Торсығың сусын құйып алатұғын, «Ас-адамның арқауы»,-деген сөз бар, Сендей жаяу әр-жерде қалатұғын. М-Ж. Көпеев шығармасында өзгелік етіс жұрнағы -тір, көсемше тұлғасы -е, есімше тұлғасы -тұғын формалары арқылы тіркесіп өзгелік етіс жасайды: …миға залал келтіретұғын уларды жуып, тазалап тұрады; Бұндай сөз жасау үлгісі сирек болса да кездеседі.
Сұрақтар
1.-атын (-етін, -йтын, - йтін) жұрнақтары жалпы осы шақ есімшесі деп аталуының себебі неде?
2. Баскаковтың (тұрған> тұғын>тын) пікірімен проза тіліндегі тұрған//тұғын формасының қолданысы?
3. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінде осы формалар қолданыла ма, дәлеліңіз?
4. -ар тұлғасының -а -тын (й -тын) орындарында қолданылу әдісі туралы ойларыңыз қандай?
5. -тыр (-тір) туралы Қалыбаеваның пікірі қандай, қазіргі тілші зерттеушілердің ойлары?
1.8 -Тұрым мен -құрым
М-Ж. Көпеев тілінде жазғытұрым, жазғытұры (-м), жазғытұрғы ықшамдалған варианттар да кездеседі. Кеңшілік болды уақыт жазғытұры, Қар кетіп, ылай балшық жер болды құры (құрып кетсін деген мағынада); Жазғытұрым емес біз, болдық қой күз, Қыс боп қалдық дегенше күдеріңді үз; М-Ж. Көпеевтің жинаған ауыз әдебиеті үлгісінен: «Жазғытұрғы кез, жаманшылық уақ қой, өйтіп-бүйтіп бір сабаны әрең толтырып алып келдік дейсің» мысалдардағы: Жаз+ғы//тұр+ғы (жаз+ғы) сөзі мезгіл мағыналы зат есім, (тұр+ғы) етістік - ғы жұрнағының көмегімен адьективтену үрдісі арқылы сын есімге айналған, жаз+ғы (тұрғы) сөздері кез//уақыт сөздерімен барабар мәтінге ыңғайына байланысты қолданылады да (адвербиалданып) мезгіл үстеуге айналады. Тұрғы, тұрым сөздері жеке тұрғанда қолданылмайды. Тек қана мезгіл ұғымына байланысты сөздермен тіркеседі. Қосарлану, бірігу арқылы сөз жасауға түрткі болады. Жалпы - ғы жұрнағының функциясы үлкен. Мысалы, Ә.Төлеуов - ғы жұрнағының жатыс септігінің үстіне қосылған түрін (да-ғы, де-гі) локативті (lokativ-жатыс жалғауы) формасы деп, сондай-ақ - ғы жұрнағы арқылы түрлі туынды сөз жасалатынын айтады. А.Ысқақов, Ә.Төлеуов - ғы жұрнағының көбіне есім сөзге тіркесін айтады да, түбір етістіктен де сөз жасау қабілеті барлығы ескерілмейді. К.Аханов (сырғы, атқы) сөздерін жатқызады. - Ғы жұрнағын Н.К. Дмитриев: «Ги сохранился в отдельных словах вроде кесерт-ги (Ящерица)» дейді. - Ғы фонетикалық варианты (-гі, -қы, -кі) сөзге жалғанбайды, өйткені бұл жұрнақтар белгілі бір сөз табынан екінші бір сөз табына қатысты сөздер тудырады. - Ғы жұрнағы айтылар істің нақтылығына тағы көз жеткізу сол сөздің қайталанатындығына күмән тумайды деген мағыналы етістікті сөз жасалады. Бұндай түрленіс көнеден келе жатқан құбылыс екендігі мына мысалдан байқалады. Бірақ, - ғы жұрнағы туынды сын есім тудыратын - лы қосымшасымен тіркесте жұмсалады: …уа астрахатлігі үшүн қылған, …илә хүкүм қылмақлығы өзінің іждаһадлы ғамхорлықы; …Орынборұхның базар башлұғы (бастығы) Виличконың, ізгу халқы; бізнің мархаматлұ (мархабатты) сұлтанұм -ты//-лұ+ғы (-ты//-лы-ның көне нұсқасы лұ сын есім тудырушы жұрнағы қолданылады (Айшуақ хан). Жазғытұрым (4). Қыс пен жаздың арасындағы маусым, көктем (Абай тілі сөздігі). «Қонушы еді біздің ел, Жазғытұрғы Жайықтан» (Ғ. Қараш). «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі» (Абай); Жазғытұры мектептерде, школдарда оқу болмайды (Міржақып Дулат); Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры (Шоңбай Жұбанұлы). Жазғытұры сөзі сияқты күзгітұры сөзі де қолданылады: Күзгітұры болғанда, Қаптай қонып алушы ек (Күдеріқожа Көшекұлы). - Ғы жұрнағының синонимі -ым сын есім жұрнағы кейде қолданылуына қарай мезгіл үстеу де болады. А.Ибатов -қы, -ғы, -кі, -гі аффикстерінің тарихи қалыптасуын айтқым, көргім сөздерінің құрамындағы -қы, -гі тұлғалары арқылы дәлелдейді де айтқы, көргі сияқты қолданыс ешбір жерде еленбейтінін, Алтын Орда дәуірінде - ғұ, - гү аффиксі арқылы сөз жасалғанын айтады. Ол кезде бұл аффикстер түбір етістік сөздерден жаңа туынды сөз (қимыл атауларын) жасаушы қосымша дәрежесінде қызмет еткенін жазады. Мысалы: алғу, барғу, келгү, ілгү сияқты дейді. Демек, қимыл атауы ретінде қалыптасқан көне сөз тұрғы осы ізбен жасалғаны анық ескерткішінде - қа жұрнағы барыс септігінің - ға жалғауымен тұлғалас қолданылған. Мысалы: Темір қапығқа тегі сүледім; Түрт булуңдақы будынығ; Балықдақы тағықмыс («Орхон – Енесей»); Шами гүнлүгі йер йүзіне дікдүрміш-еді; оғланшуғы, ушағы (Қорқыт ата); усуғыдан, қамағы («Оғыз қаған»); сөздерінде -ғы//-гі жұрнағы сөз тудырушылық қасиеті анық байқалады: қапығқа-қақпаға, булундақы-бұрыштағы, балықдақы-қаладағы, гүнлүгі-күнігі, оғланшуға-ұлға, ушағы-ұшағы, усуғыдан-бұрынғыдан, қамағы-қамалғандар т.б. Алтын Орда дәуір әдебиетінде: Хала кеч келганига; Нух алайһи с-салам өзүңа кефир бергил дедилар; …болған өлүкларни көрүп йемәкка машғул болды (Рабғұзи); Ей Сулайман кичикликига қараман (Сүлеймен алайһи с-салам хикаялары); ...аллаһига тоба қылып (Харут пен Марут); өйұгі соңра қалур; Бурунқы завқ һіч соңра табулмаз; Кілімүнга көра көсүл айақны (Құтып); Пері рұхсарларңың көркка байы; Аның кім сыдқы болса инсан (Хорезми);
М-Ж.Көпеев шығармасында: Бір еркек, бір ұрғашының сүйіскендігінен, түйіскендігінен, алқынған, жұлқынғандығынан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен бір су бала жататұғын жатырға барды; …жаман кісі атанатұғындығы-сол ; -га, -гі, -ка, қы тұлғалары қатар қолданыс тапқан. - Ым сын есім тудыратын жұрнағымен (сарғылтым, қызғылтым) зат есімнің жұрнағы -м, (-ым, -ім) (өнім, түсім, жайылым) функциясымен салыстыруға келмейді. К.Аханов зат есімнің аталған жұрнақтары етістік атаулының бәріне жалғана бермейтінін айтады. - М жұрнағы жайында екі түрлі пікір бар, проф А.Ысқақов етістіктен зат есім тудыратын өнімді десе, проф. Э.В.Севортян өнімсіз дейді. «Значительный вклад в словарях тюркоязычных народов оставила отглагольно-именная форма на –м, -ым, -им, -ум, -үм, реже –ам, -ем. Форму на –м также следует отнести к числу слабопродуктивных в современном ее состояний» (Севортян). Ә.Төлеуов -м жұрнағының етістікке (талғам, тоқтам, түсім, кесім т.б.), зат атауын (жем, жайылым, немесе тарам, бөлім, жарам .т.б), бір сөзімен тіркесіп: (бір шегім, бір қайнатым) т.б.түрлерін атайды. Жазғытұры (-м) сөзінде -м түсіп қалып ықшамдалған күйі берілген. Тұрым тұлғасына қарай тұр етістігінен -ы (-м) -ым сын есім тудырушы жұрнақ болып есептеледі. Қазір бұндай қолданыс жоқ, көнеленіп кеткен форма болып табылады да, жазғы сөзімен кірігіп кеткен түрінде ғана қолданылады. Бұндай құрылыстың қазіргі қазақ тіліне тән құрылым емес. Тұры//күні сөзімен алмаса алады. Тұр тұлғасы жағынан етістік болғанымен, жоғарғы тәсілмен жаңа сөз жасайды да аралық мезгілді білдіреді. Ал, күн сөзі нақты уақытты көрсетеді. «Осы жұрнақ (-ым, -ім…)» арқылы кейбір етістіктерден туған сөздер …қазақтың бұрынғы өмірінде өлшем, мөлшер атаулары есебінде халық термині ретінде жұмсалған (А.Ысқақов). Жазғытұрым мен кешқұрым сөзінің арасында семантикалық байланыс бар. Тұрым күннің ағарып шығуымен байланысты болса, құрым//уақыт//мезгіл баламасымен кеш түсуімен күннің батуымен ұғынылады. Тұрым мен құрым мағынасы жағынан антоним сөздер. Құрым сөзі көне түркі тілінде түн//қараңғы деген мағына берген. Себебі, қарақұрым (сындық мағынасы да бар) киіз, құрымкиіз деген сөздің құрамында да құрым сөзі қоланылады. Құрым сөзіне анықтама берсек: «Құрым зат. Түтіннен пайда болған қара-қошқыл ыс, ысталған затқа жұққан түтін дағы. *Құрымкиіз – түтіннің ысы тиіп, қара қошқыл тартқан киіз» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі). Тұрым// тұру//тұр сөздері таңның атуынан барып, маусым атауына жұғынған о бастағы мезгіл ұғымын жоғалтпаған. Тұрым сөзі күннің шығуы мен жаздың басы есебінде қолданылса, құрым сөзі керісінше кеш бату ұғымымен тығыз байланысты. Олай болса, бұл сөздердің о бастағы мағынасы тұрым//күн, құрым//түн сөздерінен шыққан секілді. Тіпті, тұрымтай, құр құстың аттарының өзі күннің атуы мен, батуына байланысты туған мезгіл-маусымында жұмыртқа салатын уақытына қатысты қойылуы да мүмкін. Топтанып ұшқан торғайға, Тұрымтай да бата алмас (Мақал). «Көктем» деудің орнына «Жазғытұрым» сөзін де қолданамыз. Оның-қыстың аяғы, жаздың басы екені аян. Бұл біріккен сөздегі бізге белгісізі көне -«тұрым» сыңары. Монғолда «түрүүн» тұлғасы «әуелді, бұрын», ал қалмақтарда «түрүн» сөзі «басталу» сияқты мағыналарда қолданылады. Біздің жорамалымызша, «түрүүн» тұлғалы сөз ертеде түрік тілдерінде болып, кейін ұмытылып, тек «жазғытұрым» сияқты тіркесте сақталған болуы мүмкін. …«жазғытұрым» сөзі - «жаздың басы» болып түсіндіріледі. «Жазғытұрым» сөзі тілімізде «жазғытұрғы», «жазғытұры» қалпында да айтыла береді. Осыған қарағанда, «тұрымның» алғашқы тұлғасы «тұры» деуге де болады (Ә.Нұрмағамбетов). М-Ж. Көпеев тілінде кездесетін растылығын (рас-ты-лы-ғы-н) сөзінің синонимі шынға дерексіз барыс септікті сөз (субстантивтеніп барып септеледі) ақын-жырауларда ұшырасады: Келіпсің, тақсыр, мұнда, -деп, Құлағыңды сал шынға, - деп (Қашаған Күржіманұлы) рас, шын сөздері тұлғасы жағынан үстеу адьективтену процесінің негізінде - ты //- ті туынды сын есімнің жұрнағы арқылы (сын есімге) айналған. Е. Жұбанов бұл жұрнақтардың халық поэзиясында қатыстық сын есім жасайтынын айтқан болатын. Осыған орай, М-Ж. Көпеев тіліндегі түбір есімдегі (раст, дост) - с дыбысынан кейін -т фонемасының қолданылуы туралы өз алдына бөлек әңгіме. Е. Жанпейісов «Қазақ прозасының тілі» еңбегінде біраз қарастырған. М-Ж. Көпеев тіліндегі «Мал - арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде» деп айтылатұғынлығы түрікпеннің жігітлері аса ер, мықты болып, басқа жұртқа мал сіңіртпесе керек; Адамның денесіне болған қан желден жасалатұғынын мұнан байқ; …маңызды іске жарап орынға тұртұғынын… айтылатұғынлығы (айтыла+тұғын+лы+ғы), етістіктердің субстантивтеніп барып зат есімдерше тәуелденетінін, септелетінін басында айтып өткенбіз: жасалатұғынын (жасал+а+тұғын+ы+н), тұратұғынын (тұр+а+тұғын+ы+н) -ы тәуелдік жалғауының III жағынан кейін, табыс жалғауының қазіргі қазіргі әдеби тіл үлгісінде де бар. Көне түрінде -ы+ны; -ы+ні сияқты табыс жалғауының түрі жалғанады. Бұл үлгіде М-Ж. Көпеев тілінде ұшырасады, кезі келгенде айтатын боламыз. Абай қарасөздерінде тұғын формасының бұзылмайтұғынын, өлетұғынын, келмейтұғынын, жібермейтұғынын (Абай - 460-465) тәуелдену, септелу үлгісі кездеседі. -Тұғын формасы туралы мына еңбектерде айтылды: (О.Нақысбеков, И.Қ.Ұйықбаев, Б.Әбілқасымов, М. Томанов) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |