Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Рухани мәдениет лексикасының ғылыми негіздері



бет7/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88
Рухани мәдениет лексикасының ғылыми негіздері

«Рухани мәдениет» – адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» – нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады. «Эстетика» – (грек – ощущение) – өнер туралы философиялық оқу. «Этика» – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті [122, б.323-324]. «Салт-дәстүр» адамзаттың рухани көне құбылыстарының – бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт-дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт-дәстүр – әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі. Әдет-ғұрып аса қарапайым мінез-құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір – оқиға – жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі [123, б.63]. Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып жатады. Нормалар. Әдет-ғұрып нормаларына (шама, өлшем, ереже) іс-әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс-әрекеттің параметрін қамтиды. Ол мінез-құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан және күрделенуінен тұрады. Т. Парсонстың көрсетуінше нормаларды былай классификациялауға болады:


1) Жалпы қоғамда және оны құрайтын топтарда формальданған тәртіпті сақтауға арналған нормалар. Мысалы: ер балалар әскери қызметін өтеу, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ішкі істер бөлімінде, әскери дайындық, дене шынықтыру, техникалық салаларда т.б. Әйел балалар көбіне мұғалім қызметіне, ара-тұра дәрігерлік, тамақ өнеркәсібі (ер балалар да араласа бастады), үй шаруашылығымен айналысу т.б.;
2) Экономикалық нормалар шаруашылық қарекеті, мақсаттылықты, кәсіпқойлықты және пысықтылық пен тиімділіктің мөлшерінің қолайлы жақтарын береді;
3) Өз еліндегі жалпы саяси принциптердің жүйесін қолдайтын міндеттерді белгілейтін, заңдылықтар мен конститутцияны бұзбай, күресті «ережені» сақтай отырып жүргізетін саяси нормалар;
4) Коммуникацияның тұрақты принциптерін, жеке адам мен түрлі топтардың өзара қарекеттерін қолдайтын мәдени нормалар. Ол өз халқының тілінде сөйлеу, оқу, жазу, музыканы сүю, өз мәдениетінің стилі мен рәміздерін қолдау. Егер кейбір нормалар өзінше соны немесе ерекше дәрежесін ала алмаса, онда қабылданған нормалар жедел қатардан шығып қалады да, қолайсыз мінез-құлық деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет