Мен әкемді мақтан тұтамын



Pdf көрінісі
Дата06.05.2020
өлшемі180,35 Kb.
#66362
Байланысты:
Men akemdi maktan tutamyn



МЕН ӘКЕМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН 

Біз атадан алтау едік... Ақбай атамыз-

дың төрт  ұлы: Бек, Ыбырай,  Ж а қ ы п , 

Мәжит және  Қ а м а р атты бір  қызы бол-

ған. Олардың ішінде оқығаны тек менің 

әкем —  Ж а қ ы п .  Ж а қ ы п т ы ешкім де оқы 

деп күштемеген, ол өз талабымен оқы-

ған. Күні бүгінге дейін әкемнің әлдебі-

реудің айтуымен оқыды дегенді естіген 

жоқпын. Түптеп келгенде  ж а с  Ж а қ ы п -

тың бойында оқуға деген ынта-талап 

ерте кезден-ақ  қалыптасқан болуы керек. 

Ол өзінің өмірбаянын былай деп бастап-

ты: «Мен,  қ а з а қ , 1876 жылғы  қ а р а ш а -

ның 25-де (ескі календарь бойынша) 

Қ а р қ а р а л ы округінің Берік қ ар а ауданы-

ның 3 ауылында дүниеге келдім. 1883-84 

жылдары  ж а з айларында өзімнің әкем-

нің  қозысын,  қыс айларында  қойын бақ-

тым. Акбай атамыз малды болған кісі де-

генді естуім бар. Көшпелі  қ а з а қ малмен 

өмір сүргендіктен балаларын  ж а с кезі-

нен-ақ мал бағуға бейімдеген ғой. 

Әкем 1886 жылы  Қ а р қ а р а л ы  қаласын-

дағы  қ а з а қ интернатына келіп оқуға 

кіреді. 1889 жылы Омбы  қаласындағы 

гимназияда оқып, оны бітіріп Петер-

бург университетінің заң факультетіне 

түседі. 1903 жылы осы факультетті алтын 

медальмен бітіреді. Оқудағы алғырлығы 

мен талабы үшін университет советі 

оған заң магистрі ғылыми атағын бе-

реді. Сонымен Ақбаев  Ж а қ ы п мырза — 

қ а з а қ хал қ ына н шы қ қ а н т ұ ңғы ш  з а ң 

магистрі. Ол университетті бітірген-

нен соң еліне оралады.  Ж о л д а с т а р ы , 

ата-анасы «үйлен» дейді.  Қ а р қ а р а л ы н ы ң 

тұрғындары, өзінің жолдастары оған 

Қ алиолл а байды ң сұлу  қызы бар екенін 

айтады. Әкем ол  қызды көргісі келеді. 

Б о л а ш а қ атасына кісілер жіберіп, ниетін 

білдіреді. Мұны естіген  Қалиолла наға-

шы атамыз: «Әлгі  қырдағы Ақбайдың 

бір баласы Петербургта оқып  ж ү р деген-

ді естіп едім, сол баласы оқуын бітіріп 

келген екен ғой.  Қызым көнсе, менің  қар-

сылығым жоқ», — дейді. Әке-шешесі 

қызбен сөйлессе «ол  қ а з а қ қ а бармай -

мын» деп отырып алыпты. Әкесі амалсыз-

дан мынандай амал жасапты: «Жарайды, 

ж а л ғ ы з  қызымсың, сені жылатпаймын. 

Дегенмен, оқыған  қ а з а қ т ы көр, сол кісі 

бүгін келеді» дейді. Үстінде фрак, көзін-

де алтынмен  қапталған көзәйнегі бар 

ж а с  Ж а қ ы п т ы ң киім киісі, жүріс тұрысы, 

сөйлеу мәнері  қызға  ұнайды. Әкеміз де 

сұлу  қызға ғашық болады. Анамның аты 

Гүлбахор (Бахор арапша «көктем» деген 

сөз). Шынымен-ақ ол көктем гүліндей 

сұлу бопты.  Б о л а ш а қ анамыз жігіт көңі-

лінен шыққаннан соң ризашылығын 

білдіреді. Анамыз баруын барады, бірақ 

одан кейінгі өмірі уайым-қайғыға толы 

болған екен. 

1917 жылы  Қ а р қ а р а л ы д а Колчактың 

адамдары әкемізді іздеп жүріп, «Айт, 

жұбайың  қайда!» деп анамыздың басы-

нан асыра мылтық та атқан.  Қайран 

анам не көрмеді десеңізші! 

1903 жылдың күзінен бастап 1905 жыл-

дың  қ а р а ш а айына дейін әкем Омбы  қа-

ласында өз мамандығы бойынша жұмыс 

істейді. Ол кезде  қаланың ақсүйектері 

балл (көңіл көтеретін сауық кеші)  ұйым-

дастырып, көңіл көтеруге әуес болған 

ғой. Ондай кештерге менің ата-анамды да 

шақырып тұрған. Әкем сол кездегі би-

лерді  ж а қ с ы меңгерген екен. Сол үшін 

бірінші сыйлықты әкем алса, ал анам 

сауық кешінің таңдаулы сұлуы аталып, 

сыйлыққа ие болады екен. 

1905 жылдың  қ а р а ш а айынан бастап 

Ақбаев  Ж а қ ы п мырза саяси жұмысқа 

қызу кіріседі. Ақ патшаны ң саясаты н 

әшкерелеп, митингілерде, жиналыстарда 

халықты патшаға  қарсы көтеріліске ша-

қырып сөз сөйлейді. Ж. А қ баевты ң осы 

кезеңнен басталған өмірін, саяси көзқа-

расы мен мақсат-мүддесі жолындағы 

революциялық іс-әрекетін «Орталық  Қа-

зақстан» газетінің шілде айындағы 3 

номерінде басылып шыққан  м а қ а л а д а 

тарих ғылымының кандидаты, доцент 

Р а м а з а н Сағымбеков жақсы баяндай-

ды. Автор көптеген архив материалдарын 

зерттеген, сол уақыттағы бағалы да  құн-

ды деректермен байланыстыра білген. 

Кезінде белгілі  қоғам  қайраткері болса 

да, алпыс жыл бойы есімі аталмай келген 

Ақбаев  Ж а қ ы п мырзаның өз халқы үшін 

сіңірген зор еңбегін нақты деректермен 

қ абыстыр а отырып, ба р шындықты жет-

кізіп берген. 

Соңғы жылдары ғана Алашорда де-

ген партияның мақсаты мен мүддесіне 

б а с қ а ш а көзқараспен  қарай бастадық 

қой. Бұл жайынд а көркем әдебиетте де, 

тарихи  қ ұ ж а т т а р д а да ештеңе айтыл-

май келді. Алашорда партиясының мүше-

лері кімдер болды, олардың мақсаты 

не еді, не үшін бар өмірін  құрбан етті, 

оны көпшілік білген жоқ. Енді-енді ғана 

біле бастадық. Менің әкем де сол партия-

ның мүшесі болған дейді.  О ң а ш а д а ана-

мыз, үлкен ағамыз Мұрат  Ж а қ ы п жай-

ында көп әңгімелейтін. Бірақ екеуі де 

толық білмейтін. Р. Сағымбековтың ма-

қаласын оқып, әкем жөнінде толы қ мағ-

лұмат алдым. Оқырмандарға да осынау 

мақаланың  Ж а қ ы п туралы түсінік-таны-

мын тереңдете түсуге көп септігі тиді деп 

есептеймін. Жеңіл оқылады, барынша 

салмақты, дәлелді жазылған. 



Ақбаев  Ж а қ ы п бірінші рет 1922 жылы 

ұсталып  қ амалды . Тағылға н айып: Алаш 

партиясының мүшесі. Неше жыл,  қан-

шама ай отырды, білмеймін. Көп  ұза-

май әкемді  қамағаннан кейін бізді (шиет-

тей алты бала және шешем)  д а л а ғ а 

қуып шығып, үйімізді заңсы з тартып 

алды. Содан кейін пәтер  ж а л д а п тұруға 

тура келді. Еміс-еміс есімді білерлік бес 

жасымда, 1925 жылы әкем бір  ж а қ т а н 

келді. Көп жөтеліп жүрді. Өзінің  ж а з ғ а н 

өмірбаянына  қарағанда науқасына бай-

ланысты жылы  ж а қ қ а —  Қызылордаға 

тұруға кеткен. Онда тұрып  қ а з а қ халқы-

ның тарихын зерттеген. Біздер  қыста 

Қ а р қ а р а л ы д а ,  ж а з д а  ж а й л а у ғ а шығып 

тұрдық.  Қай атамыздың ауылында екені 

есімде жоқ, сол ауылмен бірге көшіп-

қонып жүріп жазд ы өткізетінбіз. 

Біз атадан алтау едік. Екі  ұл, төрт 

қыз. Біздің есімдеріміздің өзіндік мәні 

бар. Әкеміз  қалай болса солай атай сал-

маған. Үлкен ағамның есімі — Кәмел-

Мұрат, (мұратыма жетейін, жалғасым 

болсын деген мағынада), кіші ағамның 

есімі — Кәмел-Шат (әрқашанда шаттық, 

қуаныш әкелсін деген  м а ғ ы н а д а ) , енді 

«қатарынан екі  ұл болса, біреуінің атын 

Арғын, екіншісінің атын Найман деп 

қоямын,  қ а з а қ т ы қ екі атасыны ң бала -

лары бір анадан туғандай тату тұрсын» 

деп армандайды екен. Бірақ біз  қыз бол-

дық. Сондықтан сол ойын сәл өзгертіп 

мені Аргуня, сіңілімді Наймания деп 

атапты. Үшінші сіңілімнің аты — Аспа-

зия (заманында оқыған білімді, ақыл-

ды, көрікті грек халқының  қызындай 

болсын деген мағынада). Сіңілім өзі-

нің есімін толық ақтады. Кенже сіңілім-

нің есімі — Андромеда (аспандағы жұл-

дыз шоғырының аты,  ж а н - ж а ғ ы н а жұл-

дыздай жарқырасын деген мағынада). 

Бұл сіңілім де ақылды, шешен, әдемі 

болды. Орта мектепті алтын медальмен 

бітіріп, Москва мемлекеттік универси-

тетін ойдағыдай аяқтады, биология ғы-

лымның кандидаты болды. 

Әкеміз туған еліне науқасына байла-

нысты  қымыз ішіп, бала-шағаларын, 

ел-жұртын көріп кету үшін тек  ж а з д а 

ғана келетін.  Ж а з д ы ң бір күнінде «Жа-

қ а ң келе жатыр » деген көрші ауылдан 

хабар жететін. Ата-әжелеріміз, апа-жең-

гелеріміз үй-ішін тазалап, киімдерін жөн-

деп,  қымызын ашытып, әзірлене бастай-

тын. Мен жеті-сегіз жастамын. Бәрі де 

көз алдымда. Әкемнің  қарасы көрінген-

нен-ақ ағайындар алдынан шығып, орта-

ларына алып, ауылға әкеледі. Амандасу-

ға келген  қ а р а с и р а қ  б а л а л а р д ы ң баста-

рынан сипап, «қарақтарым-шырақта-

рым» деп маңдайларынан сүйеді.  Ж а с ы 

үлкен ағайындармен де  құшақтасып, 

төрге отырғызып,  қымыз  құйғызып бере-

ді. Олардың әрқайсысымен әңгімелесіп, 

хал-жағдайларын сұрайды. Әкемнің 

осындай бауырмалдығына орай халық 

та оны  ж а қ с ы көретін. 

Ауылда той болып  ж а т қ а н секілді. 

«Жақанмен амандасамыз» деп, көрші 

ауылдардан да келіп жатады. Ағайын-

дардың біреуінің үйінде түстеніп, екін-

шісінің үйінде кешкі  қонақасын жеп, 

бірнеше күн дем алып, мауқын басқаннан 

соң өзінің әдеткі шаруасына кірісетін. 

Күндердің бірінде Күнекеңе (шешемді 

осылай атайтын) «Ортадағы столды жи-

на. Анау кішкентай орындықтарды орта-

ға  қой, көрші келіндерге айт, су жылыт-

сын.  Ж а с балаларды жинап алып кел-

сін», — дейді. Өзінің 

қ олсандығына н 

сабын, түрлі дәрілер шығарады. Сол ара-

да ауылдың балалары да келіп жетеді. 

Біреуінің көзі ауырады, біреуінің басына 

жара шыққан, енді бірінің аяғы жарыл-

ған. Ыстық су алып келген көрші келін-

дер  б а л а л а р д ы суға түсіргеннен соң, 

әкем оларды емдеуге кіріседі. Алдымен 

ж а р а шыққан жердің шашын  қайшылап 

алады. Содан кейін сабынмен  қолы-ба-

сын  ж а қ с ы л а п жуады, басын  құрғатып 

сүртіп,  ж а р а түскен жерлеріне дәрімай 

жағады. Аяғы жарылған болса,  ж а т а р д а 

мына вазелинді  ж а қ деп әрқайсының 

қолына бір-бір вазелин береді. Әкем 

ауылдан кеткенше  б а л а л а р д ы ң көзі-

басы, аяғы жазылып,  қ ұ л а н т а з а айығып 

кетеді.  Қалған-құтқан дәрілерін, басқа 

да емдік заттарын балалы үйлерге тара-

тып береді. 

Мен мұның барлығын  қызық көріп  қа-

рап отырамын. «Кәне көрейін, сенің ба-

сыңда да  ж а р а бар ма? — дейді менің 

басымнан сипап. «Сендерде сабын бар, 

басқа балаларда ол жоқ.  Ж а ғ д а й л а р ы 

ауырғой», — деп күрсіне 

қ амығатын . 

Әкемнің барлық балаларды өзінен туған-

дай жақсы көріп, аялы алақанымен басы-

нан сипап, әкелік ыстық ілтипатын біл-

діргеніне мен сондай  қатты  қуанатын-

мын. 

Әкем айдаудан, Колчактың өлім  ж а з а -



сынан  құтылып, совет өкіметі орнаған-

нан кейін жеті-сегіз жыл тыныш өмір 

сүрді. (Отызыншы жылы  қайта  ұстал-

ды). Осы жылдары өзінің негізгі  қызме-

тін  а т қ а р а жүріп, зерттеу жұмыстарын 

да  қ а т а р жүргізеді. Ақбай әкесінің  ұр-

пақтарын оқыту үшін барлық күш-қуа-

тын,  қайратын жұмсайды. Ыбырайдың 

балаларын жылда келген сайын оқуға 

орналастыруға алып кетеді. Кейінгі кел-

гендерінде өзінің екі баласын да  қоса 

алып кетті. Біреуін Ташкентке, енді бі-

реуін Алматыға оқуға орналыстырды. 

Ж а л п ы кімде-кім оқуға талап білдірсе, 

оның бетін  қайтармайтын. Соған дәлел 

мына сурет. Суретте әкем Ыбырай ағасы-




ның бала-шағасынын ортасында отыр. 

Сол  ж а қ т а жоғары  қатарда екінші тұр-

ған менің кіші ағам Кәмел-Шат. Оң  ж а қ -

та әкем жөнінде көбірек білетін  Р а з а қ 

есімді ағайын отыр. (Оң  ж а қ т а екінші). 

Ыбырай ағасына ренжіп жүрсе де бала-

ларын оқытқан әкемнің ықпалымен Ыбы-

райдың үлкен баласы Абдул-Хамит Орта 

Азия мемлекеттік университетінің  з а ң 

факультетін 1928 жылы бітіріп, 1931 жы-

лы репрессияға  ұшырап, 1937 жылы 

атылған. Абдул-Хамит ағамыз ақылды 

болған дегенді естігенмін (сол  ж а қ т а 

бірінші  қ а т а р ) . 

Ыбырай атамыз да 1937 жылы баласы 

секілді  қамалып атылған екен. Репрес-

сияға үш Ақбаев  ұшырады: Ыбырай, 

Ж а қ ы п , Абдул-Хамит. 

1928 жылы  ж а з д а әкем елге келіп, ауыл-

дың балаларын бұрынғыша емдеп бол-

ғаннан кейін «Сендер жел  ж а қ қ а  қарап 

тұрмаңдар, желмен көтерілген шөптің 

қиқымдары көздеріңе түседі, көздерің-

нің ауыратыны сондықтан» деп үйретеді. 

Біраз тынығып алғаннан кейін шешеме: 

«Күлеке, Аргуняны жолға жина. Оқуға 

алып кетемін. Келесі жылы барлықта-

рыңды да көшіріп аламын», — деді. Амал 

не, ол бұл арманына жете алмай кетті. 

Анам жылап:  « Ж а с  қой, (сегіз жаста-

мын) бір жыл үйде болсын», — деп еді, 

әкем: «Жылайтын не бар, екі ағасы сол 

ж а қ т а , мен бармын, Ыбырайдың бала-

шағалары да жүр ғой, оқысын», — деп 

көнбеді. Сонымен шешем көйлек-көншек-

терімді жинап, жылап-сықтап бізді шы-

ғарып салды. 

Біздер екі күн жол жүрдік. Бір ауылда 

түстенеміз, екінші ауылға  қонамыз, ауыл-

дың адамдары  « Ж а қ а ң келді» деп, ыстық 

ықыластарымен сый-құрметін көрсетіп 

жатады. Үшінші күні мен үйді сағынып 

жылап алдым. «Алысқа бармаймын.  Қар-

қ аралыд а өзімнің мектебімде оқи-

мын», — деп отырып алдым. Алған бетім-

нен  қайтпайтынымды сезді білем, әкем: 

«Жылама», — деп мені үйге  қайтарды. 

1930 жылдың жазында Ташкентте оқып 

жүрген ағамыз Мұрат 

Қ а р қ а р а л ы ғ а 

келді. Әкеміздің  қамалғанын айтып, бізді 

Алматыға көшіріп әкетті. Өзі жұмысқа 

орналасты. Шешемді машинисткалар 

даярлайтын курсқа берді. Шешем курсты 

бітіргеннен кейін жұмыс істей бастады. 

Мұрат кіші ағама: «Сен бөлек жүр, егер 

бір жерде отырсақ, екеуімізді бірдей алып 

кетеді, бізсіз мына балалар  қалай күн 

көреді», деген соң Кәмел-Шат, амалының 

жоқтығынан, басқа  қ а л а ғ а ауысып кет-

ті.  Қ а з а қ халқының репрессияға  ұшыра-

ған асыл азаматтарының семьясы небір 

лагерьлерде  қорлық көрсе, біздер бос-

тандықта жүріп азапты көп шектік. 

...1931 жылы бір күні Мұратты алып 

кетті. Одан кейін шешемді де  қамап  қой-

ды. Төрт бала, үлкені — мен, он жаста-

мын, үйде  ж а л ғ ы з  қалдық. Бірнеше күн 

бір бұрышқа тығылып, жылап отырдық. 

Туысқандар да, нағашыларымыз да бар 

болатын. Бірақ араласпайды.  Қорқады. 

Осы бір кезеңде менің денсаулығыма 

үлкен зиян келді. Бірер айдың шамасын-

да шешем де, Мұрат та  қайтып келді. 

Сол кезде түрмеде отырған әкемнен «Қа-

зақстаннан басқа  ж а қ қ а көшіңдер» деген 

хабар келді. Сөйтіп біз осы жылдың жа-

зында 


Қ а р а қ а л п а қ с т а н н ы ң Төрткөл 

деген  қаласына көштік. Енді біздер Мұ-

раттың тәрбиесінде  қалдық. Ағамыз сым-

батты,  қатал, өжет мінезді болатын. Өзі-

не де, өзгеге де талап  қоя білетін. Әде-

биетті көп оқыған, орысша сауатты сөй-

лейтін. (1910 жылы туған). Бізді тәр-

тіппен  ұстады, түске дейін мектеп, одан 

кейін бір-екі сағат ойнауға рұқсат етеді. 

С а б а қ даярлауға отырамыз, тағы да 

ойнап келеміз, шешемізге көмектесеміз. 

Кешкілік көркем әдебиет оқимыз.  « Ж а қ -

сы оқыңдар, көркем әдебиетті көп оқың-

дар, сонда ғана  ж а қ с ы адамдар болып 

өсесіңдер» деп ескертіп отыратын. Әр-

қайсымызға жасымызғ а лайы қ кітап 

әкеліп беретін. Бара-бара кітаптарды 

өз бетімізше  құмарлана оқитын дәрежеге 

жеттік. Мұрат шындықты сүйетін, жал-

ған сөйлемейтін. Бізді де соған тәрбие-

леді. 

1933 жылы біз елімізге  қайтып, Шым-



кентте тұрдық. 1934 жылы  ж а з айында 

әкем  қамаудан босап келді. Мен әкеме 

қ айта- қ айт а  қараймын. Басы үлкендеу 

келген,  қалың  қара мұрты бар, көзқара-

сы жұмсақ, барлық тұлғасына бір жы-

лылық нұры жарасып тұрғандай. Ауруы-

ның созылмалы екенін байқадым. Оңаша 

жерге барып, әкемді аяп, жылап та ала-

тынмын. Үйде біраз тыныққаннан соң 

әкем «Алматыға барайын, жұмысқа тұ-

рып, сендерді көшіріп алайын» деп жүріп 

кетті. Алматыға келген соң аз уақыттан 

кейін  қайтыс болды. Біздер жылап-еңіреп 

қ ал а бердік. Амал не,  қ айра н әкем жүре к 

түкпіріндегі асыл мұраттарына жете 

алмай өмірден  қыршын кетті. 

1935 жылы біздің семья Шымкенттің 

Қорғасын заводынд а тұрды. Мен 8-клас-

ты бітірдім. Бір күні Мұрат мені Москва-

ға  а п а р м а қ болып жолға дайындалды. 

Шешемнің «алысқа апармай-ақ  қой, 

жақын  қ а л а л а р д ы ң біреуіне орналастыр-

саң да жетеді ғой» деген сөзіне бой бер-

меді. «Астанада  ж а қ с ы білім береді, өзін-

дей  қыздармен бірге оқып, стипендия 

алып,  ж а т а қ х а н а д а жатады»,  — д е п бол-

мады. Екеуіміз Москваға аттандық. Келі-

сімен Зүфнун апайдың (Зүфнун — Ыбы-

рай атамыздың үлкен  қызы, Н. Нұрма-

қовтың ж ұ байы ) істеп жүрген кеңсесіне 




келдік. Мен фоэде тұрдым. Мұрат екін-

ші  қ а б а т қ а көтеріліп, жоғарыдан түсіп 

келе  ж а т қ а н апамызбен амандасып, 

сөйлесті. Апам мен  ж а қ қ а бір  қарады да, 

екінші  қайыра көзін салмады. Мұрат 

ол кісіден көңілсіз оралды. 

«Жүр, халық ағарту комиссариатына 

барамыз» деп мені ертіп алды. Крупская-

ға кірмек болып, ниет білдіргенімізде 

оның  қабылдайтын күні еместігін айтып, 

бізді кіргізбей  қойды. Мұраттың алыстан 

келгендігін жеткізген сөзіне де мән берме-

ді. Амалсыздан Мұрат кабинеттің есігін 

баса-көктеп ашып,  Н а д е ж д а Констан-

тиновнаның алдына бардық. Ол кісі біз-

дің отыруымызды өтінді. Мұрат келген 

жұмысын айтты. Мені техникумға ор-

наластыруына көмектесуін өтінді. Надеж-

да Константиновна маған  қарап: «Тым 

ж а с екен. Бір жыл үйде болсын, ендігі 

жылы алып келіңіз, міндетті түрде көмек 

көрсетемін, сөзімді беремін» деді. Шы-

нында да ол кісі мені аяған болуы керек. 

Москвада бірер күн аялдап, Третьяков 

галлереясында болдық, Мавзолейге бар-

дық, үлкен театрда опера тыңдадық... 

Он шақты күннен кейін ағам мені Таш-

кентке алып келді де, Орта Азия мемле-

кеттік университетінің жанындағы жұ-

мысшы факультетінің 3-курсына орна-

ластырды.  Ж а т а қ х а н а с ы бар, стипен-

дия аламын. Бұл оқуды жақсы бітіріп, 

орта білімі бар деген  қ ұ ж а т қ а ие бол-

дым. Ол кезде жасым 16-ға жеткен еді. 

«Қандай институтқа түскің келеді?» деп 

ағам сұрайды. Мен болсам «қайсысын 

сіз  қаласаңыз, мен соған баруға келі-

семін» деймін. Сен осы дәрігер болшы 

деді ағам. Уәде бойынша мені мединс-

титутқа алып келді. Кабинеттерді ара-

лап жүріп, өліктерді көргеннен соң 

жүрегім шайлығып, «мұнда оқымаймын» 

деп азар да безер болдым. Сөйтіп біз 

маңдайшасында «химия факультеті» 

деген жазуы бар үйге келіп кірдік. Бір 

аудиторияға кіргенімде столдарды, пол-

каларды, оларға жиналған түрлі-түрлі 

шыныдан  ж а с а л ғ а н стакандарды, кол-

баларды, тағы басқа біраз аспаптарды 

көрдім. Ағамның «осында оқисың ба» де-

ген сауалына «иә» деп  ж а у а п бердім. 

Бұл Орта Азия мемлекеттік универси-

тетінің химия факультеті екен.  Қабылдау 

емтиханын ойдағыдай тапсырып, кон-

курстан өтіп, бірінші курсқа  қабылдан-

дым. Мұрат жоғарыда айтылған жағдай-

ларға байланысты өзі тастап кеткен по-

литехника институтына  қайта оқуға кі-

рісті. Күндіз институтта оқиды, кешке 

жұмыс істейді, мектепте  с а б а қ береді. 

Ара-арасында біздерге келіп, жағдайы-

мызды біліп тұрады. Бұл кезде Наймания 

да техникумға орналасқан болатын. 

Демалыс күндері жиналып үйге барамыз. 

Бізді талай 

қиын-қыстау жерлерден 

аман-есен алып шыққан, білім бұлағы-

нан сусындауға үйреткен, төртеуіміз-

дің де ғалым болуымызға дәнекер болған 

осы Мұрат ағамыз. Ол әкеміздің «қарын-

дастарыңды оқыт» деген сөзін толық 

ақтады. Аға болсаң Мұраттай-ақ бол! 

Ол кездегі студенттердің киімі жұпыны 

еді. Оған мән бермейтінбіз. Мақсатымыз 

тек оқу болатын. Білімге деген ынта зор. 

Өстіп оқып жүргенімізде талай  қ а з а қ 

баласын  қ а з а ғ а  ұшыратқан  қанды 1937 

жыл келді. Күні бойы радиодан Троц-

кийдің, Бухариннің, Каменевтің, Зино-

вьевтің фамилияларын атап, халық жау-

лары осылар деп насихаттаумен болады. 

Халықта үрей жоқ. Студенттер де  қорқа 

бастады. Бір түнде Ташкенттегі жоғары 

оқу орындарында оқып жүрген бір топ 

қ а з а қ балалары н алып кетті. Ола р  қай-

тып оралған жоқ. Басты кінә олардың 

байдың балалары болғандығы. Бірақ сол 

кездегі студенттердің барлығы да байдың 

баласы деу  қате. Валерий Михайлов 

1990 жылы басылып шыққан «Хроника 

великого джута» деген кітабында былай 

дейді: «Специальная комиссия Совнарко-

ма  Р С Ф С Р в 1925 году подсчитала, что 

на селе 64,7 процента середняков, 24 

процента бедняков и 6,9 процента кула-

ков, вряд ли данные по Казахстану силь-

но расходились с этими цифрами» (стр. 

56). Оқып жүрген студенттердің көпшілі-

гі орта шаруаның балалары. Олардың 

арасында кедейдің ле балалары болды. 

Кім талаптанды, сол оқыды. Баршамыз-

дың оқуға деген ынтамыз ерекше еді. 

Кейбір орыс тіліне аударылмаған тақы-

рыптарды неміс тілінде жазылған тұп-

нұсқадан оқып жүрдік. 

1937 жылдың бір кешінде Мұрат келіп: 

«Сен ертең мен келмей  қалғандай бол-

сам, еш нәрседен  қорықпа, оқуыңды тас-

тама», — деді. Мен  қорыққанымнан тү-

ні бойы  ұйықтай алмадым. Бір түнде  ж о қ 

болып кеткен балалардың кебін Мұрат 

та кие ме деп  қорықтым. Ертеңінде ол 

қуанып келді. «Енді  қорықпаймыз, мен 

бір жерге барып келдім. Тимейміз, оқи 

беріңдер деп айтты», — деп мені  қуантып 

тастады. Сөйтті де Найманияға кетті. 

Бір-екі күннен соң екі адам келді де маған 

«жүр» деді. Үлкен бір үйге алып келді. 

Ол ОГПУ екен. Бір бөлмеге отырғызып 

қойды.  Қ оры қ қ анымна н дір-дір етемін. 

Әкең  қайда, кім өсірді, тағы басқа осы 

секілді сұрақтар  қойып, есімді шығарды. 

Сол күні кешке дейін отырдым.  Ж а т а қ -

ханаға жетісімен Мұратқа барлығын 

айттым. Ол: «Уайымдама, мен оларға 

қ айтада н барамын», — деді. М ұ ны ң ал-

дында Мұрат ОГПУ-ға: «мені іздеп әуре-

ленбеңдер, мен Ақбаев  Ж а қ ы п т ы ң бала-

сымын, өз еркіммен келдім», — депті де, 



біздің және шешесінің, інісінің тұратын 

жерлерін түгел айтып беріпті. ОГПУ-дың 

адамдары Мұраттың өз бетімен келіп, бә-

рін ескерткеніне риза болып, «ешнәрсеге 

алаңдамай оқи беріңдер, сендерге тиіс-

пейміз» деп шығарып салған екен. Олар-

дың өз сөздерінде тұрмағандықтарына 

ашуланып,  қайтадан барды.  Б і р а қ олар-

дың тиіспейміз дегеніне сену  қиын еді. 

Сөйтіп жиі  қобалжитын болғандықтан 

менің денсаулығым нашарлай бастады. 

Бірінші курсты бітіре алмай, демалыс 

алып үйге  қайттым.  Қ а з а қ орта мекте-

біне 7-10 кластарға химия пәнінен  с а б а қ 

беруге жұмысқа орналастым. Бір жыл 

өткеннен кейін Ташкентке барғым кел-

меді де, Мұратпен ақылдасып, Алма-

тыға,  қ а з а қ мемлекеттік университеті-

нің химия факультетінің 2-курсына ауыс-

тым. 


1940-41 оқу жылында Сталин «сту-

денттерге стипендия беру тоқтатылсын» 

деген бұйрық шығарды. Күн көріс  қиын-

дап кеткендіктен, студенттердің көпші-

лігі амалсыздан оқуларын тастауға мәж-

бүр болды. Олардың көпшілігі  қ а з а қ т а р 

еді. Ол кезде Алматыда менің нағашыла-

рым тұратын-ды.  Қ а р қ а р а л ы д а кезінде 

біраз уақыт үйінде тұрған нағашы ағам 

Мәжиттің бір  ұл, бір  қызы осында семья-

сымен тұратын еді. Екеуі де менен үлкен. 

Менің оқуды тастамай университетті 

бітіріп шығуыма көп көмектескен осы 

екі семья. 

Қ ан қ ұ йл ы 1941 жыл келді. Отанғ а төн-

ген қауіп ер азаматтарды кімнің  ұлысың 

деп таңдауға мұрсат берген жоқ. Екі 

ағам да майданға аттанды. Мұрат атта-

нып бара жатып маған: «Сен енді семья-

ның үлкенісің. Балаларды жинап, шешең-

мен бірге отыр», — деді. «Біз  қайтып 

оралғанша семьяны сақтау сенің мойның-

да» деп тағы да ескертті. Сөйтіп не де 

болса бір жерде болайық деп Ташкент-

те оқып жүрген сіңілілерімді шақыртып, 

Қорғасын заводындағ ы үйге жиналды қ . 

Мұрат 1940 жылы үйленген болатын, 

оның да келіншегін шақыртып алдық. 

Бұл жерде өмір сүру  қиын болғандық-

тан,  Ж а м б ы л облысының Сарысу ауда-

нына көшуге мәжбүр болдық. Бұл соғыс 

біздің енді-енді  қалыптасып келе жат-

қан өміріміздің астан-кестеңін шығарды. 

Небір ойлар бар еді, бәріңің күл-талқаны 

шықты. Осы ауданда тұрып жатқаны-

мызда Мұраттың бір  ж а с қ а да толмаған 

кішкентай  ұлы  қайтыс болды. Мұрат 

баласын да көре алмады. 

Соғыс аяқталғаннан соң екі ағам да 

қайтып оралды. Кемел-Шатты ң омы-

рауында  Қызыл  Ж ұ л д ы з ордені жарқы-

райды. Көп  ұзамай екеуі де науқастанып, 

ұ за қ ауырып  қайтыс болды. Біз ерже-

тіп  қалғанбыз. Мен осы облыстың Шу 

ауданына көшіп келдім. Сіңілілерім оқуға 

аттанды. Наймания педагогикалық инс-

титуттың филология факультетіне, Ас-

пазия КазГУ-дың заң факультетіне түс-

ті. Андромеда Москва мемлекеттік уни-

верситетіне аттанды. Мен оларға мүмкін-

дігім келгенше көмектесіп отырдым.  Қо-

лымда шешем, екі балам бар. 1948 жылы 

«босқа  қарап отырмайын» деп,  К а з П И -

дің филология факультетінің орыс тілі 

мен әдебиеті мамандығы бойынша сырт-

тай оқуға түстім. Бірақ көңіліме  ж а қ -

пады. Өзім оқыған химия факультетіне 

аңсарым ауды да тұрды. Оның сырт-

тай оқитын бөлімі  ж о қ екен. Арада он 

жыл уақыт өтіп кеткен, «Тәуекел» деп 

КазГУ-дың ректорына  б а р м а қ қ а бекін-

дім. Ректор Төлеген Тәжібаевқа жағ-

дайымды айтып, он жыл бойы мектепте 

сабақ бергенімді,  қатардағы мұғалім-

діктен мектеп директорлығына дейін 

көтерілгенімді айтып жеткіздім.  К а з П И -

дың 3-курсын сырттай бітіргенімді де 

айтып бердім.  Б а р л ы қ сабақтарды «өте 

жақсы» деген бағалармен тапсырған 

зачеткамды да алдына  қойдым. Соғыс-

тан бұрын 4 курс бітірген едім, тіпті бол-

маса 1 курс төмен болса да  қабылдауы-

ңызды сұраймын деп өтіндім. «Болмайды, 

заңда үш жыл үзілістен кейін ғана  қа-

былданады» деп көрсетілген. 1-курстан 

қ айтада н оқы» деп отырып алды. Осын-

дай ойымды айтып ол кісінің алдына әлде 

неше рет бардым. «Бетіңнен  қайтпай-

тын  қыз екенсің, осы сен кімнің баласы-

сың?» — деді ол. 

— Жақыптың, — дедім. 

—  Қай  Ж а қ ы п ? — деген оның сұрауына 

амалсыздан бар шындықты айтуға тура 

келді. Ақбайдың  Ж а қ ы б ы н ы ң  қызы екен-

дігімді естігеннен кейін, сәл уақыт ойла-

нып отырды да, проректор Сокольский-

ді шақыртуға секретарь  қызды жіберді. 

Проректор келгеннен кейін «Мына  Ж а -

қыпованы сіз білесіз, Москвағ а өз аты-

ңыздан жеңілдік ретінде 3-курсқа  қабыл-

дауға рұхсат сұраңыз» деді. Телеграм-

ма жіберілгеннен кейін ол  ж а қ т а н «қа-

былдансын» деген хабар да келді. Сонда-

ғы  қуанышымды айтсаңызшы! 

Университетті  ж а қ с ы бітіріп жолдама 

беретін комиссия алдында болған мына 

бір әңгіме әлі күнге дейін есімде. Бірінші 

сөйлеген профессор Сокольский (мен осы 

кісінің кафедрасын бітірдім). мені аспи-

рантураға 

ұсынатындығын, еңбекқор, 

тәртіпті екендігімді комиссия мүшелері-

не жеткізді. Сол екі арада біреуі «мұның 

ата-тегі жаман,  қабылдауға болмайды» 

деді. Комиссия екіге бөлінді. Сөйтіп, осы 

мәжілісте мен университеттің аспиран-

турасына  қабылдандым. Мен академия-

ның аспиранты болып  қабылданғаннан 

кейін президент  Қаныш Имантайұлы 



Сәтбаевқа жолығуыма тура келді. Ол 

уақытта президентке кіру оңай болатын. 

Ғалымдар аз. 

— Отыр  қарағым, — деді. Көптен бері 

естімеген бұл сөз іші бауырымды елжі-

ретіп жіберді. Әкем есіме түсті.  Ж ы л а у ғ а 

ш а қ  қалдым. Ол кісі менің әкемді  ж а қ -

сы біледі екен. Ара-арасында  « қ а р а қ т а -

рым-ай, көп 

қиыншылық көрдіңдер 

ғой», — деп, менің әңгімемді зейін  қоя 

тыңдап отырды. Академияның іс басқа-

рушысын шақыртып алып, маған бір 

бөлме тауып беруді талап етті. 

1956 әлде 1957 жылы ма, есімде жоқ, 

Қаныш ағай әперген сол бөлмеде жұмыс-

пен айналысып отыр едім, біреу есік  қақ-

ты. Біреуі  қалтасынан куәлігін шығарып 

көрсеткен бойда-ақ, көзім  қарауытып 

сала берді. Сөйтсем бұлар  Н К В Д - н ы ң 

адамдары екен.  Қорыққанымды білдір-

мей сіресіп отырмын. Сәлден соң біреуі 

келіп сұрақтың астына алды. 

— Әкең  қайда? — деді. 

— 1934 жылы  қайтыс болған. 

— Ол не үйретіп кетті? 

— Мен  ж а с  қалдым. Ештеңе үйреткен 

де жоқ, тек «жақсы оқыңдар, балала-

рым» деген сөзі есімде. 

— Бейімбет Майлинді білесің бе? 

— Естуім бар,  ж а з у ш ы болған. 

—  Қандай шығармасын оқыдың? 

—  Қ а з а қ тіліндегі кітаптарды тез оқи 

алмаймын. 

— Не істеп жүрсің? 

— Диссертация жазып жүрмін. 

Осындай бірқатар сұрақтарды  қойған-

нан кейін маған  қояр кінә таға алмаған-

дықтан ба,  қайтарып жіберді. 

Арада біраз уақыттан кейін кандидат-

тық диссертациямды да  қорғадым. Одан 

екі жыл бұрын Аспазия Москва мемле-

кеттік университетінде диссертациясын 

қорғап, за ң ғылымының кандидаты ата-

ғын алған болатын. Ол  қ а з а қ  қыздары-

ның арасында тұңғыш заң ғылымының 

кандидаты. Ал Андромеда — биология 

ғылымының кандидаты, Наймания — 

филология ғылымының кандидаты деген 

атақтарға ие болды. Төртеуімізде аста-

наның төрт жоғарғы оқу орындарында 

доцент атағын алып, жұмыс істеп жат-

тық. Мен және Аспазия кафедра меңге-

рушісі болсақ,  қалған екеуі  қ а т а р д а ғ ы 

доцент болды. 

Мақсатымызға жетіп, кезінде төбеміз-

ден үйірілген  қара бұлттан арылдық 

деп енді-енді ел  қатарына  қосылып, ес 

жия бастағанда екі кенже сіңілім  қай-

тыс болды. Андромеда  қырық жасын-

да, ал Аспазия докторлық диссертация-

сын аяқтап, университеттің үлкен сове-

тінен өтіп, енді Москваға  қорғауға атта-

намын деп отырғанда 47 жасында  қайтыс 

болды. Бұл  қ а з а бізге, әсіресе шешеме 

ауыр тиді. 

1930 жылы бала кезімде кеткеннен 

туған еліме  қайтып оралмаған менің 1967 

жылы  Қ а р қ а р а л ы ғ а баруымның сәті кел-

ді.  Қ а р қ а р а л ы  қаласы маған  ұнамады. 

Қ ал а әбден тозған. Кезінде көз жауы н 

алатын ағаштан салынған әсем үйлердің 

сәні кеткен.  Б а л а кезімізде көшіп-қонып 

жүрген ауылдарда болып, көп ағайын-

дармен дидарластым. Олар болса «Жа-

қ аңны ң аруағ ы келді» деп 

қ ұ ша қ та п 

жылайды. 

Бірде аудандық оқу бөліміне кірдім. 

Қ абырғад а осы  Қ а р қ а р а л ы аймағына н 

шыққан ғалымдар мен өнер адамдары-

ның суреттері ілінген екен. Олардың ара-

сында Мүсілім Ермековтың, халық ар-

тисткасы Ш. Жандарбекованын суреті 

бар еді. Солармен  қатар ешқандай ғы-

лыми атағы жоқ, ЖенПИ-дің мұғалімі 

3. Исабековтың да суреті тұр екен. Ақ-

баев  Ж а қ ы п мырзаның Алматыдағы 

төрт ғалым  қызының суреттерін ілуге 

корықтыңдар ма деген сауал  қоюға мәж-

бүр болдым. Кезінде  қоғам  қайраткер-

лері болған Әлихан Бөкейханов,  Ж а қ ы п 

Ақбаев, Әлімхан Ермеков секілді ер аза-

маттардың  ұрпақтары емессіңдер ме, кім-

нен  қаймығасыңдар дегім келді.  Ж а қ ы п -

тың бала-шағасы кезінде  қудаланып, 

өмірдің ащы дәмін көп татса да өздері-

нің  қайрат-жігерлерінің арқасында  қата-

рынан  қалмай ғылым көкжиегіне кө-

терілген. Біздің басқалардан  қандай кем-

шілігіміз бар дегім келді. Ол кезде біз-

дің атымыз газет-журналдарда шығып 

жүрді. Ендеше біздің де суретіміз жаңа-

ғылардың  қатарынан орын алуы заңды 

ғой. 

Қ а р қ а р а л ы л ы қ ағайында р бізді тек 



Ақбаевтың  ұрпақтары деп  қорқып жүр-

ген жоқ... ЬІбырай атамыздың ақылды 

баласы Абдул-Хамит репрессияға  ұшы-

рап  қ а з а тапты. Содан кейін оның кейінгі 

ұлдары А қ байды ң да, Ыбырайды ң да 

атын алмай, үш-төрт ата  ж о ғ а р ы ата-

мыздың атын Жандеркин деп фамилия 

қылып, тып-тыныш өмір сүрді. 

Қазыкен ағамы з кішіпейіл, бауырмал . 

Ол кісіні барлығымыз жақсы көреміз. 

1949 жылы  Қазыкен бастаған бір топ ға-

лым меринос  қойын алып, осы еңбектері 

үшін лауреат атанды. Осындай жоғары 

а т а қ қ а мастанған ол ішімдікке әуестенді. 

Ағасының теріс жолға түскенін жақтыр-

маған Мұрат оған бірнеше рет  қатты да 

айтты. Сөйтіп бірте-бірте екеуінің арасы 

ашыла бастады.  Қазыкен Мұрат  қайтыс 

болғаннан кейін де  Ж а қ ы п т ы ң бала-

шағасын кез келген жерде жамандауды 

әдетке айналдырды. Әсіресе  Қазыкен-

нің  Қ а р қ а р а л ы ғ а жиі барып, біз туралы 

теріс пікір айтқаны жанға батады. Осын-

дай өсек-аяңның салдарынан  қ а р қ а р а -

лылықтардың Мұрат туралы теріс пікірі 



қ алыптасты . Біз  Қазыкеннің бұл әреке-

тіне көңіл аударған жоқпыз.  М ұ р а т бол-

са 1930 жылдан кейін  Қ а р қ а р а л ы ғ а бар-

ған емес. Ендеше  қ а р қ а р а л ы л ы қ бауыр-

лардың  қайдағы бір өсек сөзге сеніп 

Мұрат сынды азаматтарына теріс  қа-

рауы  ж а р а с п а с деп ойлаймын... 

...Соңғы жылдары репрессияға  ұшыра-

ған  қ а з а қ азаматтары  а қ т а л а бастады. 

Газеттерде әкемнің есімі көрінбегендіктен 

мен іздеу салдым. Сонау Мәскеуде дейін 

жаздым. Ең соңында  Қ а з а қ  С С Р Мем-

лекеттік хауіпсіздігі комитетінен «Ақбаев 

Ж а қ ы п 1958 жылы февраль айының 28 

күні  а қ т а л ғ а н » деген хабар келді. Күні 

бүгінге дейін осы хабардың  Ж а қ ы п  ұр-

пағына жетпегеніне таң  қаламын. Оның 

артында  қалған жеті  ұрпағының бесеуі 

әкесінің ақталғанын білмей өмірден өтті. 

Әкеміздің ақталғанынан бері 33 жылдай 

уақыт өтсе де күні бүгінге дейін ол жай-

ында хабарсыз болғандықтан, бұл істің 

ақ-қарасын анықтау үшін тиісті орындар-

ға бардым. Біздің Ыбырай атамыз бен 

оның баласы Абдул-Хамит та 1958 жылы 

ақталыпты. Мұны да осыдан сәл-ақ уа-

қыт бұрын естідім. 

Ақбай атамыздың Бек және Мәжит 

есімді балаларының  ұрпақтары Алма-

тыда тұрып жатыр. Менің нағашыла-

рымның ішінен де әкеміз секілді револю-

ционер болғандар бар. Соның бірі на-

ғашы атамыздың Мақсұт деген баласы. 

Ол 1883 жылы туып 1912 жылы  қайтыс 

болған. Революциялық  қызметі үшін 

1906 жылы тұтқынға алынып, Орынбор 

өлкесіне жер аударылған. Сол жерде 

өкпе ауруынан  қайтыс болған. 

Ақбаев  Ж а қ ы п мырзаның жеті немере-

сі бар. Андромедадан екі  ұл  қалған. Ас-

пазиядан үш  қыз бар. Менің бір  ұл, бір 

қызым бар.  Қызым мен күйеу бала м өн-

діріс инженерлері, 

ұлым КазГУ-ды ң 

химия факультетінде жетекші доцент, 

докторлығын аяқтайын деп жүр. Келі-

нім — халық  қалаулысы, 

Қ а з а қ  С С Р 

Ж о ғ а р ғ ы Советінің депутаты, жастар-

мен жұмыс жөніндегі комитетінің төр-

ағасы. 

Әкеміз Ақбаев  Ж а қ ы п мырзаның өмір-

баяны екі энциклопедияда аталған. Бі-

ріншісі — 1989 жылы шыққан 

Қ а з а қ 

ССР-нің  қ ы с қ а ш а энциклопедиясы, екін-

шісі — 1990 жылы шыққан «Қарағанды 

және  Қарағанды облысы» деген энцикло-

педия. 

Ақбай атамыздың өзінің  ұлына азан 

шақырып  қойған есімі  Ж а қ ы п . Ол келе-

келе  Ж а қ ы п мырза аталған. Біреулер 

мырза деген сөзден ат-тонын ала  қаша-

ды. Ал шын мәнінде әкеме  қойылған мыр-

за оның жомарттығына, 

қ олыашы қ -

тығына берілген баға тәрізді. Шешемнің 

айтуына  қ а р а ғ а н д а ол өзінің азын-аулақ 

малын кедейлерге бөліп берген. Ауылдан 

қ айтарынд а арты қ -ауы с киім-кешегін 

кедей-кепшікке беріп, бір көйлекпен де 

қайтып жүрген кезі болған. Ал, ауыл 

балаларын емдеп, оларға дәрі-дәрмек-

тер мен басқа да тұрмысқа  қажетті 

заттарды тегін бергенін менің көзім та-

лай көрді. Сондықтан да әкеміздің  Ж а -

қып мырза деп  қ осарлан а аталуын а мен 

ризамын. 

Өз халқы үшін бар өмірін сарп етіп, 

халқының келешегі үшін күрескен аяулы 

әкемнің есімін  ұрпақтар зердесіне  қал-

дыру  қ а р қ а р а л ы л ы қ т а р д ы ң үлесінде деп 

ойлаймын. Мен болсам Ақбаев  Ж а қ ы п 

мырзаның әкем болғандығын өмір бойы 

мақтан етемін. Балалары да, одан кейін-

гі немере-шөберелері де өз атасының ең-

бегін, есімін, өмірін мәңгі  ұмытпақ емес. 

Аргуния  Ж А Қ Ы П О В А . 



Қарқаралы. - 1991. - № 1. - 74-80 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет