Мен кәсіпкерлік пәнінен не үйрендім Кәсіпкерлік пәнін біз 1-ші курста өтіп бастадық. Ол қызықты, әрі өте қажет мағлұматтарға толы пән. Осы пән арқылы кәсіпкерліктің қыр-сырын, бизнес бастауды, қаржылық сауаттылықты арттыруды үйренуге болады. Ең бірінші кәсіпкерлік терминінің ғылымға қалай енгеніне тоқталып өтейін.
Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субьектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым – қатынастағы субьектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді.
Кәсіпкерлік пәнінен - кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, оның түрлері, ерекшеліктері мен функциялары, кәсіпкерлік қызметтің обьектілері, субъектілері және кәсіпкерлік орта құрудың маңызын түсіндім. Кәсіпкерлік пәнінде бизнес – жоспарлау, қаржылық тұрғыдан кәсіпкерлікті қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударылған. Сонымен қатар бизнес-құрылымдардың экономикалық қатынастар жүйесі ретінде кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесін зерделеу негізінде кәсіпкерлік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыруды үйренуге болады.
Мен кәсіпкерлік пәнінен кәсіпкерліктің даму эволюциясы, кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері мен нысандары, бизнес-жоспардың мәні, кәсіпорын персоналын басқару, іскерлік этика және корпоративтік мәдениет, франчайзинг секілді кәсіпкерлікке керек түсініктердің бар екенін білдім.
Менің мамандығыма “кәсіпкерлік” пәні өте қажет деп ойлаймын.