Мен өзімнің бұл оқиғаға қалай тап болғанымды білмеймін. Барлығы әдеттегідей басталған. Сенбі күні түс ауа Сәкен телефон шалды. "Тауға барайық" деген ол. Даусынан бір нәрсенің болғанын түсіндім. Тегін емес



Дата11.12.2021
өлшемі14,45 Kb.
#99372
Байланысты:
ТҮҢІЛІС


ТҮҢІЛІС

Мен өзімнің бұл оқиғаға қалай тап болғанымды білмеймін. Барлығы әдеттегідей басталған. Сенбі күні түс ауа Сәкен телефон шалды. “Тауға барайық” деген ол. Даусынан бір нәрсенің болғанын түсіндім. Тегін емес. “Қазір тауға барайықшы” деді ол қайталап. Мен кеш болып кеткен жоқ па деп сұрадым. Ол телефон тұтқасын қоя салды. Жүрегім қобалжып қалған. Үйіне қайтара звондағанымда, ешкім жауап бермеді. Не деген адам деп ойладым. Не деген адам? Уайымдайды-ау деп неге ойламайды. Бірақ мен уайымдаған жоқпын. Себебі аш болатынмын. Түскі ас қамына кірісіп кеттім. Ұзын кеспені суға пісіріп, үстіне бұрыш сеуіп отыра бергенім сол еді, телефон қайта шырылдады. Сәкен екен. “Не болды?” деп сұрадым бірден. “Еш нәрсе. Қолың бос па?” “Бос”. “Сөйлесе аласың ба?” “Иә”. Өзіме-өзім таң қаддым. Дауысым біртүрлі, салқын шықты. Бейнебір әдейі қырсығып отырғандаймын. Шындығыңда маған бәрібір болатын. Тіпті тауға да баруға дайын едім. Ол үнсіз қалды. “Сәкен, не болды? Айтсаңшы”. Дауысым тіпті қатқыл шыққан сияқты. Аздап ызалана бастағанмын. Мүмкін түскі тамақ уақыты өтіп бара жатқандықтан болар. Білмеймін. Байланыс үзіліп кетті. Телефон тұтқасын қойып, дастархан басына отырдым. Енді Сәкен ойымнан шықпай қойған. Не болып қалды екен? Ол өзі қызық жігіт. Түсініксіз деуге бола қоймас. Түсінікті. Тіпті аздап қарабайырлау. Бойы ортадан төмен, толық. Денесі бос, дөңгеленіп жүреді. Еш нәрсеге икемі жоқ. Еш жерде орнығып кызмет те істей алмайды. Шатып-бұтып, тиіп-қашып қоңырқай тірлікке жететін табыс табады. Үстіндегі лыпасы да көнетоз, күнде көріп жүрсең де, не киім киіп жүргенін былай шыға бере түстеп айта алмайсың. Адамдармен араласа алмайды. Ақыл-есі дұрыс, сөзі түзу. Бірақ танысып, сөйлесе бастаған кезде жылпылдап, ұнауға барынша тырысып бейтаныс кісіні үркітіп алады. Басында маған да күдікті көрінген. Ол кезде екеуіміз бір мекемеде қызмет еттік. Үйіріліп, жөн-жосықсыз ананы бір, мынаны бір сөз етіп, қалт ете қалса қасыңнан табылатын жігіт маған өте ұнамайтын. Тіпті онымен амаңдасудың өзі азап болатын. Бірақ бірте-бірте бойым үйреніп кетті. Еш зияндығының жоқ екенін, жалғызсырап жүрген бір бейбақ екенін түсінгенмін. Содан кейін көп ұзамай ол жұмыстан шығып кетті. Дегенмен екеуіміз хабарласып тұратынбыз. Бірге футболға барамыз, кейде тауға шығамыз. Етене араласып кетпесек те, таныстығымызды жалғастырып жүрдік. Оның үстіне өзі де тым аралас-құралас болып кетуге ниеттене қоймады. Жақындықтан менен бұрын өзі қорқатындай көрінді маған. Ал бүгінгісі мынау. Таң қалып қалдым. Екінші жағынан, ызам келді. Аты жоқ, жөні жоқ тыныштығымды осынша дөрекі бұзуға оның қандай қақы бар? Жағдайын неге дұрыстап айтпайды? Неге мен оны ойлауға, алаңдауға тиіспін? олыма кітабымды алып, төсекке жайғастым. Сол-ақ екен телефон қайта шырылдады. Тұтқаны бұл жолы шынымен ашуланып көтердім. “Алло?” “Бұл мен ғой”. “Сәкен, не болды? Жөніңді айтсаңшы, не керек саған?”. Ол тағы үнсіз қалды. “Не болды?!” Жалғыз бөлмелі үйді басыма көтердім. Бұлай ашуланбағаныма талай уақыт болған шығар. Менің өзім де адамдармен аса араласа бермеймін. Тіпті адамдарды ұната да бермеймін. Олардың бітпейтін сыздауық әңгімелері, өкініштері, арзан күлкілері мен көз жастары жүрегімді айнытады. Әлемде жалғыз адаммен байланысып едім, оның өзінің істеп тұрғаны мынау. Қалай ашуланбассың? Ол телефон тұтқасын қайта қоя салды. Шырылдауық аппаратты жерге бір ұрып быт-шытын шығарғанмын. Жетеді, бітті! Өз-өзіме үш-төрт сағаттан кейін әрең келдім. Неге бүкіл дүние өртеніп кетпейді екен, осы?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет