«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1


тақырып Кәсіби этика: түсінігі, түрлері,бағыттары Мақсаты



бет2/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1

2 тақырып Кәсіби этика: түсінігі, түрлері,бағыттары
Мақсаты:Тақырыпты жан жақты ашу, талкылау
Дәріс жоспары:
1.Мемлекет басқару түрлері, қағидалары
2.Мемлет қызметінің белгілері
3.Мемлекет қызмет түсінігі
Мемлекеттік қызмет — бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады.Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.Мемлекеттік лауазым — мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдың өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі;Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;лауазымды тұлға — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам. Лауазымдық өкілеттік — заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретіні нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.Сонымен, мемлекеттік қызметтегі қызметшілердің ақы төленетін лауазымдарға ие болуына қарай, мынадай әр түрлі лауазымдық функцияларды жүзеге асырады, олар:Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателікМемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз – өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін – өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету – сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым – қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілікМемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Жеке қарым – қатынастар. Өзін – өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады. Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады. Жеке қарым – қатынас – 60 см мен 1 – 2 метр қашықтықтан араласу. Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады. Әлеуметтік ара қашықтық – 1,2 – 2,5 метрмен анықталады.Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді. Көпшілік ара қашықтық 3,5 – 7,5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы. Сіздің киіміңіз. Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн. Тап – таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады Тиімді қарым – қатынас.Тиімді қарым – қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін – өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз. Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес.Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясызЕкіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін. Белсенді тыңдау.Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу – адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі.Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады. Тиімді тыңдап білудің тәсілдері
1. Тыңдаушының көзіне тіке арап отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта қойып тыңдағаныңызды білдіресіз.
2. Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап отырғаныңызды «иә,иә», «түсінемін» деген сөздер немесе басыңызды изеп қоштау арқылы сездірте аласыз.
3. Сөйлеушіге шынымен де тыңдап қана емес, түсініп отырғаныңызды да білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз.
4. Сіздің отырысыңыз, қимыл – қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс
5. Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені Сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ой «адасуына» жол бермеңіз
6. Ойды түсінуге ғана емес, сөйлеуші сезімін түсінуге де ден қойыңыз. Адамдардың өз ойы мен сезмдерін әлеуметтік нормалармен қабылдағандай, «құпиялап» беруі мүмкін екенін есте ұстаңыз.
7. Байқағыштық – жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: Сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай ұстағанын бақылаңыз.
8. Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды.
9. Айтылған нәрсеге өз ойыңыздың қолдауын білдіре отырыңыз. Сіздің ол қолдауыңыз сөйлеушінің ойын дәл жеткізуіне ықпал етеді. Сіздің тарапыңыздан болған кез келген жағымсыз реакция сөйлеушінің қорғаншақтауына, өзіне сенімсіздігіне соқтырады.
10. Сізге айтылған нәрселердің мақсаты – Сізден кері байланыс талап ететінін есте сақтаңыз. Мұндайда қажетті әрекет – әңгімелесушіге жауап беру.
Телефон – сіздің көмекшіңіз. Телефонмен әңгіме – мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де – биік мәдениеттіліктің белгісі. Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететн жалғыз мүмкіндігіңіз – дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді , қуаныш, қайғыңызды білдіреді.
Мемлекеттік қызметшілер:
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
10) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары
7.Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет