«Менің туған өлкемнің өлеңдері» Факультативтік курсы 5-сынып Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі3,26 Mb.
1   2



Түсінік хат
Жалпы білім беретін орта мектептің 5- сыныбына ұсынылып отырған «Менің туған өлкемнің өлеңдері» курсының бағдарламасына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа  алынды. Бұл бағдарлама факультативтік курс түрінде жүргізіледі. Жалпы көлемі - 34 сағат. «Менің туған өлкемнің өлеңдері» факультативтік курсы мазмұнында туған өлкенің шығармашылық әлеуеті,  қалыптасқан  әдеби орта туралы, ұрпақтар сабақтастығы, әдеби, мәдени құндылықтар жайлы тақырыптар қамтылады.Оқушыларды өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыландырады. Өз елінің ақындары мен дарынды тұлғаларын әрбір адам баласы білуі қажет. Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсатын көздейді. Білім  алушылардың  туған халқының тілі мен  әдебиетіне деген  танымдық қызығушылығын арттыру,  мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған тұлғалар туралы білімдерін кеңейту,  өскен өңіріне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Мақсаты:

Қаратөбе өлкесінің ақындары мен жазушыларының өмір жолы, шығармашылығы туралы білімді меңгерту

Өзінің өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту

Оқушылардың бойына белсенділік, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру



Міндеттері:

  • жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын оқу арқылы  эстетикалық көрнекті талғамдарын, туған жерге деген шексіз құрмет сезімін дамыту;

  • ұлттық болмыстың өзегін сақтау, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту;

  • тіліміз бен әдебиетіміз,  ұлттық құндылықтарымызды білім алушылардың бойында мәңгі сақтау;

  • білім алушылардың  көркем шығармаларды  оқуға, түсінуге  өз көзқарасын негіздей отырып үйрену;

  • жазба және ауызекі сөйлеу дағдыларын  дамыту;

  • адамгершілік қасиеті мен рухани  дүниесін байыту;

  • оқылатын авторлардың биографияларын айғақтайтын құжаттар мен деректерді іріктей алуды үйрету болып табылады.

Бағдарлама бойынша 5- сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат өткізіледі. Бұл бағдарлама мектепте оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қосымша ретінде жасалған. Бағдарламаға теориялық және практикалық сабақтармен қатар экскурсия сабақтары енгізілген.

Білім алушылардың білім, білік, дағдысына қойылатын талаптар:

Білімі:

 -    туған өлке әдебиетінен алған  білімін   дүниетанымдық көзқарасымен ұштастыра отырып, еркін баяндау;

- қазақстандық патриотизм, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық  құндылықтарын дамыту;

-жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын оқып үйренуді және идеалдық адами қасиеттердің  нормалары мен рухани байлықтарын қолдануды;



Білігі:

  • Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері болып табылатын өлкеміздің ақын-жазушылары, ғалымдары, әнші-сазгерлерін біледі;

  • туған өлке тарихын,  табиғатының көркемдігін, өлкенің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін бойына сіңіреді;

  • өлке халқының ұлттық ерекшеліктерін жадында сақтайды;

 

Дағдысы:

  • өз бетімен қорытынды жасай білуге, мұрағатта жұмыс жасай білуге үйрену;

  • көркем шығарманы өзіндік ой пікірі,  көзқарасы тұрғысынан терең пайымдап, әсерлі көркем тілмен жүйелі  баяндауға дағдылану;

  • дидактикалық материалдар мен оқулықтарды пайдалана отырып жұмыс жасай білу;


Курсты ұйымдастыру формалары: жалпысыныптық, жеке даралық,

топтық, жұптық, т.б.



Сабақ түрлері: Дәріс сабағы, конференция, тренинг, жоба қорғау сабағы, ашық пікірлер сабағы, дебат , экскурсия т.б.

Курсты қорытындылау формасы: Тарау сайынғы сынақ сабағы, әдеби-сазды кеш, жас ақындар мүшайрасы, мәнерлеп оқушылар сайысы, өлке ақындарының оқуы конкурсы

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І тарау

Жыршы-жыраулар поэзиясы

1

І.Кіріспе. «Менің туған өлкемнің өлеңдері» курсына кіріспе. Қаратөбе өлкесінің әдеби мұрасы. Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы.

1




2

Қалмағанбет Жамбылұлы. Сағымқожа Ахметұлы, Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы.

1




3

Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы. Даржан Оңдағанұлы.

1




4

Қорытынды сабақ

1




5

Практикалық сабақ

1




ІІ тарау. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы

Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері


6

Мұхит Мерәліұлы өмірбаяны. Мұхит Мералыұлы шығармашылығы

1




7

«Зәуреш» өлеңі, Айнамкөз

1




8

Молданияз Бекімов өмір жолы, шығармашылық қызметі

1




9

Қаратөбе съезінің ескерткіш тақтасына экскурсия сабағы

1




10

Қорытынды сабақ

1




11

Практикалық сабақ







ІІІ тарау.ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы

12

Қажым Жұмалиев өмір жолы, шығармашылығы

1




13

Алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” шығармасы

1




14

Қажым Жұмалиев бюстіне экскурсия сабағы

1




15

Сағынғали Сейітов өмір жолы, шығармашылығы.«Қаратөбе» өлеңі

1




16

Берқайыр Аманшин өмір жолы, шығармашылығы.«Сақ болыңдар, тірілер!» өлеңі

1




17

Жұрғали Ертілесов өмір жолы.«Қаратөбем» әні

1




18

Қаратөбе аудандық мәдениет үйіне экскурсия сабағы

1




19

Қайыржан Хасанов шығармашылығы

1




20

Қаратөбе тақырыбындағы шығармашылығы, «Қаратөбе-құт мекен» жинағы

1




21

«Әнші Мұхит»,«Ақбақай әуендері»

1




22

Қаратөбе аудандық орталық кітапханасына саяхат

1




23

Құрманғазы Қараманұлының шығармашалығы

1




24

Шолпан Қыдырниязова өмірбаяны, шығармашылығы

1




25

Туған жерге арналған өлеңдері.

1




26

Айсұлу Қадырбаева өмірбаяны, шығармашылығы туралы түсінік. «Барып қайт, балам, ауылға» өлеңі

1




27

Туған жер тақырыбындағы өлеңдері







28

Қорытынды сабақ

1




29

Практикалық сабақ

1




ІV тарау.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ақындар шығармашылығы (3сағат)

30

Талап Таймасұлы шығармашылығы

1




31

Ертай Бимұханов шығармашылығы. Өлеңдері

1




32

Талант Арынғали шығармашылығы

1




33

Қорытынды сабақ

1




34

Практикалық сабақ

1






Бағдарламаның мазмұндық бөлігі

1-тақырып.

Курстың қысқаша мазмұны туралы түсінік. Мазмұнына қысқаша шолу. Қаратөбе топырағынан шыққан жазушылар, ақындар, өнер адамдарына тоқталу. Олардың шығармашылығының әдебиет тарихына, дамуына қосқан үлесі туралы баяндау.



І тарау

Жыршы-жыраулар поэзиясы
Кіріспе:Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы. Қалмағанбет Жамбылұлы. Сағымқожа Ахметұлы, Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы. Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы. Даржан Оңдағанұлының толғаулары. Толғауларының мазмұны.
Мақсаты: Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы. Қалмағанбет Жамбылұлы. Сағымқожа Ахметұлы, Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы. Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы. Даржан Оңдағанұлының толғауларының мазмұнымен танысу.
Міндеті: Жыршы-жыраулардың өмірдерегі туралы білу

Толғауларының мазмұнымен танысу

Толғауларының мәнін ашу, талдау
Бөлімнің теориясы:Жыршы жыраулаулардың жырларымен танысу, талдау. Толғауларынан үзінді жаттау.


ІІ тарау
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері (6 сағат)

Кіріспе: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өмір сүрген Мұхит Мералыұлы, Молданияз Бекімовтің қысқаша өмір жолы. Өлеңдерінің мазмұны.
Мақсаты: Мұхит Мералыұлы мен Молданияз Бекімовтің өмір жолы, өмір сүрген кезеңдері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит Мералыұлының классикалық әндерінің мазмұнымен танысу, Молданияз Бекімовтың Пушкиннен аударған «Капитан қызы» шығармасының мазмұнымен танысу
Міндеті:

-Мұхит Мералыұлы өлеңдерінің тарихын білу;

-Молданияз Бекімовтің еңбектерін білу

- Мұхит Мералыұлы өлеңдерінің мәнін аша білу, «Зәуреш» әнін жатқа айту


Бөлімнің теориясы: Мұхит Мералыұлы мен Молданияз Бекімовтің өмір жолы, шығармашылық еңбектерімен танысу. Әдебиет өкілдерінің өлеңдерінің мазмұнымен танысу, талдау. М.Мералыұлының «Зәуреш» әнін жаттау.

ІІІ тарау

ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиеті өкілдердің шығармашылығы
Кіріспе: Қажым Жұмалиев, Сағынғали Сейітов, Берқайыр Аманшин, Жұрғали Ертілесов, Сағынғали Сейітов, Қайыржан Хасанов, Құрманғазы Қараманұлы, Шолпан Қыдырниязова, Айсұлу Қадырбаева. Ақын-жазулардың қысқаша өмір жолы, шығармашылығы. Шығармашылықтарының қысқаша сипаты. Өлеңдерінің мазмұны.
Мақсаты: Қажым Жұмалиевтің шығармашылық мол еңбегі өлеңдері, поэмалары, романнан үзінділер, зерттеу еңбектері, естеліктері туралы білу.

  • Сағынғали Сейітовтың жыр жинақтары мен монографияларының, әдеби зерттеулерінің мазмұнымен танысу

  • Берқайыр Аманшиннің романдары, өлең жинақтары, аудармалары туралы мәліметпен танысу

  • Жұрғали Ертілесовтың повесі, очерктер жинағы және Қаратөбем әні туралы мәліметпен танысу

  • Қайыржан Хасоновтың жыр жинақтары, зерттеу еңбектері, өлкетану тарихы тақырыбындағы еңбектері туралы мәліметпен танысу

  • Құраманғазы Қараманұлының өмір жолы, повестер жинағы мен аудармашылық қызметімен танысу

  • Шолпан Қыдыриниязованың жыр жинақтары мен айтыстары туралы мәліметпен танысу

  • Айсұлу Қадырбаеваның өлеңдерінің мәнін ашу.


Міндеті:

Ақын-жазушылардың өмірбаяндары туралы білу;

-Шығармашылықтарының мазмұнын білу

-Өлеңдерінің мәнін аша білу.

-Ж.Ертілесовтың «Қаратөбем» және Ш.Қыдырниязованың «Қоскөл кеші» әндерін жатқа білу

-Айсұлу Қадырбаеваның «Барып қайт ,балам, ауылға» әнін жатқа білу


Бөлімнің теориясы: Қажым Жұмалиев, Сағынғали Сейітов, Берқайыр Аманшин, Жұрғали Ертілесов, Сағынғали Сейітов, Қайыржан Хасанов, Құрманғазы Қараманұлы, Шолпан Қыдырниязова, Айсұлу Қадырбаеваның өмірдерігін оқу, шығармашылықтарының мазмұнымен танысу, мәнін ашу. Өлеңдерінен үзінді жаттау.
ІV тарау

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы
Кіріспе: Талап Таймасұлы, Ертай Бимұханов, Талант Арынғалиевтің қысқаша өмір жолы, шығармашылығы. Шығармашылығының қысқаша сипаты. Өлеңдерінің мазмұны.
Мақсаты: Талап Таймасұлының өлеңдері туралы білу.

  • Ертай Бимұхановтың өлеңдерімен танысу

  • Талап Таймасұлының өлеңдерімен, әндерімен танысу



Міндеті:

-Ақындардың өмірбаяндары туралы білу;

-Шығармашылықтарының мазмұнын білу

-Өлеңдерінің мәнін аша білу.


Бөлімнің теориясы: Талап Таймасұлы, Ертай Бимұханов, Талант Арынғалиевтің өмірбаянымен танысу. Өлеңдерінің мазмұнымен танысу, өлеңдерінің тақырыбына, идеясына талдау. Өлеңдерінен үзінді жаттау

Экскурсия сабағы (4 сағат)
Қаратөбе съезінің ескерткіш тақтасына экскурсия сабағы

Өлкемізде 1918ж. өткен Алаш съезі туралы мәлімет беру.


Қ.Жұмалиев бюстіне экскурсия сабағы.

Қ.Жұмалиевтің Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын тұңғыш зерттеуші екендігі жөнінде түсінік беру.


Қаратөбе аудандық мәдениет үйіне экскурсия сабағы

Қаратөбе өлкесінің мәдени қызметкерлері , соның ішінде Ж.Ертілесов туралы мәліметпен танысу. Мәдениет үйіндегі әншінің орындауында Ж.Ертілесовтың «Қаратөбем» әнін тыңдау



Аудандық орталық кітапханасына экскурсия сабағы

Көрмедегі Қаратөбе өлкесінен шыққан жыршы-жырау, ақын-жазушылардың кітаптарымен танысу


Ақпараттық- әдістемелік бөлім
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеті, тарих, өлкетану.
Оқу процесінің жабдықталуына қойылатын талаптар:

-Интеактивті тақта

-электронды оқулықтар

-бейнефильмдер

-кестелер

-слайдтар



Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

    1. Қаратөбе ауданы. Тарихи танымдық-анықтамалық. Ағартушы 2013

    2. А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары»

    3. С.Сейітов .Шығармалар жинағы

    4. Қ.Қараманұлы. «Алтын іздеушілер»

    5. Ш.Қыдырниязова «Елігі еркін даланың»

    6. Қ. Хасанов « Қаратөбе-құт мекен»

    7. Қ.Хасанов «Әнші Мұхит»



Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі:

1.Қазақ Совет энциклопедиясы

2.Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы (Орал-2002)

3.Ақжайық-тарихи танымдық кітабы

4.«Азалы кітап-1937» Орал, 2001

5.Қазақ жерінің зиялы азаматтары. Х том, Алматы 2005

6. Қ.Хасанов « Қаратөбе қазынасы». Орал, 2007

7.Қ.Жұмалиев . Әдебиет теориясы

8.Қ.Хасанов «Өмірімнің өрнектері»

Білім алушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі

Курс білім алушыларын тексеру мақсаты: Оқушылардың алған білімін тексеру курс бағдарламасына сәйкес, әр тарау барысында білім, білік, дағдыларын анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Күтілетін нәтижелер
1)Өлкеміздегі жыршы-жырау, ақындардың өмір сүрген кезеңдерін, олардың шығармашылығын, соның ішінде таңдалған өлеңдерін жатқа біледі;
2) Өлкемізге тән көркем мұраның қазақ әдебиетіндегі мәнін; Рухани мұра көркем әдебиеттің адамзат өміріндегі мәнін, өлеңдерінің тақырыбын, идеясын, шығармадағы автордың өзіңдік көзқарасын шығармалардағы көркемі суреттеулерді түсінеді;

3) Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс түрлері эссе, жазбаша әңгіме т.б дайындау; өз бетімен оқыған өлеңге шағын жазбаша пікір дайындау;қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;


4)Білім алушы оқыған туындысын өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әр түрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, ақын стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды қазақ әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
Ұзақтығы: 40 минут
Балл саны: 15

Тапсырмалар түрлері

Оқушы алған білімін жазуы тиіс сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 5 тапсырмадан тұрады:
13-15 балл (85%-100%)балл-жоғары деңгейде меңгереді

8-12 балл (50%-84%)балл-орташа деңгейде меңгереді

0-7 балл (0%-49%)балл-орташа төмен меңгереді
Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру (сұраққа жауап жазу), екіншісі - анализ және интерпретация (сәйкестендіру), үшіншісі - бағалау және салыстыру (жазба жұмысы) дағдыларын тексеруге арналған.

Күтілетін нәтижелерді тексеру әдістері

І тарау

Жыршы-жыраулар поэзиясы

Тапсырмалар және балл қою кестесі

1.Қай жыраудың термесі, автор қандай қырынан көрінеді, автор бейнесін сипаттап үш-төрт сөйлеммен жазыңыз? [2]

Әлеумет келдім алқаңа,

Берейін кеңес ортаңа,

Қызыл ту алып ұрандап

Еркіндеген мынау заманда,

Сөйлеуден ақын қорқа ма?!

Ардақты халқым тыңдасын,

Екпіндеп шапқан жүйрігің,

Жалғыз қазық ұрмаса,-

Болдырмай басын тарта ма?!

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Үзінді кімнің толғауынан алынған, бұл жыр халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? Бұл толғаудың идеясын анықтап, 5 сөйлеммен жазыңыз? [3]


Жүрекке тиді тосын-ай.

Естігесің сөзіңді,

Көңілім қалды шошып-ай .

Ортақтасып бөлуге

Жүгіңді түскен басыңа-ай.

Досқа түссе қиын іс,

Жан тұра ма ашымай.

Олай деп айта тұрғанмен

Болмас іске болат бол,

Өз-өзіңнен жасымай.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Қай ақынның өлеңінен, ақын өлеңіндегі негізгі идеяны көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет т.б) пайдаланып 5сөйлеммен жазыңыз? [3]

Қош сау бол, мен келгенше, өскен жерім,

Туғанда кіндігімді кескен жерім.

Жас балдар, сіздерге арнап ұран айтам,

Ендігі жау жүрек боп өскен жерім.
Он күнде келіп жеттік біз облысқа,

Келген соң таныс болдық көп орысқа.

Жолдастар Отан үшін жан қиялық,

Құрталық Гитлерді бұл соғыста.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Сәйкестендіріңіз? [2]

Жыршы-жыраулар

Толғау

1.Құмар Әбуғалиұлы


А.Сулыкөлім

2.Сартай Көшкіншіұлы.


Ә.Құмардың термесі

3.Қалмағанбет Жамбылұлы.


Б.Соғысқа кетерде шығарғаны

4.Мұстажап Қабдолұлы


В.Майдан жолында

5.Қайыржан Ителгіұлы

Г.Тойбастар

5.Өлкеміздің жыршы-жырауларының толғауларынан түйген пікірлеріңізбен ұштастырып жазба жұмысын эссе немесе хат жазыңыз. [5]

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________



Балл қою кестесі



Жауап

балл

1

Құмар Әбуғалиұлы



1

2

2

Автор бейнесін сипаттайды

1

3

Құбайыстың Кенжебайды жұбатуы

1

3

4

Жұбатуға тән сипаттарды анықтайды

1

5

Өлеңнің идеясын 4-5 сөйлеммен анықтап, дәлелдеп жазады.

1

6

Мұстажап Қабдолұлы

1

3

7

Шығармадағы автор идеясын анықтайды

1

8

Ойын тұжырымдап 4-5 сөйлеммен жазыңыз

1

9

Авторларын дұрыс табады

1

2

10

Туындыларымен дәлелдеп белгілейді

1

11

Өлеңдерінен дәлелдер келтіреді

1

5

12

Мақал, мәтел, нақыл сөздер қолданады

1

13

Көркемдегіш бейнелегіш құралдарды қолдану (эпитет, теңеу т.б)

1

14

Өз көзқарасын білдіріп жазба жұмысын жазады.(70-80сөз)

1

15

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

1


Күтілетін нәтижелерді тексеру әдістері

ІІ тарау

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері

Тапсырмалар және балл қою кестесі

1. Кімнің өлеңі, автор қандай қырынан көрінеді, автор бейнесін сипаттап үш-төрт сөйлеммен жазыңыз? [2]

Жақын дос бір-біріне сыр айтады,

Атасы баласына шын айтады.

Айырылып қалғаннан соң жалғызымнан,

«Көке» деп енді маған кім айтады?
Ойлап ем мен келгенде шығар ма деп,

Атаңның хал-ахуалын сұрар ма деп.

Қозғалмай өзгелерге жатсаң –дағы,

Орныңнан мен үшін тұрар ма деп.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Үзінді кімнің өлеңінен алынған, бұл жыр халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? Бұл өлеңнің идеясын анықтап, 5 сөйлеммен жазыңыз? [3]

Рухың білген шығар келгенімді,

Оқыдым мәнажаттан білгенімді.

Басыңды мен келгенде көтермедің,

Жалғызым жаңа білдім өлгеніңді.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3.Мұхит өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды табыңыз?

Паң көйлек маң-маң аяқ басатұғын,

Жар қайда ондай көңіл ашатұғын.

Кешегі жиырма бестің желегінде,

Көңілім тау суындай тасатұғын.

Дүние- қызыл түлкі бұлаңдаған,

Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.

Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,

Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



4. Мұхит әндерін үзінділерімен сәйкестендіріңіз? [2]

Өлеңнен үзінді

Әні

1.Айнамкөз сен қайдағы, мен қайдағы,

Біреудің менде өзіңдей боз тайлағы.

Есіме, беу қарағым, сен түскенде,

Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.




А)Зәуреш

2.Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған,

Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.

Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,

Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған.




Ә)Айнамкөз

3.Қарағым, Сенің үшін елден келдім

Баяғы өзің көрген жерден келдім

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің

Иіскеп бір сүйейін деген едім.





Б)Паң көйлек

5.«Рухым сөнген менің қайта жанар.

Еңіреп, Мұхит бабам өтіпті - ау деп,

Кейінгі ұрпақтарым есіне алар» Мұхит Мералыұлының өзінің толғауына сай, өлеңдерінен түйген көзқарасыңызды тұжырымдап эссе жазыңыз? [5]

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________




Балл қою кестесі



Жауап

балл

1

Мұхит Мералыұлы

«Зәуреш» өлеңі




1

2

2

Автор бейнесін сипаттап, үш сөйлеммен жазады

1

3

Мұхит Мералыұлы

«Зәуреш» өлеңі




1

3

4

Жоқтауға тән сипаттарды анықтайды

1

5

Өлеңнің идеясын 4-5 сөйлеммен анықтап, дәлелдеп жазады.

1

6

Теңеуді табады (Көңілім тау суындай тасатұғын)

1

3

7

Эпитетті табады (Меңзеген асқар тауға есіл көңіл)

1

8

Метафораны табады (Дүние- қызыл түлкі бұлаңдаған)

1

9

М.Мералыұлы әндерінің тақырыбын біледі

1

2

10

Үзіндімен сәйкестендіреді

1

11

Өлеңдерінен дәлелдер келтіреді

1

5

12

Мақал, мәтел, нақыл сөздер қолданады

1

13

Көркемдегіш бейнелегіш құралдарды қолдану (эпитет, теңеу т.б)

1

14

Өз көзқарасын білдіріп жазба жұмысын жазады.(80-90сөз)

1

15

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

1


Күтілетін нәтижелерді тексеру әдістері

ІІІ тарау

ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы

Тапсырмалар және балл қою кестесі

1. Кімнің өлеңі, автор қандай қырынан көрінеді, автор бейнесін сипаттап үш-төрт сөйлеммен жазыңыз? [2]

Расым сол! Төбе емес, таусың маған,

Қазынаң қойнауында таусылмаған.

Көмір де, темір де емес текше-текше,

Байсың сен – адамыңмен, паңсың, далам!
Куәмін кішкентайдан ғажабыңа,

Куәмін рахатыңа, азабыңа.

Қараймын, Қаратөбем, махаббатпен,

Мен сенің қараторы қазағыңа.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Үзінді кімнің өлеңінен алынған? Бұл өлеңнің идеясын анықтап, 5 сөйлеммен жазыңыз? [3]

Қырық бірінші жылдың июні...

Күндердің қауырт қиыны-

Тарқатты елдің базарын,

Соқты да соғыс құйыны.
Орманда көкпен таласқан

Өксіді Өмір адасқан,-

Қан-жоса болып қара жер,

Қақырап түсті көк аспан


Айнала шапқын жер мен көк,

Теңселіп кетті төңірек.

Жынданды құдай жердегі-

Жалмауыз жуан зеңбірек.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Ш.Қыдырниязова өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды табыңыз?
Туған жерім, қойнауың толы құт анық,

Келдім саған сағыныш оты тұтанып..

Жаурағанда құшағына тығылам

Торғайдай тоңып паналайтын бұтаны ық.
Өмір, өлім бірі тәтті, бірі өктем,

Арпалыспен түнім өткен, күн өткен.

Саған ғашық жырым – жырым жүрекпен

Жарыққа шықтым түнектен.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Ақындардың әндерін үзінділерімен сәйкестендіріңіз? [2]

Автор

Өлеңі

1.С.Сейітов

А)

Туған жер
Ер мінез, жомарт көңіл, батыр тұлға,

Қасиетті мекен болған қыз бен ұлға,

Уа, менің қадірменді Қаратөбем,

Балалық пәк жүрекпен қостым жырға.





2.Б.Аманшин

Ә) «Қоскөл кеші»

Шиеліні бойлап келем ән салып,

Ғажайып қандай кешкілік,

Қоскөлге келдім өзіңдң аңсап,

Бұлбұлдың сазы естіліп.



3.Ш.Қыдырниязова

Б)«Қаратөбем-төбе емес, таусың маған»
Расым сол! Төбе емес, таусың маған,

Қазынаң қойнауында таусылмаған.

Көмір де, темір де емес текше-текше,

Байсың сен – адамыңмен, паңсың, далам!




4.Қ.Хасанов

В)«Барып қайт, балам, ауылға»

Барып қайт, балам

Ауылға туған

барып қайт.

Шалғынына аунап,

Құмында ойнақ

салып қайт.

Өр болып келеді

біз жақтың азаматтары,

намысты соның

көкірегіне

жанып қайт



5.А.Қадырбаева

Г)«Сақ болыңдар тірілер»
Қырық бірінші жылдың июні...

Күндердің қауырт қиыны-

Тарқатты елдің базарын,

Соқты да соғыс құйыны.





6.Ж.Ертілесов

Д)«Ауылда»

Білмеймін ай асқанба , жыл асқан ба

Қалада ауылдасқа сыр ашқанға.

Босайды жүйкем менің елге келіп,

Әркіммен аман-саулық сұрасқанда.

5.« Расым сол! Төбе емес, таусың маған,

Қазынаң қойнауында таусылмаған» туған жер тақырыбындағы ақындар

өлеңдерінен түйген көзқарасыңызды тұжырымдап эссе жазыңыз? [5]

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


Балл қою кестесі



Жауап

балл

1

Сағынғали Сейітов

«Қаратөбем, төбе емес, таусың маған» өлеңі




1

2

2

Автор бейнесін сипаттап, үш сөйлеммен жазады

1

3

Берқайыр Аманшин

«Сақ болыңдар, тірілер» өлеңі




1

3

4

Өлеңнің негізгі идеясын анықтайды

1

5

Көзқарасын 4-5 сөйлеммен , тұжырымдап жазады.

1

6

Теңеуді табады (Торғайдай тоңып паналайтын бұтаны ық.)

1

3

7

Синтаксистік параллелизмді табады (Өмір, өлім бірі тәтті, бірі өктем,

Арпалыспен түнім өткен, күн өткен)

1

8

Градацияны табады (Саған ғашық жырым – жырым жүрекпен

Жарыққа шықтым түнектен)


1

9

Авторларды өлеңдерін табады

1

2

10

Үзіндімен сәйкестендіреді

1

11

Өлеңдерінен дәлелдер келтіреді

1

5

12

Мақал, мәтел, нақыл сөздер қолданады

1

13

Көркемдегіш бейнелегіш құралдарды қолданады (эпитет, теңеу т.б)

1

14

Өз көзқарасын білдіріп жазба жұмысын жазады.(80-90сөз)

1

15

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

1



Күтілетін нәтижелерді тексеру әдістері

ІV тарау

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығы

Тапсырмалар және балл қою кестесі

1. Кімнің өлеңі, автор қандай қырынан көрінеді, автор бейнесін сипаттап үш-төрт сөйлеммен жазыңыз? [2]

Сырын шертіп бұйрат құмдар тың далам,

Ел жұртыммен жасап келем бірге аман.

Тұла бойым тазалықтан тұрады,

Сал Мұхиттің асқақ даусын тыңдағам.
Ұрпақ қамын жайсыздықтан қалқалап,

Бойға қуат, жанға шуақ ән тарап.

Көкірегіне қазынаны қаттаған,

Сал Мұхиттың ән мұрасы –салтанат.


Қаратөбем-асқақ даңқың, мәртебем,

Сенім деген келешекке тарт өлең.

Менің мәңгі жүрегіме орныққан,

Таудан биік құдіретті әр төбең

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Үзінді кімнің өлеңінен алынған? Бұл өлеңнің идеясын анықтап, 5 сөйлеммен жазыңыз? [3]

Қол бұлғап, арман алыс қырдан

Біз едік қиял жарыстырған.

Еңселі елдің батасымен,

Өнер ғой бізді табыстырған.
Досым-ау менің жанымыз бір,

Арналған елге әніміз бір.

Қазақтай қайсар, ел аман боп

Арайлап атсын таңымыз бір.


Қазақтың тілі гүлдегенім,

Шырқатып айттық бірге өлеңін.

Желкенім мәңгі құламасын.

Бәріміз мінген бір кеменің.

Шапағат нұрын жиып төккен,

Шығарып шыңға биіктеткен.

Қошеметіне шомылдырып,

Еліміз бізді сүйікті еткен.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Е.Бимұханов өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды табыңыз?

Бәйтеректің тамырындай мәуелеп,

Біздің жақтың табиғаты, бауы ерек.

Махаббаттан жолы болған адаммын,

Ескендірдің «Гүлсезімі» әуелеп.
Ат дүбірі-домбыраның қағысы,

Бура мінез-ер жігіттің намысы.

Менің жазған жырларымның барлығы,

Қалдығайты өзенімнің ағысы.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Ақындардың әндерін үзінділерімен сәйкестендіріңіз? [2]

Автор

Өлеңі

1.Ертай Бимұханов

А)Ауыл
Жусанның иісі аңқыған,

Сағынып тұрасың ауылды.

Ынтымақ Қаймағын қалқыған,

Аңсап-ақ тұрасың қауымды.




2.Талант Арынғалиев

Ә)«Туған жерім-жүрегім»

Мен өзіңнен қайда кетем алыстап,

Арман-қиял қанатында қарыштап?

Менің құйттай жүрегімді қорғаумен

Алақанда келесің ғой әлі ұстап...


3.Талап Таймасұлы

Б)Досым-ау менің

Досым-ау менің жанымыз бір,

Арналған елге әніміз бір.

Қазақтай қайсар, ел аман боп

Арайлап атсын таңымыз бір.

5.Досыңызға туған өлкеңіздің өлеңдерін таныстырып хат жазыңыз? [5]

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________




Балл қою кестесі



Жауап

балл

1

Ертай Бимұханов

«Менің өлкем» өлеңі




1

2

2

Автор бейнесін сипаттап, үш сөйлеммен жазады

1

3

Талант Арынғали

«Досым-ау менің» өлеңі




1

3

4

Өлеңнің негізгі идеясын анықтайды

1

5

Көзқарасын 4-5 сөйлеммен , тұжырымдап жазады.

1

6

Теңеуді табады (Бәйтеректің тамырындай мәуелеп.)

1

3

7

Метафораны табады (Ат дүбірі-домбыраның қағысы,

Бура мінез-ер жігіттің намысы)


1

8

Аллитерацияны табады (Бәйтеректің тамырындай мәуелеп,

Біздің жақтың табиғаты, бауы ерек.)

1

9

тақырыбын біледі

1

2

10

Үзіндімен сәйкестендіреді

1

11

Өлеңдерінен дәлелдер келтіреді

1

5

12

Мақал, мәтел, нақыл сөздер қолданады

1

13

Көркемдегіш бейнелегіш құралдарды қолдану (эпитет, теңеу т.б)

1

14

Өз көзқарасын білдіріп жазба жұмысын жазады.(80-90сөз)

1

15

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

1

Каталог: images-new
images-new -> Мектеп секторының жұмысы туралы Қала бойынша мектептер саны
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по учебно-методической работе г. Уральск, 2016 г
images-new -> Общее среднее образование
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по методической работе Орал қаласы, 2017 Тақырыбы
images-new -> Тема урока: «Чарующий голос Гарифуллы Курмангалиева и тема Родины в творчестве Акуштап Бахтыгереевой». Урок музыки и литературного чтения
images-new -> №10 “Балапан” МдҰ-ң әдіскері: Г. С. Кадемова істер номенклатурасы 36
images-new -> Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Қазақстан тарихы 5 сынып
images-new -> Сабақ тақырыбы А. Байтұрсынов "Өгіз бен бақа" Мақсаты
images-new -> Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
images-new -> Әож 37. 012(063) Ө71 Бас редактор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет