Бір күні Зәкең біздерге өмірбаянын айтып берді. Аяқ астынан жел соғып, арты сілбілеген жаңбырға айналып кеткен соң, кәрі қайыңның түбін паналап отырғанбыз. Зәкең әрең дегеңде от жақты. Жапырақтардың ара-арасынан қуалап, сорғыған нөсер тамшылары қайта-қайта отты өшіріп тастай берген соң, үстіндегі қаудырлақ сулығын ошақтың үстіне керіп, шатыр жасады. Сол күні ағынан ақтарылған кел-кесір көңіл, қамқор пейілін айтсаңызшы... Біз, лапылдап жанған отты кяумалай отырған үш-төрт бала, Зәкеңнің жауынды күні оқыстан ашылған аялы алақанына әрі тандандық, әрі аң-таң қалдық. Түстен бері ұстаған балықтарын қылдай етіп бөліп берді де: "Кәне, әркім өзі пісіріп жесін", -деді. Қарнын жарып, істік ағашқа шаньппқан балықты шоқтың қызуына қақтай бастадық.
- Жалын шалмасын, оттан әрірек ұстандар, - деп, анда-санда ақыл айтып қояды. Ал өзі пісті-ау деген балықты сыртқы күйік шалған қабығын сыдырмастан, құйрығынан ұстап басын қоса күтірлетіп шайнайды.
- Ең тәтті жері -басы, - деп, күйелепттенген аузынжеңімен сүртіп, қомпаң-қомпаң етеді. Сырт көзге Зәкеңнің біздерден еш айырмашылығы жоқ: бойы да бірдей, аяқ-қолы да қысқа, томаршадай тым кішкене еді. Кейін есейгенде байқадым ғой. Өзінің осыншалық қораш болып жаралғанына қорынады екен...
- Мен, әке-шешемнен бесіктен белім шықпай жетім қалған адаммын, - деді Зәкең ағаштың көз жасы секілді тамшыға алақанын тосып.
- Ағайын-туғанның есігін сағалап күн кешуге тура келді. Сондықтан да тойып тамақ жемедік, бүтін киім кимедік. Сондықтан да аузым аққа жарымай мешел күй кештім. Қарным ашқан соң, қара судың шабағын аулап, талшық ететінмін. Кейін ер жетіп, ел қатарлы өмір сүре бастағанымда, осы әдетті қоя алмай жүрдім. Жал-жая жеп отырсам да, кітірлеп піскен балықтың басын аңсайтын болдым... Қолым қалт етсе, өзенге жүгіретін ауруым бар, тіпті бала-шағамнан ұят... Сібірлеп жауған жаңбыр, тамшы тиген сайын әнтек дірілдеп қалатын су-су жапырақ, өзеннің бір қалыпты арылы, анда-санда шоқ атқылап сырт-сырт жанған от - бар-барлығы біздерді ертекті дүниеге бастағандай еді.
One of the day, Zack told us about his life (or biography). Suddenly, the wind started blew and after it turned into a torrential rain, we were hiding under an old birch tree. As soon as the raindrops, which had fallen from the leaves, extinguished the fire again and again, he put a towel over the fireplace and made a tent. Then Zack barely lit the fire. Tell about his generosity and the care that day… We, 3-4 boys who were sitting and trying to not extinguish the blazing fire, were surprised and amazed at Zack’s attentiveness which was opened on a such rainy day. He divided the fish which he had caught since afternoon and said: “ Let’s everyone make and eat by themselves”. We opened the belly and began to fry the fish in the heat of the fire.
Don’t get burned, Stay away from fire, - he says sometimes advising. When he thought it cooked, He chews the fish, holding it by the tail, without scratching its burnt shell.
The sweetest place is the head – he muttered and wiped his mouth with his sleeve.
Outwardly, Zack was no different from us: he was the same height, his arms and legs were short, and he was low as a hillock. I noticed it later when I was growing up. It turns out he is shy because he was born so unremarkable.
I'm an orphan from my parents' cradle – Zack said, waiting for his hand for a drop of rain like a teardrop from tree
We had to take shelter with our relatives. That's why we didn't eat enough, we didn't wear unrent garments. Because I was poor, so I was speechless. When I was hungry, I fished for chebak and made fiber. Later, when I became a man and started living a normal life, I could not stop this habit. Although I ate zhal-zhaya, I longed for the crispy head of the fish… Of course, I'm ashamed in front of children, but I have a habit of running fishing when I'm free… Torrential rain, sometimes when a raindrop hits, moving wet leaves, bonfire emitted sometimes crackling of burning wood - it was as if we all were into a fairy tale.
Достарыңызбен бөлісу: |