Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ



бет19/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
Лекции

6. Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

  1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

  2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

  3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

  4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі, Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әр түрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек: Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.
Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірбие айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б.
Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы өндіру қабылетін сақтауға атсалысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.
Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критериі қолданылады:

  1. Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.

  2. Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.

  3. Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриальды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.

  4. Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.

  5. Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктерене баға беру.

  6. Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.

Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне мыналар жатады:

    • халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес, қорғау кепілдіктері негізінде тарту;

    • шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;

    • тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;

    • кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет