«Мен –қазіргі заман педагогімін» «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы»



Дата16.04.2022
өлшемі18,13 Kb.
#139566
Байланысты:
Қарағаш ом ЭССЕ Серік Данна


«Мен –қазіргі заман педагогімін»
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы»— деп ғұлама ақын Ғабу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ғұмырын ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – көп адамға бұйыра бермеген бақыт десем, артық айтқандық емес шығар. Өйткені аузын ашса жүрегі көрінетін, жалғандықты, жасандылықты сүймейтін тазалық пен пәктіктің иесі — оқушыларды көргенде, олармен бірге қуанып, бірге күліп, жан дүниең ерекше сезімге толып, жас баладай қуанышқа бөленесің. Оқушылар сенен ең жақын жанашырындай үміт күтеді, қуанып қарсы алады, сырларын бөліседі. Кейде қуаныштарын жасыра алмай, еркелей алдыңа келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Сен олармен бірге жүрсең, олармен бірге бала болып, асыр салып, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарайсың. Әр үйдің үміті болған шәкірттеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне, ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ…
Шәкірт бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру - мұғалімнің педагог алдына қойған басты мақсат болу керек. Мұғалім болған соң, өз пәніңді шәкіртіңнің толық меңгергенін қалайсың. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, алдыңда түрлі деңгейдегі оқушылар отырады.Ұстаздардың ұстазы болған  Ы.Алтынсарин: «Оқушы сабақты түсінбесе, кінәлі емес, оны түсіндіре алмаған мұғалім кінәлі» деген сөзі бар. Осы ұлағатты сөзді ешқашан есімнен шығарған емеспін. Егер оқушы түсінбей жатса, онда менің әдістемемнің әлсіз жағының әлі бар екенін мойындап, оны өзімнен іздеп, қателігімді түзетуге тырысып келемін. Заман талабына сай көштен қалмай, білімдегі соңғы жаңалықтарға да көз жүгіртіп, назардан еш тыс қалдырмаймын.
Қазіргі таңда ұстаздарға қойылатын талап өте күшті.
Ендеше, қазіргі заман педагогі қандай болуы керек?
Қазіргі заман педагогі ең алдымен білімді, ақпараттық құралдарды жетік меңгерген тұлға болуы тиіс. Өйткені алдымызда отырған ұрпақ - білімді ұрпақ. Қазіргі заманның баласының көзі ашық, көкірегі ояу. Олар технологияның шарықтап тұрған кезінде өмір сүріп отырған жан-жақты мағлұматтары көп, ақпаратқа қаныққан ұрпақ. Мұғалім оқушының көмегіне жүгініп қалмау үшін заманауи технологияны үйренуге, заман көшінен қалып қалмауға барын салу керек. Қазақстан Республикасының білім туралы жүйесінің басты міндеті: шәкірт оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Демек, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерде ұстаздардың өзіндік орны болуы тиіс. Баланың алдында беделің түспеу үшін білімді шыңдау - таптырмайтын құрал. Біреудің бойына білім нәрін сеппес бұрын өзіңнің қоржыныңды толтырып алуың керек. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтсақ: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Менің педагогикалық іс-тәжірибемде заманауи әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар жаңа технологияларды меңгеру бірінші орынға қойылған. Сабақ беру тәсілдерімнің ең көп тұсы ойын арқылы өтеді. Өйткені оқушылар ойын түрінде түсіндірілетін сабақты тез әрі оңай меңгереді. Ал ойын ойнау тәсілі арқылы түсіндірілген сабақ-баланың шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Қазіргі заманның мұғалімі ақылды, дана болуы керек. Ақыл деген тек адамзат баласына ғана бұйырған қасиет болатын болса, осы ақылдың кемесіне жетпей ұстаз болдым деуің бекершілік. Абай атамыздың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселерден ғана озады. Қалғаны бекершілік...» деп айтқанына көз жүгіртетін болсақ, Абайдың пайымдауынша да бірінші орында ақыл тұрғанын көреміз. Ақылдылық пен даналық- әрбір ұстаздың жарық жұлдызы, жол көрсетер шамшырағы.
Қазіргі заманның мұғалімі мәдениетті болуы керек. Осынау мәдениеттің өркендеген шағында мұғалімнің сөзі, жүріс-тұрысы, киімі заман талабына сай болмаса болмайды. А.П.Чехов «Адамның барлығы тамаша болуы керек: жаны да, тәні де, ойы да, киімі де дегендей, мұғалім ол бүкіл болмысымен оқушының алдында тұрған көрнекілік. Әсіресе сөйлеген сөз-адам мәдениетінің биік шыңы. Сөз-тазалықтың, пәктіліктің, имандылықтың жаршысы. Ұстаз сөз арқылы баланың жүрегінен жол табады, сөз арқылы баланың болмыс-бітімін қалыптастырады. Сөз- тәрбиенің негізгі құралы».
Қазіргі заманның педагогі әдепті болуы керек. «Әдептілік, ар-ұят адамдықтың белгісі» дейді халық мақалы. Мұғалімнің бойынан әдептіліктің шуағы шашып тұрмаған жағдайда балаға әдеп дегеннің не екенін үйрету мүмкін болмайды. Әдеп-тәрбиенің қайнар көзі.
Тәрбие жоғарыдағы аталған қасиеттердің бәрін баланың бойына сіңіру. Баланың бойына сіңіру үшін ол ұстаздың бойында болу керек. «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ұстаз Ә.Н.Әл-Фараби. Осы ақиқатты тану-қазіргі заман педагогінің аксиомасы.
Тәжірибемде«Тиімді оқыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, түрлі әдістерді меңгерудемін. Шәкірттердің көңілі тоқ болса-ұстаздардың мерейі үстем бола бермек. Осы тұста Ыбырай Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім-мектептің жүрегі»-деген сөзін тілге тиек еткім келеді.
Біз-ұстаздар қауымы: білім мен біліктілік арқылы шәкірттеріміздің шыңдардың шырқау биігіне қанат қағуына, өзіндік тұлға болып қалыптасуына оқу ісіндегі жаңашылдығымызбен жан-жақты берген тәлім тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
Баспалдағы бұл ғылымның, қиындықтан тұрады,
Оның шынар басына талмайтындар шығады
Талмау үшін әр кезде болу керек төзімді
Сондықтанда сен оған әзірлей бер өзіңді,-деген өлең жолдары менің эссем мен ойымның түйінді дәлелі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет