«Мен қазіргі заман педагогімін» эссе



Дата01.06.2020
өлшемі34,5 Kb.
#71988
Байланысты:
Мен жаңашыл педагогпын-эссе


Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі

«Мен қазіргі заман педагогімін»

эссе

Саурбаева Салтанат Беркутовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Петропавл қаласы

Үздіксіз ізденіп өтуде әр күнім.

Жаңаша оқытам жастардың барлығын.

Білім мен ғылымның қыр- сырын танитын,

Оқытушы бұл менің өмірлік тағдырым!

Иә, өмірлік тағдырым десем, қателеспейтін шығармын. Өйткені ұстаз болу - балалық щағымның арманы. Ал, арман деген дүние – сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Ақын Мұхтар Шаханов бір сөзінде: "Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға" деген екен. Менің арманым орындалды. Мен ұстазбын, жай ұстаз емес, заманауи ұстазбын!

Әр адамға құрметпенен қарағам.

Өз бойымнан мол ізгілік тараған.

Білім менен ақылды тек ту етіп,

Бұл өмірге ұстаз болып жаралғам!

Қызылжар төрінде тұрақтап тоқтаған.

Мағжандай ақынның есімін ақтаған.

Білімнің, ғылымның ұясы колледжі,

Бүгінде мен сонда қызмет атқарам.

Қазіргі заманда білім беру жүйесінде болып жатқан тың өзгерістерден хабардар болу, кәсіби өсу мақсатында іздену – әр педагогтың міндеті. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, біз, ұстаздар еліміздегі білім саласында болып жатқан өзгерістерді, соңғы инновациялық жаңалықтарды еркін қабылдауға дайын болуға тиіспіз. Елбасымыздың «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді» дегені осы орайда керемет айтылған ой екені сөзсіз.



Қоғамның үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында ұстазға жүктелер міндеттің салмағы да ауыр. Қай кезде болмасын рухани ой-өрісі дамыған, шығармашылық тұрғыдан жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тиімді оқыту мен бағалау, ғылыми зерттеулер  жұмыстарын таңдай білген, болмысы өзгеше, жан-жақты ұстаз ғана келешек ұрпақты дұрыс жолға бағытай алады деп білемін.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өз сөзінде: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс» деп айтқаны әр педагогтің қызметіне керемет бір әсер беретіндей:

Бүгінгі күн өзгеше бір таң атты.

Биіктерден іздедім мен талапты.

Жол ұзақ деп қиналмай мен адымдап,

Жанарлардан іздедім мен талантты.

Айта алмаймын қоғамнан тыс қалдым деп,

Әдебиеттер әлемінде жандым мен кеп.

Өмірді - өлең, қоғамды – роман десем,

Адамзаттың арнасын – дастан көрем.

Тәрбиенің жолына арнадым жанымды.

Танимын талантты, өнерлі дарынды.

Ұл-қызды бүгінде тәрбиелей тәлімге

Үлгі еттім бүгінде із басар бәріне.

Отанды сүюге, жерім дер, елім дер.

Жастарым, соңымнан бәрің де еріңдер.

Байрақты елімнің ертеңі сендерсің,

Мәңгілік сендерге боламын тәлімгер!

Ұжымды ұйытып бірлікке шақырам.

Жетекші маманмын үздіксіз оқыған.

Татулық, сыйластық, бірлікшіл болуға,

Жастарды бағыттып, бақылып отырам.

Тәжірибесі мол әдіскер маманмын.

Жасына жол сілтеп қазіргі заманның.

Тәжірибе таратып болашақ маманға,

Кірпішін қаладым бүгінгі қоғамның.

Көңілін табамын әрдайым баламның.

Жүзімнен жылулық шуағы тарадың.

Білім мен тәрбие қамқорлық сыйлайтын

Мейірімді, кішіпейіл, аяулы анамын!

Жаңашыл білімге жаңажол бастаған

Заманға лайық жастарды қостаған.

Гүлденген еңселі еліме ардақты,



Боламын педагог ізденгіш жан-жақты!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет