«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1



бет10/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1

10 тақырып Мемлекеттік саладағы қақтығыстар: түсінігі, мазмұны, мәселелері Мақсаты:Такырып бойынша жан жақты ашу, талқылау
Дәріс жоспары:
1. Қоғамдық даму тарихындағы этикалық ілімдер
2. Этика
Халықтың сана сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі, жас тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері азаматтың айырмашылығын, халықтар тағдырларының ажырамас бағыттарының тарихи шындықтарын терең де мазмұнды ашып беруіне көп септігін тигізуде. Осы тұрғыдан алғанда дүние жүзілік қоғамдастыққа қазақ халқының қазақ халқының терең де тұңғиық философиялық ойларын, оның шынайы болмысын және өзіне тән мәдениетін көрсете білудің маңызы айрықша. Сократтың ойынша, білімнің мәні басқада жатыр. Білімнің мәні – адамның алдына қойған мақсатын жан-жақты ашуы. Себебі адам өзін қоршаған дүниенің сырын ашамын деп қаншама әрекеттенгенімен, оны толық түсіне алмайды. Сократ білімді адамның ішкі рухани дүниесімен тығыз байланыстырады. Яғни, оның айтуынша білім дегеніміз – ізгілік. Мұндай көзқарас білімнің мәнін терең ашады. Адамның алдына қойған мақсаты, оның рухани өмірі – білімді құрал ретінде ғана емес, өмір сүрудің әдісі ретінде пайдалануға жол бастады
Көне грек философиясының тарихында философиялық жаңа кезең басталды. Бұл кезеңнің негізін қалаушы әрі ғылым, әрі қоғам қайраткері, әрі данышпан философ Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) болды. Аристотель сол кездегі ғалымдардың барлық саласына ат салысып, көптеген еңбектер жасзып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», т,б,Аристотель өзіне дейінгі философтардың, ең алдымен Сократ пен Платонның көзқарастарын талдай келіп, олардың терең ойлы пікірлеріне жүгінді. Оның ойынша, практикалық ілімдер – этика мен саясаттың адам қызметіне тікелей қатысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетінің іске асуын айрықша айқындайды. Өйткені, адамгершілік пен зерде адамның өз еркінің қалауымен тығыз байланысты. Сонымен бірге өз бетімен немесе еріксіз іс-қимылдар жасау адамның ішкі рухани дүниесіне тікелей қатысты.Адамгершілік - адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Өз табиғатынан тыс жақсы адамның болуы мүмкін емес. Табиғат бізге игілікті қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара-бара ол мүмкіндіктер шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.
Ізгілікті қабылдап алу екі негізгі процеске байланысты. Бірі – оқып білім алуға, ал екіншісі, әсіресе, адамгершілік – тәлім тәрбиеге байланысты. Тек тәлім-тәрбие ғана адамгершілік пен зерделікті адам бойына сіңіре алады. Аристотель бұл жерде тәлім-тәрбиеге байланысты: “Әркім өзінің мінезіне өзі жауапты” деген пікір айтты.
Сонымен Аристотель тәрбиешіге, яғни тәрбиеленуші адамға үлкен көңіл аударады. Оның ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші – мемлекет және оның заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі азаматтарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқаруға тиіс.Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды. Бұл жерде шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы, философия саласында «екінші Аристотель» атанған әл-Фарабидің еңбектерін атап өтсе де жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет