Мен қазақпын. Қазақ өз шежіресін толық білетін халық. Қазақ шежіресі тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы



Дата30.04.2023
өлшемі15,25 Kb.
#175750
Байланысты:
азилхан


Қаз

Мен қазақпын. Қазақ өз шежіресін толық білетін халық. Қазақ шежіресі тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.


Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, маңғол халықтарында ауызша сақталған. Қазақ жеті атасын білмеген жетесіз дейді. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар шежіре, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этникалық құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған қазақ елі үшін де, өзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің орны бөлек. Өз мемлекеттігін, елдігін танығысы келген халықтардың түркі-моңғол, қазақ ішінде сақталған Алаша хан жөніндегі аңыздарға жүгінері даусыз. Кейінгі орта ғасырлар тарихи оқиғаларын баяндайтын Қазақ шежіресінің, жалпы түркі-моңғол шежіре дәстүрінің жалғасы ретінде қарастырылады. Оның нақты дәлелін ортағасырлық Рашид ад-Дин, Әбілғазы еңбектерінен көруге болады. Далалық түркі-моңғол тайпаларында ерте кезден бері шежірені, тарихи деректерді хатқа түсіру дәстүрі болған. Мысалы Баһадүр “мен пақырдың алдында Иран мен Тұранда өткен Шыңғыс ұрпақтарының тарихы жазылған он сегіз байлам еңбек жатыр” деуі осыған айғақ. 15 – 17 ғ-ларда дүниеге келген Өтеміс Қажының “Шыңғыс намесі”, Хафиз Таныштың “Шараф-наме-ишахий”, Баһадүрдің“ Түрік шежіресі” шығармалары өткен тарихымыздың елеулі оқиғаларына тоқталып, айшықты кезеңдерін де тыс қалдырмаған. 15 – 16 ғ-ларға қатысты деректердің мол жинағы М.Х. Дулаттың“Тарих-и Рашиди” шығармасы болып табылады. Екі бөлімнен тұратын бұл шығарма Моғолстан мен Қашқарияны мекендеген шағатай тұқымынан тараған хандардың саяси тарихы, дулат тайпасы және оның Шығыс Түркістанда билік құруы, моғолдардың тарихына қатысты бірнеше дерек келтіреді. Соның бірі Керей мен Жәнібектің соңына ерген жұртымен Моғолстанға қоныс аударғанын және қазақ атауын өзге жұрт бергендігін жазады. Қазақ шежіресі өкінішке орай өзге елдің шежіре тарихынан жазылады. Қазақ шежіресі өте терең де жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет