Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Түйін. Сеп < қаралы үйде де, қыздың ұзату тойында да болатын дәстүрдің атауы. Сеп пен септесу түбірлес сөздер, көмек дегенді білдіреді. Сеп



бет53/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88
Түйін. Сеп < қаралы үйде де, қыздың ұзату тойында да болатын дәстүрдің атауы. Сеп пен септесу түбірлес сөздер, көмек дегенді білдіреді. Сеп пен жыртыс та өлік жөнелтудегі дәстүрлердің бірі болып табылады.
Жыртыс. Топтап келген қатынға, Жыртысты қаба беріпті (Манас, 264). Жаназаға жиылған жан басына бір-бір кез жыртыс бердірген: «Жайнамаз қылып алсын!» деп. Өзге шығарған малдан бөлек, «Жаназақы» деп, төрт түйе байлаған (М-Ж. 9 т. - 241 б.).
Жыртыс лексемасы жырт түбір мен -ыс қосымшадан тұратын сияқты. «Жыртыс» (от слова «жыртпақ» – «рвать»), представляет собой небольшие кусочки ткани. Обычно, если покойник был почтенного возраста, то жыртыс сопровождается словами: «Жасын берсін» [265, б.154]. Тур. тат. йртқ іыртмакъ, дж. йтрғқ, к.сл. арғқ, айрғық, кир. жртық джыртъ или жыртъ разоврать, разодрать (пон. форма отъ йрмқ), йртық, жртық драніе, кир. жырту обычай рвать одежду умирающаго, для облегченія агоніи, тртұқ, тртық, тыртық изодранный, оторванный кусокъ, тртқармық изодрать, разодрать на куски, тртқұмқ, тыртықм, кир. жыртық тур. тыртығы раздирающій, хищный, зврскій, хищный зврь, велть или дать разодрать, разодрану, изорваться, щель, расщелина въ земл (транслитерация жасаған – А.Қ.) (Будагов, 1871: 354). Ерте уақытта өлген адамның жасы елу жастан кем болса, жыртыс таратылмаған. Жыртыс көбіне сыйлы, үлкен құрметті адамдарға таратылған (сол кісілердің жасын, қасиетін берсін деп). Ислам дінінің енуімен Мұхаммет пайғамбардың жасына 63 байланысты тоқтаған. Жыртыс сияқты ешүк деген түр де болған. М.Қашқари ешүк сырт киім, жамылғы: ЕШҮК хандар мен бектер өлгенде, олардың қабірлерінің үстіне жабылып, кейін жоқ жітік, кемтарларға, пақырларға үлестіріп беретін жібек мата дейді [230, б.96-101].
Түйін. Қазіргі кезде туған-туыстары өлген кісінің үйіне костюм-шалбар, плащ, куртка, польто, байлауыш сияқты бұйымдар апарады. Павлодар облысында кісі өлген күні көңіл айтады да, жабдығында (жетісі, қырқы, жылы) бата жасайды (қалтасына байланысты ақша береді). Ал, өлген үйдің иесі қолы жеткендері өлік үстінен ет жақын туыстарына, жолдастарына, қызметтес адамдарына киім, түрлі мата таратады. Ал, жерлеуге барғандарға қол орамал тарататын әдет кірді. Өлік жөнелту кей жерде тойдан бір кем өтпейтін дәрежеге, бәсекеге айналған сыңайлы. Жыртыс > адамның өлер алдындағы соңғы тынысы, ауа жетпей жанталасып киімін жыртуынан шыққан.
Хан талапай. Кенесарының ойдан ұрып, қырдан қырып жинаған жылқысын Ағыбай, Жанайдар: «Хан талау» деп, олжалап алып кетіпті: (М-Ж., 9 т. – Б. 109). Хан қайтқанда тұтынған барлық дүние мүлкін отауына жинап қойып, артынан туған-туыстарына таратқан.
Телім сұрау. Жасы келіп өлген, жұртқа қадірлі адамдардың киімінен телім сұраған. Сол сияқты әулие атанған діндарлардың киімін жыртып, телім еткен. Ақ киізге көтеріп, хан сайлаған соң, сол киізді тіліп - тіліп телім сұраушыларға берген. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жыртыс лексемасын өлген кісінің артынан мата, бұл тарату сияқты мағынада қолданған. Тұл о баста тікелей өлікке қатысты айтылған. Өлген адамның әйелінің жалғыз қалуын-тұл деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет