«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім »


«Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру»



бет2/2
Дата03.03.2022
өлшемі18,11 Kb.
#134198
1   2
Байланысты:
Бегалиева Ф. эссе информатика 2020

«Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізудемін. Бүгінгі алға қойған міндеттеріміз: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету. Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа технологияларды енгізу, оның ішінде ақпараттық, телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы өткізілетін сабақтардың сапасын арттыру. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» атты 3 айлық курстың І (базалық) деңгейін оқып сертификат алдым. Мектеп мұғалімдеріне 7 модульді ықпалдастыра отырып, коучинг, тәлімгерлік және сабақты зерттеу арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге ықпал етудемін. Оқушылардың өз бетінше білім алуына бағытталған бағалау жүйесін қолға алдым.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі–оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты құрал– оқу әдістемесін дұрыс таңдау. Адам өмір бойы оқып үйренеді, оқу–рухани азық. Оқушыларға білім берудегі заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруге атсалысамын, өз білімімді жетілдіруден қалған емеспін. Менің ойымша, жаңашылдыққа ұмтылу, оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрену заман талабы. Үш айлық курстың бірінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып білгенім көшбасшылық қасиетке ортаны дамыту, сыни тұрғыда ойлауға, білуге, тануға, қолдануға, талдауға, жинақтауға, бағалауға оқыту. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып өз тәжірибемде қолданудамын, дарынды балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды тиімді пайдалану маңызды. Талантты балаларды оқыту мұғалім ретінде өзіме қызықты, қосымша ізденуді талап етеді. Олардың қажеттілігін қанағаттандыруға мұғалім ретінде міндеттімін. Яғни бала дайын білімді емес өзіне керек деген білімді өз ынта-жігерімен, ізденістің нәтижесінде қол жеткізу қажет.
Білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу – тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Осы бағытта жұмыс жасай отырып төмендегідей марапаттарға ие болдым (соңғы 6 жылдың көрсеткіштері):
2014 жылы Аудандық «Алтын диск» байқауына қатысып ІІІ-орынды иеленіп, дипломмен марапатталдым.
2015 жылы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаным үшін І-дәрежелі дипломмен марапатталдым.
2016, 2018, 2020 жылдары Халықаралық «Вебрас» информатика және компьютерлік ойлау байқауына бірнеше оқушылар қатысып І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2016, 2019, 2020 жылдары Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып І-ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталдым.
2016, 2018, 2019 жылдары Республикалық қашықтық олимпиадаға оқушым Боран Нұрбек қатысып І,ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2014 жылы маусым айында кәсіподақ жаршысы облыстық басылымға «Оқытудың ақпараттық технологиясы» тақырыбына мақалам жарияланды.
2015 жылы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып «Ақпараттық коммуникациялық және интерактивтік технологиялар» тақырыбындағы еңбегім жинаққа енді.
2018 жылы Халықаралық «Инфоурок» басылымына бірнеше сабақтарының үлгісін жариялағаны үшін грамота берілді.
2019 жылы Республикалық «Ustaz.tilegi» білім порталына тәжірибе алмасып белсенділік танытқаным үшін «Алғыс хат» пен «Құрмет грамотасы» берілді.
2019 жылы Республикалық «Ustaz.info» білім беру саласында заманауи технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алмасып дамуына үлес қосқаны үшін жаңашыл ұстаз номинациясымен «Алғыс хатпен» марапатталдым.
2020 жылы Республикалық «Дарын» онлайн білім беру орталығының үйымдастыруымен өткен «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталдым.
2020 жылы Республикалық «Дарын» онлайн олимпиадасына 3 оқушы қатысып ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалда «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» 3 айлық (І деңгей) курсын оқыдым.
2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықта оқып сертификат алдым, мектепте педагогтердің, ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар өткіздім.
«Модульдік интерактивті оқыту», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологияларын оқып меңгеріп сертификат алдым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет