Мен сені жеймін!



бет1/3
Дата27.02.2022
өлшемі26,4 Kb.
#133598
  1   2   3
Байланысты:
ертегілер


Ақымақ қасқыр

Бір аш қасқыр тамақ іздеп шығады. Жолда бір ешкіге кездеседі де:


Мен сені жеуім керек, — дейді. Ешкі жалынады:
— Мені жегеннен саған пайда жоқ, көрмейсің бе, арықпын. Үйде семіз лағым бар, соны алып келіп берейін.
Қасқыр келіседі. Ешкі жүгіріп кетіп қалады. Қасқыр күтіп-күтіп, ешкі келмеген соң тағы жүріп келе жатып қойға кездеседі.
— Мен сені жеймін!
— Менен басқаны жеуге болмай ма? Мен атақты бишімін ғой, мені өлтіргенің ұят болады.
Қасқыр таңданады:
— Жақсы, билейсің бе? Қане, маған билеп көрсетші.
— Қой билей бастайды да бірте-бірте алыстап, қашып кетеді.
Қасқыр ашуланып, тағы жол жүреді. Енді ат кездеседі.
— Ат, мен сені жеймін!
— Сен мені жей алар ма екенсің?!
— Қалайша жемеймін? — дейді қасқыр.
— Менің құйрығымның астында жазылған хат бар, соны алып қара, сонда білесің.
Қасқыр аттың арт жағына шығып қарайын деп жатқанда, ат маңдайға теуіп қалады. Қасқыр қаңқ етіп құлап түседі.


Алтын сақа
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып, судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:
— Ат басындай алтын берейін, қоя бер, – дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.
— Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, – дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:
— Енді не берейін? – дейді бай. Кемпір:
— Жалғыз балаңды бер, жіберейін,– дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:
— Балаңды қай жерде бересің? – дейді. Сонда бай:
— Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, – дейді.
Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап, кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып, жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.
Сонда әкесі:
— Кеше көшіп жүргенде, жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой,– дейді.
Бала бармақшы болады да әкесінен:
— Әке, қандай тайға мініп барайын? – деп сұрайды.
— Жылқышыдан сұрап мін, – дейді бай. Жылқышы балаға:
— Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, – дейді. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:
— Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! – дейді.
Сонда кемпір:
— Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам -тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, – дейді.
Сонда бала:
— Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет