Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Қарашоқат орта мектебі
2- сынып жетекшісі
Түменбаева Ару Берікқызы
Менің Президетім
Сыныбы: 2
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Барысы.
Ұйымдастыру бөлімі
- Балалар, біздер қай елде тұрамыз?
-Президентіміз кім?
Ән: «Көк тудың желбірегені» (үнтаспадан тыңдау)
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1- слайд
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты
2-слайд
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-слайд:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
4-слайд .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: « Жаса,Қазақстан»
Достарыңызбен бөлісу: |