Пропорционал бөлуге берілген есептер Егер завод күніне 3,6 т отын жұмсаса, онда жарты жылда жұмсайтыны белгілі болса, оның құны 3 млн. теңге болады. Егер завод күн сайын 3 т отын жағатын болса, онда осы (уақытта) отын алуға қанша ақша жұмсайды?
Шешуі: 1т отын жаққанда оның шығыны 3/3,6 млн. теңге, ал 3т отын жаққанда сәйкес 3/3,6 ∙ 3=2,5млн. теңге.
Жауабы: 2,5 млн. теңге.
Екі тоқыма өнеркәсібі цехында 6 млн. теңгенің қнімі шығарылды, олардың жұмыс өнімділіктері бірінші цехтың екінші цехқа қатынасы 2 : 3 дай. Әрқайсысы жеке алғанда қанша өнім өндіреді?
Шешуі: Бірінші цехтың өндіргені 2 бөлік, 2-нің өндіргені 3 бөлік. Барлығы 2+3=5 бөлік. Яғни біріншісі барлық өнімнің 2/5, оның бағасы 6 млн. теңге, 6 ∙ 2/5 = 2,4 млн. теңге. Дәл осылай екіншісі 6 ∙ 3/5=3,6 млн. теңге.
Жауабы: 2,4 және 3,6 млн. теңге.
3. Оқушы кітапты 2 күнде оқып бітірді. Егер оқушының 1 және 2-күндері оқыған беттерінің саны 2/5 :1/4 қатынасындай болса, және 2-күні бірінші күнге қарағанда 18 бетті кем оқығаны белгілі болса, онда кітаптың беті қанша?
4. Бір сыныпта 30 оқушы бар. Сыныптағы қыздардың саны ұлдардың 2/3 бөлігін құрайды. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар екенін анықта.
5.Тінтөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 8 : 3 қатынасындай, ал периметрі 88 см. Тіктөртбұрыштың үлкен қабырғасын табыңдар.
6.Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын 4 : 5 : 6 қатынасындай, ал периметрі 30 см. Үшбұрыштың қысқа қабырғасын табыңдар.
7. 45 санын 4,5 және 6 сандарына тура пропорционал етіп бөліңдер. Кіші санды табыңдар.
8. Өлшемдерін үлкейтетін көшірме машина фото суреті 7 : 2 қатынасында үлкейтеді. 10 және 15 см фото карточканың өлшемдерін табыңдар.
9. Жаңа тиынның құрамы никель, мырыш және күмістен 3:4:13 қатынасында қосылған. 4 кг жаңа тиынның құрамында қанша кг никель бар?
10. Алтын мен күміс қоспада 5:3 қатынасындай. Массасы 32 грамм қоспада қанша күміс бар.
11. Данагүл бір сан ойлап, оны тақтаға жазды. Мария бұл санды 3:7:2 қатынасындай бөліктерге бөлді. Айман ортаңғы санды 14-ке азайтты және одан қалған санға ортаңғы саннан 20% санды қосты. Қорытындысында 47,6 саны шықты. Данагүл қандай сан ойлады?
12. Айша магазиннен 18 алма сатып алды. Бұл алманы 2:1:3 қатынасында Айша шешесіне, әкесі және өзі жеді. Әрқайсысы қанша алмадан жеді?