелдеу бұл –

а) түсіндірме-хаттың басты мақсаты болып табылады;

б) ақпараттық хаттың мақсаты;

в) қызмет бабындағы хаттың басты мақсаты болып табылады;

г) сенімхаттың мақсаты;

д) дұрыс жауабы 1 және 3;

127. Анықтаманың негізгі мәтіні қалай жазылады?

а) төмен, азат жолдан;

б) ортасынан;

в) шетінен;

г) басынан;

д) дұрыс жауабы жоқ;

128. Хаттаманың мәтіні келесі бөлімнен тұрады:

а) 2 бөлім;

б) 3 бөлім;

в) 1 бөлім;

г) 6 бөлім;

д) 4 бөлім;

129. Телеграфтық байланыс арналары бойынша ақпарат беретін құжат түрі бұл –

а) тапсырыс хат;

б) сенім хат;

в) жедел хат;

г) қуаныш хат;

д) телеграмма;

130. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен безендірілуіне жауапты...

а) хатшы;

б) әдіскер;

в) бас директор;

г) бөлім меңгерушісі;

д) кафедра меңгерушісі;

131. Актінің түрлері:

а) кепілдік беру, ақпараттық;



б) коммерциялық, түгендеу, істі жою;

в) адресат, қарар;

г) шаттық кесте, құрылтай құжаттары;

д) бұйрық;



132. Телефон арқылы жеткізілетін хабарлама, жедел нұсқаулар, хабарламалар және басқа да мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылады:

а) тапсырыс хат;

б) шақыру хат;

в) жедел хат;

г) факс;

д) телефонограмма;

133. Өкімдер және қаулылар қандай құжаттарға жатады?

а) шарттар мен жабдықтау және өнімді өткізу құжаттарға;



б) өкімдік құжатқа;

в) анықтамалық құжатқа;

г) қаржылық-есептік құжатқа;

д) жеке құжаттарға;



134. Нақты деректі белгілейтін құжат бұл –

а) желед хат;

б) анықтама;

в) акт;


г) факс;

д) куәлік;

135. Жарғы дегеніміз бұл:

а) ұйымның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құрылтайшылық құжат болып табылады;

б) ұйымды мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшылық құжат ретінде қарастырылады;

в) заң орындарында мемлекеттік тіркеуден өткен құжат;

г) субъектіні басқару органдарының қалыптасу тәртібі мен құзыреті;

д) ұйымдастыру-өкімдік құжаттар;

136. Кәсіпорын қызметкерлерінің функциялары, міндеттері мен құқықтары айқындалатын бұл...

а) жарғы;



б) лауазымдық нұсқаулық;

в) ереже;

г) арыз;

д) бұйрық;



137. Телеграфтық байланыс арналары бойынша ақпарат беретін құжат түрі бұл –

а) тапсырыс хат;

б) сенімхат;

в) телеграмма;

г) қуаныш хат;

д) реніш хат;

138. Ереже мәтінінің құрылысы қандай?

а) жалпы ережелер, қызметтері, міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі;

б) жауапкершілігі, қызметі, мақсаты, бағалау;

в) мақсаттары мен міндеттері, ереже құқық, жауапкершілігі, есептеу;

г) ереже құқық, қызмет, бағалау, түгендеу;

д) ережелер, мақсат, бағалау.

139. Акт бұл –

а) бірнеше тұлға белгілі бір деректі (фактіні) куәландыру үшін жасаған құжат;

б) операция іске асқан мезетте жасалады;

в) операция біте салысымен жасалады;

г) операция біте салысымен куәландыру үшін жасаған құжат;

д) құжаттарға қол қою кезінде жүзеге асырылатын құжат;

140. Ереже бұл –

а) субъектінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің және лауазымды тұлғалардың пайда болу тәртібін, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын, құқықтық акт;

б) басқару органымен субъектілердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың қызметінің арнайы жақтарын реттейтін, ережелерді орнату мақсатында шығарылатын құқықтық акт;

в) азаматтардың қызметінің арнайы жақтарын реттейтін, ережелерді орнату мақсатында шығарылатын құқықтық акт;

г) басқару органымен субъектілердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалар реттейтін, ережелерді орнату мақсатында шығарылатын құқықтық акт;

д) ережелерді орнату мақсатында шығарылатын құқықтық акт;

141. Ұйым басшысы бұйрық арқылы...

а) қызметкерлердің алдына негізгі тапсырмаларды белгілейді, аса маңызды сұрақтардың шешілу жолдарын бағыттайды;

б) аса күрделі мәселелер жайында министрлік, ведомссвалық алқалы органдармен басқаруды шұғыл мәселелерін реттейді;

в) ақпараттық, әдістемелік немесе ұйымдастырушлықты сипаттайды;

г) құжаттың уақытында орындалуын қамтамасыз етеді;

д) ақпараттық ұйымдастыруды сипаттайды;

142. Бұйрық мәтінінің өкімдік бөлімі қай сөзден басталады?

а) міндеттеймін;



в) бұйырамын;

в) ұсынамын;

г) өтінемін;

д) сұраймын;



143. «Трудовое соглашение» тіркесінің дұрыс аудармасы:

а) еңбек келісімі;

б) ұжымдық еңбек шарты;

в) жауапкершілік шарт;

г) куәлік;

д) жеке еңбек шарты;

144. Жұмысқа орналасу кезінде ұйымдарда азаматтар міндетті танысу керек:

а) ұйым жарғысымен;

б) азаматтық жұмысқа құрылымдық бөлімше туралы қағидасымен;

в) қызметтік нұсқау;

г) ұжымдық еңбек шартымен;

д) барлық аталған құжаттармен;

145. «Заявление» сөзінің дұрыс аудармасы...

а) өтініш;

б) арыз;


в) анықтама;

г) бұйрық;

д) баяндама;

146. «Заверить» сөзінің аудармасын көрсетіңіз?

а) бұйыру;

б) қабылдау;

в) куәләндіру;

г) тағайындау;

д) босату;

147. Құжатта мөрдің болмауы немесе қойылмауы нені көрсетеді?

а) заңсыздықты;

б) заңдылықты;

в) бұрыштаманы;

г) келісімді;

д) сенімхатты;

148. Бұйрық қашан күшіне енеді?

а) жиналыс болған күнінен бастап;

б) сөйлеген күні;

в) айтылған күні;



г) қол қойылған күннен бастап;

д) жазылған күні;



149. «Дать гарантию» сөз тіркесінің қазақ тіліндегі аудармасын табыңыз...

а) кепілдік беру;

б) құқық беру;

в) бостандық беру;

г)азаматтық беру;

д) дауыс беру;

150. Жеке адамның өмір жолы хранологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын құжат...

а) бұйрық;

б) анықтама;

в) өмірбаян;

г) хаттама;

д) жеделхат;

151. «Ғылыми дәреже» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

а) научная степень;

б) науный труд;

в) научное звания;

г) научное наследие;

д) научные достижения;

152. Келісім шарт неше дана етіп толтырылады?

а) екі;

б) он;


в) алты;

г) үш;


д) төрт;

153. Бұйрықта кездесетін етістіктер:

а) өтінемін, сұраймын;

б) келісемін, міндеттенемін;

в) босатылсын, қабылдансын;

г) сенім білдіремін;

д) білім алу, оқу;

154. Экспедициялық өңдеуден өтеді:

а) өңдеуден өткен құжаттар;

б) қателері бар құжаттар;

в) кіріс, шығыс, ішкі құжаттар;

г) соңғы тексеруден өткен құжаттар;

д) бастапқы тексеруден өткен құжаттар;

155. «Отдать приказ» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын тап:

а) бұйрық беру;

б) бұйрық жабу;

в) бұйрықты айту;

г) бұйрық шығару;

д) бұйрық бағыну;

156. Келісім шарттың орыс тіліндегі аудармасы:

а) договор;

б) характеристика;

в) кредит;

г) залог;

д) грант;

157. «Повестка дня» сөз тіркесінің аудармасын көрсет:

а) қатысқандар;

б) өткізілген күні;

в) мерзім мен тәртібі;



г) күн тәртібі;

д) уақытында өткізу;



158. Сабақтан себепсіз қалған студенттің жазатын іс қағазы:

а) түсініктеме;

б) мінездеме;

в) хаттама;

г) қол хат;

д) сенімхат;

159. «Характеристика, национальность, должность» сөздерінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

а) мінездеме, ұлты, қызметі;

б) өмірбаян, арыз, жұмыс;

в) хат, анықтама, қол;

г) туған жері, қолы, мөрі;

д) мөрі, туған жылы, айы;

160. «Объяснительная записка» сөзінің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасын тап:

а) сенім хат;

б) баяндау хат;

в) жедел хат;



г) түсінік хат;

д) қолхат;



161. «Түбіртек қағаз» сөзінің орысша баламасын табыңыз:

а) личный счет;

б) долг;

в) оплата;



г) квитанция;

д) договор;



162. «Вам небходимо написать заяление» қазақ тіліндегі қай варианттары дұрыс:

а) сіздің өтініш жазуыңыз керек;

б) сіз өтініш беру керек;

в) сізге өтініш жазу керек;

г) сіздің өтініш жазуыңыз керек;

д) сіздің өтінішті жазуыңызға керек;

163. Сөздердің қай емлесі дұрыс?

а) өмірбайан, жеке іс-парағы;

б) өмір баяны, жеке іс-парағы;

в) өмір- байян, жеке іс па-рағы;



г) өмірбаян, жеке іс парағы;

д) өмір-баян, жеке іс парақ;



164. «Доверенность» сөзінің дұрыс аудармасы:

а) сенімхат;

б) хабарлау хат;

в) қол қойылған хат;

г) хабарлама;

д) сенім беру хаты;

165. «В соответствии с условиями контракт» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз:

а) контрак жағдайларымен байланысты;



б) контаркт шартына сәйкес;

в) контракт жазуға байланысты;

г) контракт шарттарына қатысты;

д) контаркт жағдайларына сәйкес;



166. «Актуальный вопрос» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз:

а) маңызды мәселе;

б) күрделі мәселе;

в) өзекті мәселе;

г) әлеуметтік мәселе;

д) саяси мәселе;

167. «Шағын кәсіпорын» тіркесіндегі шағын сөзінің антонимі қайсы?

а) кіші;


б) орташа;

в) облыстық;



г) ірі;

д) аудандық;



168. «Физическое лицо и юредическое лицо» қазақ тіліндегі баламасы:

а) физикалық тұлға және заңгерлік тұлға;

б) физикалық адам және заң адамы;

в) жеке адам және заңды адам;



г) жеке тұлға және заңды тұлға;

д) физика тұлғасы және заң тұлғасы;



169. Хаттамаға кездесетін тұрақты сөздер:

а) ұжым, қол, акт;

б) айы күні, мінезі;

в) дауыс, сөз сөйлесу, анықтама;



г) күн тәртібі, төраға, хатшы;

д) өмірбаян, хат, жыл;



170. Мазмұны жағынан бұйрықтар неше түрге бөлінеді?

а) 6;


б) 2;

в) 3;


г) 5;

д) 4;


171. Түйіндеме дегеніміз –

а) келіп түскен қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы, бұрыштама;

б) ведомствалық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат;

в) телеграф арқылы берілетін жедел сипаттағы құжат;



г) белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі;

д) құжатпен бірге жіберілетін қосымщаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады;



172. Қандай құжатты жұмысқа қабылдағанда толтырады?

а) акт;


б) анықтама;

в) түсініктеме;



г) жеке іс парағы;

д) хаттама;



173. Түсініктеме хат дегеніміз –

а) кәсіпорын қызметкерлерін құқықтық жағдайын, қызметтерінің құқықтарын, міндеттерімен жауапкершіліктерін белгілейтін құжат түрі;

б) лауазымдық міндеттемелер;

в) қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндіретін құжат түрі;

г) кешірімді жасырын түрінде сұрау;

д) айып ақша төлеу;

174. Адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылдық тұрғыдан жазбаша сипаттау мақсаттарында жазылатын іс қағазы қалай аталады?

а) өмірбаян;

б) анкеталық мәліметтер;

в) жұмысқа қабылдау туралы өтініш;



г) мінездеме;

д) есеп;


175. Еңбек кітапшасы дегеніміз не?

а) жұмысқа қабылдау туралы өтініш;

б) анкеталық мәліметтер;

в) құрылтай құжаттары;



г) қызметкерлермен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат;

д) жекешелендіру;



176. «Приватизация» терминінің қай баламасы дұрыс?

а) меншікті беру;

б) меншікті сату;

в) жекешелендіру;

г) міндеттелу;

д) куәләндыру;

177. «Тәжірибелі маман» тіркесінің синонимін көрсетіңіз:

а) ұқыпты маман;

б) тианақты маман;

в) белгілі маман;



г) білікті маман;

д) атақты маман;



178. «Квалификация» сөзінің қай баламасы дұрыс:

а) дәреже;

б) мәртебе;

в) біліктілік;

г) лауазым;

д) жігерлік;

179. «Тыңдалды», «Қаулы» деген сөздер қай іс қағазында кездеседі?

а) бұйрық;

б) түсінік хат;

в) хаттама;

г) акт;


д) анықтама;

180. «Наградить» сөзінің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасын тап:

а) көрсетілсін;



б) марапатталсын;

в) есептелсін;

г) толтырылсын;

д) жариялансын;



181. Дубликат қай кезде беріледі?

а) құжатты жоғалтқанда;

б) жұмысқа тұру кезінде;

в) тұрғылықты орын ауыстырғанда;

г) ақшаны қарызға алғанда;

д) мұрагерлік толтыру кезінде;


Каталог: uploads -> doc -> 0b7a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b7a -> «Көріпкел» Аян. Әсия Орынбаева
0b7a -> Сабақтың тақырыбы: London Eye is a symbol of modern Britain Негізгі түйінді идея


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет