Менеджменттегі жоспарлау



Дата17.02.2023
өлшемі366,48 Kb.
#169206

Менеджменттегі жоспарлау

  • Мақсаты: Басқарудың жоспарлау қызметінің мазмұнын ашу, жоспарлау түрлері мен кезеңдерін анықтау және негізгі принциптерін жіктеу 
  • Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері
  • Стратегиялық жоспарлау мәні
  • Тактикалық жоспарлау мәні

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады.


Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау
Ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды
Алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
Міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді.

  • Біздің қазіргі бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
  • Болашақта біз қандай болуымыз керек?
  • Осы жолда нендей кедергілер орын алған?
  • Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?

Жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерді атап өтуге болады.


ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді.
анықталған міндеттерді оындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерістер енгізу әрекеттері орындалады.

Жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмандегідей міндеттерді атап өтуге болады:

  • 1. Нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
  • 2. қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
  • 3. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқының реттеу;
  • 4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
  • 5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.

Жоспарлау принциптерін қарастырайық:

  • Әлеуметтік бағыттылығы;
  • Жоспарлау обьектісін саралау;
  • Адекваттылығы:
  • Келісімділігі;
  • Нұсқаулығы;
  • Тепе-теңдігі;
  • Экономикалық негізделуі;
  • Жоспарлау жүйесін автоматтандыру;
  • Кері байланысты қамтамасыз ету.

Жоспарлаудың бір-біріне бағыныштылығына байланысты келесі түрлерін көрсетуге болады:
мақсатқа бағытталған стратегиялық жоспарлау, мысалы, өндірісті, өткізу саласын, қаржыландыруды, персоналды дамытуды бес не он жылдық жоспарлау;
оперативті жоспарлау – ақшалар мен істердің нақты бағдарламасын жоспарлау.
тактикалық жоспарлау – шаруашылық операциялардың жағдайын жоспарлау;
жалпы жоспарлау - ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспарлау, кәсіпорын концепциясы;

Стратегиялық жоспарлау

Ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылдаған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртық ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекетттері орындалады.

Тактикалық жоспарлау

Стратегиялық мақсаттарды ұтымды орындау үшін ұйым мүмкіндіктері, ресурстары қалай бөлінуі, ұйымдастырылуы керек екендігін білдіреді. Тактикалық жоспарлау қысқа және орта кезеңдерді қамтиды, яғни орта және төменгі деңгейдегі басқару буындарының іс - әрекет жағдайларын.

Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.

  • Тактикалық жоспарлау - ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей-тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері:
  • Стратегиның дамуында әзірленуі;
  • Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;
  • Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;
  • Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет