Оқу-әдістемелік кешен материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар
Кешен «Экономика» бағытының барлық мамандықтары бойынша оқыту жоспарына және мемлекеттік білім беру стандартына сай пәннің оқыту бағдарламасынан тұрады.
Оқу-әдістемелік материалдарды меңгертудің кезеңдік сипаттамасы:
ОӘК-де тәжірибелік сабақ бойынша оқу-әдістемелік материалдар пәннің бағдарламасына және курсты оқыту кезеңіне сай курстың әр бөлімі бойынша жекелей берілген;
Тәжірибелік сабақтарға дайындық бойынша оқу-әдістемелік материалдары, қарастырылатын тақырыптардың жоспарлары, өздік жұмысқа арналған тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, ақпаратты қорғаудың талдау жұмыстарына арналған тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, мазмұндауға арналған мәтіндер, пікірталасқа арналған сұрақтар, жағдаяттық сұрақтар, тақырып бойынша қысқаша теориялық және оқу-әдістемелік материалдар, өзіндік тексеруге бағытталған жаттығу жұмыстары қамтылады.
Эссені орындау үшін оқу пособияларын, ғылыми монографияларды және басқа да шығарымдарды соның ішінде кезеңдік, экономикалық профилді, әдістемелік шығарылымдар, барлық деңгейдегі нормативтік құжаттар, отандық және шетел ұйымдардың тәжірибесін, өзіндік білім және бақылауларды, бұқаралық ақпараттар жүйесінің мәліметтерін, ақпараттық жүйелерді.
Эссе оқытушымен тексеріліп төмендегі талаптарға сәйкес жұмыс бағаланады: таңдалған тақырып бойынша мәселенің түсініктігі, тақырыпты білу, ойлау ерекшелігі, бөтен ойды талдай білу, оз ойын қалыптастыра білу, жұмыста берілген қорытындылармен ұсыныстарды дәледеу,тіл байлығымен нақтылығы. Жұмыс көлемі тақырыпты ашу үшін жеткілікті болу қажет. Эссе басқа авторлардың ойларын тікелей алуды білдірмейді. Бұл жұмыста шаблондық сөздерді қолдануға, сөздерді қысқартуға тиым салынады.
Жаттығу, талдау, мәтіндермен жұмысты орындау студенттерге теориялық материалды терең меңгеруге, алынған білімдерін тәжірибеде іске асыруға, пән шеңберіндегі дағдылар мен білімдерін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, кешенде «Менеджмент» пәнінің барлық бөлімдері бойынша материалды меңгеру деңгейін тексеруге негізделген тест тапсырмалары ұсынылған. Өз білім деңгейін тексеруге арналған тапсырманы орындамас бұрын студенттің әр тақырып бойынша әдебиеттерді оқығаны абзал. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдібиеттердің жалпы тізімі кешеннің жеке бөлімінде ұсынылды. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақта әр тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Пәнді меңгеру үдерісінде төменде ұсынылған (негізгі және қосымша) әдебиеттерді қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |