Менің ұстазым Ұстазым бар ғажап қасиетің



Дата26.10.2019
өлшемі12.84 Kb.
Менің ұстазым

Ұстазым бар ғажап қасиетің...

«Ұстаз» сөзі ұлы да қасиетті.Адам баласына қадірлі,құрметті сөздердің бірі.Халқымыз қашанда нақыл сөздердің мәнін терең түсініп,орынды қолдана білген. «Ұстаз көрген» деген сөзді тәрбиелі,өнегелі, өмірде өз орнын жаңылмай тапқан, сонымен қатар ақылды,адамгершілігі бар жан-жақты тұлға болып қалыптасқан жанға айтылар баға.Ұстаз - әр адамның жанына білім дәнін сеуіп,әр шәкіртін аялап,өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшыратын жан.Дәлірек айтсақ,адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Әркім өз мамандығының шебері болса ғана,өмірде өз орнын табады. Осындай өмір атты кеменің капитаны болып,барар жолын,бағытын дұрыс таңдай білген жан,ол менің ұлағатты ұстазым -Желдібаева Гүлмира Әуесбекқызы.

Ұлы ақын Абай атамыз ұстаз туралы,ұстаз еңбегінің өлшемі туралы айтылған мына өлең жолдары мен үшін өте мағыналы.

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Иә,ұстазымыздың еңбегінің еш кетпегені алдынан түлеп ұшқан шәкірттерінің жетістігімен өлшенеді. Гүлмира ұстаздың алдынан шыққан шәкірттері бүгінде беделді қызметтер атқарып,өз еліне үлестерін қосуда. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген нақыл тегін айтылмаса керек.Отыз жылға жуық педагогикалық өтілінде бірнеше шәкіртті алтын ұя мектебінен ұшырған ұлағатты ұстазымыздың бүгінгі шәкірттері біз боламыз.

Ұстаз болу - өз уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай,Гүлмира ұстаз өз уақытынан гөрі өзгенің бақытын аялайтын жан.Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осынау мамандықтың шын иесі де - Гүлмира ұстаз.Әр сабағына  жете  дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбиені қоса берді. Өмірде адал болуға, адамгершілік асыл қасиеттерді бойымызға жинақтап, дарыта білді. Бізбен тең дәрежеде сырласып, мерекелік шаралар ұйымдастырып, табиғат аясына саяхатқа шығып, көңілді кезеңдерімізбен бірге бөлісті. Шәкіртіне ұрысып, жекіп, кейімей-ақ, олармен сыйласа отырып,жан дүниесін ұғынады.Аяулы ұстазыма өзіңізді сүйетін,құрметтейтін,ибалы да инабатты,ақылды да білімді шәкірттеріңіздің арман-тілегімен жасарып,жайнап жүре біріңіз деген ақ тілегімді айтқым келеді.Екінші анамыз санайтын Гүлмира ұстазыма арнаған ой толғауымды мына бір өлең жолымен қорытындылағым келеді.

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым,

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!



С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі

Алимсак Самал 9-сынып оқушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет