Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том


Саржа. Садаќ жаќ; ерте кездегі батырлардыњ саржасы. Саржасыныњ



бет27/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Саржа. Садаќ жаќ; ерте кездегі батырлардыњ саржасы. Саржасыныњ кірісі, Тартуѓа келмей ‰зілді (ЌЖ, 21); Бұлғары садақ, бұқар жай Тарта алмасам, маған серт (Қобыланды, 70). Саржа - лукь съ инкрустаціями изъ кости (В. Радлов: 1911, 4 т. ч 1. 340). Саржа – қару екендігін Ж. Досқараев қолдайды [124, б.96]. Сарыжа - сүйек ойып әшекейлеген садақ, жақ (лук с костяными инкурстациями). Ильм., 156; Уб.КО; Ир.АО [24, б.403]; Саржа ататын қару емес, оны иініне қойылған сары сүйек – дейді Байжанов [120, б.165].

Академик А.Т. Қайдар: В Из этого ряда каждый из тюрко-монгольских языков может найти свои вариант, выражающий одно из четырех значений: «лук», «стрела», «колчан» и «лук и стерла» – деп жазды [66, б.34]. Ф.ғ.д., профессор Р. Сыздықова былай дейді: садақ сөзі бір тілде қарудың өзін, екінші бір тілдерде оның тек футлярын, үшінші бір тілдерде осы қарудың өзін, жабдығын, сауытын қоса алғандағы жалпы атауын білдіретін болып қалыптасқан Қазақ тіліндегі садақ сөзі – осы үш мағынаның үшеуіне де ие болып қолданылып келген сөз – деп түсіндіреді [119, б.102]. Жебе салатын қап ол – қорамсақ.



Қорамсақ. Қорамсақ – садақ оғының қабы. Т. Байжан да қорамсақты (колчан для стрел) деп дұрыс анықтаған [121, б.7]. Ќорамсаќ قرمساق курамсакъ рагоносецъ, мужь обманутый женой (диан к.сл. Бурх.) въ ад. Тоже, и въ заначеніи: измнникъ, плуть, произносится курумсакъ, въ каз. қорамсақ, қрмсақ скряга, негодяй, въ Кир. скопидомъ, бережливый деп түсіндіреді сөзігінде (Будагов. 1871: 51); Кир.قورامساق курамсакъ. Колчанъ со стрлами (Будагов, 74). Біз қорам + сақ деп екіге бөліп қарастырамыз. Қорам – алт. корумъ, корымъ розсыпъ, мелкіе камни, образовавшіеся отъ обрушившейся скалы, قورومدا закласть мелкими камнями, 3) алт. коромъ посл (въ противуположность времени), 4) якут. Битое кобылъе мясо, употребляемое якутами во время свадьбы; дж. قورومسغمق курумсагмакъ – сдлаться жертвой (құрбаншыл) (Л.Будагов. 1871: 79). Демек, қорам түбірі қарсы жағын өлтіру сияқты мағынада қолданылады.

Қорам сөзі қор (саба бөлімінде айтылды) қымыздың ашытқысына байланысты емес пе екен деген ой айтылды. Қор (запас) – деген мағынасы жағынан жақындығы бар сияқты. Сол сияқты, осы сөздермен мағыналас қазақ тілінде қора (мал қорасы) деген де сөз бар. Расында да, түбір тұлғасында тұрып-ақ қап (сауыт) деген мағынаны бере алады. Р. Сыздықова қорамсақ сөзі қорам түрінде де қолданылған, оның сақ компонентін қоспай да, «оқ қабы» ұғымын бере алатындығын аңғартады [119, б.91]. Бухатын Базилхан: Поэтому такие термины как сағадақ // саадаг // садақ «лук», корумсаға // хоромсого // қорамсақ «кольчуга» и мн. др. Имеют наиболее широкое распространение и как видно из специальных исследований бытуют в изучаемых тюркских и монгольских языках в самых различных фонетических вариантах – дейді [125, б.21]. Бухатын Базилхан академик А. Т. Қайдаровтың (1973: 25-34) еңбегін еске алған болуы керек. Ә. Ќайдаров сонымен ќатар ќорамсаќ сµзіне де талдау жасаѓан: Например: са/саќ в слове ќорамса /ќорамсаќ «колчан», -саќ в слове масаќ «наконечник стрелы», сай – в сай жебе, сай кез оќ – разнавидности стрел: жа / / жай в слове сарыжа / сары жай (Қасы сарыжайдай керліген ЕТ, 363), жай в слове бұқар жай «инкрустированный лук бухарский», же в слове жебе «наконечник стрелы», жа и сақ в слове жасақ «вооруженный отряд, дружина», сақ в выражении сағы сыну «получить отпор, подвергаться удару» (Жаудың сағы сынып тұр – ХА) и.др. [66, б.35]. С. Е. Малов йа - `стрела` (не лук) оќ йа `стерлы и лук`. КБ, 16, 10: созвездие «Стрелец». РСл., III, I. (33 бет.). Оќ - `лук`; так теперь в сознании уйгуров; хотя по текстам для прошлого времени более подходит обыкновенное значение «стрелы». РСл., I, 988 (ЯЖУ. 1957: 81 бет.);

Л. З. Будагов тур ياي йаы яй, алт. يا йа., кир. جا жа., тат., ييه йие, جيهжие іеіе 1) лукъ для стрлъ. 2) тур. дж. ياي йаы созвздіе Стрлец (قصص йѓѓы – 127), ياي يولي йаы, йоы пространство на выстрлъ изъ лука, ياي йаы, جكمك жќмы, قورمق ќормќ алт. Кир. يا йа, جاتارتكق жайатмќ натянуть лукъ, ياي йаы босады يصمق ослабить лукъ до конца стрлы, йаы ќршамќ ياي كرشلمق приладить тетиву къ луку, кир. انالمغان جايه طانكدار аталмаѓан жайе ѓанќр ар неумющіе стрлять, удвляется луку (послов.) (Қазақша транскрипциясын және арабша аударған – А.Қ.) (1871: 2 том: 346 );

Зембірек деп темір садақты да айтқан сияқты. Татар деген жұртты қырып, шаһар Бұлғарыны жермен-жексен қылып, Ескендір Зұлқарнайыннан қалған бір зеңбірек бар екен (М-Ж. 11 т. – Б. 108). Л. Будагов п. зембуръ, пчела, зембурекъ, а) пчелка, б) земрек стальной лукъ; зашелка, с) маленькая пушка, везомая на верблюд съ караваномъ пилигримовъ. для орханенія отъ степны арабовъ, кир. произносять зенбрекъ, пушка, зенбрекчи, пушкарь – деп жебенің темірден (темір жебе) жасалатынын жазады (1869: 607). Киші. п. кишъ 1) та часть колчана, куда кладуть стрлы (1871: 178).

Түйін. Қорамсақ садақ оғының қабы > қорам (қап, сауыт) + сақ (оқ). Қорамсақ > кісе. Күрен > қос > қора > қорамсақ > құр > құрсақ > құрық т.б.

Кісе. Сол кісенің ішінен дорба алады-ау (М-Ж., 228); Сонда ақсақал кісесін қолға алды-ау (М-Ж., 116); Оқшонтай жоқ, кісе жоқ Белбеу шығар деп еді (М-Ж., 56);

Кісе – қалталы бұйым. Оның іші кең болады. Оқшонтайына тіс ысатын, аршитын усойқы, арша және басқа жабдықтар болады да, оның негізгі қуысына көбіне сарқыт салынады. ХIХ ғ. бастап қазақ халқының тұрмыс-салтының өзгеруіне байланысты кісенің түрі, қолданылу мақсаты да өзгеріске түсті. Кісе (нан), кіселеу (торлап кесу) т.б. Енді қосымша қалта салмай, күміспен кемерлеп, әшекейлейтін болды. Олар күміс кісе, кемер кісе деп аталды. Кемер белбеу – қараңыз: (Малбақов, 1992: 16). Баяғыда кісенің ішін талмен ыстайтын, ішіне ет салып алатын болған. Белбеудің бір түрі кісе п. кисе күміспен, жезбен әшекейлеп істелген қалталы белбеу (ҚТАПС, 109). Күміспен сәндеп, әшекейлеген қалтасы бар, былғары белбеу қазақ зергерлерінің жасайтын аса маңызды заттардың бірі кісе қалталы былғары белбеу (Қазақ ССР тарихы). Кісе – әскери адамдардың портупейі. Б. Момышұлының шығармаларында қолданылады. Кісе ертеде түріктер соғыста қажетті бұйымдарын, оқ-дәрі салып жүретін қалта (потрантажы) болған сияқты. Кейіннен уақыт өте келе тұрмыс қажетіне пайдаланып о бастағы мән-мазмұнын жойған.

Л. Будагов: п. кисэ 1) карманъ. 2) тур. ад. мшечекъ кошелокъ, кисетъ, въ кир. ксе, кожаная сумочка, привязываемая ременнымъ пояосмъ снаружи платья (при ней қын ножны для ножа и оқшонтай – отдленіе, куда кладутъ пули) тур. кисседар банкиръ, кассиръ, он кисе жиырмасында оқ, у неге нть и 10 кошельковъ (каждый кощелекъ содержить 500 піастровъ), киселмық положить деньги въ кошелекъ; завернуть письмо или депешу въ мшокъ, сормық кисе тереть мшечкомъ, рукавицей (банщики въ баняхъ). Турк. Кисе бой кесе – бой, барка съ одной мачтой и двумя парусами (Вамб.). (1871: 178). Кісі тат. кисі = ксі – человкъ (1871: 178).



Осы зерттеу жұмысқа қатысты Ә. Нұрмағамбетовтың де пікірі еске аларлық: Нет необходимости анализировать слова оғындай, обозначающее `как пуля, подобно пуле`. Неясно по занчению слова мір. Иногда оно употребляется без своего спутника оғындай, с аффиксом -дей – мірдей. Нам думается, что слова мір и оқ равнозначены или связаны друг с другом. Это можно подтвердить языковыми фактами. В древние времена человеку нужно было оружие для охоты на диких животных, в качестве которого могли служить обыкновенные палки, что сохранилось в некоторых тюркских языках. Например, в хакасском языке миргеле употребляется в занчении `бросать`, а мирге – `палка для игры в городки`(ХРСл, 1954) , в тувинском языке мирге – `палка`(Р-ТСл. 1980). В током же значении слово мерһе мы видим в тофаларском языке, в алтайскомязыке мергеде также употребляется в занчении `бросать` (Рассадин., 1971: – С.207). Постепенно множество мирге в значении `палка` превратилось в других тюркских языках, в частности в казахском, в оқ, а сами предметы, также совершенствуясь, предвратились из палки в стрелы. Наше предположение подкрепляется некоторыми фактами родственных языков, в частности тунгусо-маньчжурских. В языке эвенов значение `стрела (самостел)` передается словам миир, а у нанайцев с незначительными звуками и смысловыми изменениями – морали `самострел для охоты на соболя`(ССТ-МЯ. 1975: 537). Возможно, в далекие времена у казахов `самострел` назывался мір. С развитием общества и языка это слова вытеснилось другими: садақ, мылтық и.т.п. Однако первые слова сохранились во фразеологии казахского языка. Таким образом, словосочетание тілі мірдің оғындай можно понимать как `язы, как стрела самострела` – деп жазды (ПЭТЯ. 1990: 209-210). Нұрмағамбетовтың жазып отырғаны өте дұрыс. Ерте уақытта таяқ (таяқ – бөлімін қараңыз) ұшына сүйектен не темірден қадап, оны аңға дәл лақтырып атып түсіретін болған. Ол – қаруды мір деген. Мір > таяқ.

Түйін. Кіс түбір сөзіне байланысты: «кісі «адам» кіші «әйел» кішілік» сияқты вариантын қарастырады (Ә. Қайдар, 1998: 287). Мәшһүр-Жүсіпте «кіс» – тышқанның бір түрі ретінде қолданылады: «Бала кіс» – деген, «Ақкіс», «Қаракіс» – деген тышқанның бір атасының өлі суының ішінде қаракістің жүні жұмсақ болады. Бұрынғы замандарда патшалар, байлар жаңа туған жас баласын балакістің терісіне бөлейді екен: «Қатты болмасын!» – деп (М-Ж., 11т. – Б. 169). Кіс > кісі > кісен > кісе > кіс (ақ кіс-аң) түбірлес сөздер сияқты. Жылқының кісінегені, мысықты кіс-кіс деп шақыру түбірлес лексемалар. Осы кіс жалпы жылқы атауынан кісі атауына ауысуы мүмкін. Ат мінген кісі. Оқшонтай майданға қатысқанда оқ салып алатын қалта.

Майдан. Майданда жас батырды байқады енді (М-Ж., 155); Жүз мың әскер келді енді, Майданға тақты құрғызып (Алпамыс, 223); Майданнан аққан қызыл қан, Сарқырап ақты судай боп (Алпамыс, 227); Чунки туштым майдонға, майдонға тÿла кÿрдум (Қожа Ахмет Йассауи).

Майдан – алаң, соғысатын алаң, жер таңдап алу, өзіңнің артыңнан соғыс алаңын қалтыру, күреске алаңға шақыру, ортаға қолғап тастау деген мағына береді екен. (Аударған – А.Қ.) (Будагов, 272). В. В. Радлов мäідан – 1) равнина, площадь; 2) публичность; поле битва – дейді [17, 2069]. Р. Сыздықова майдан, сірә қазақ тіліне парсы тілінен енген сөз, ал парсы тіліне араб тілінен енген; майдан – парсы тілінде «площадь, арена, ипподром, поприще, плац; поле деятельности, поле сражения; время, досуг» деген мағыналарды білдіреді (Перс.-русск. Сл., 842). Қазақ тілінде де о баста бұл сөздің осы мағыналары негізінен қабылданып, келе-келе: 1) көгал, көгорай шалғынды жер; 2) алаң, орын, 3) ұрыс даласы деп айқындалғанға ұқсайды. Ал, қазірде тіпті ықшамдалып, тек «ұрыс даласы» және соған ғана қатысты үстеме мағыналарға ие болып отыр [119, б.94]. М. Әуезовтің майдан сөзінің үш түрлі мағынасынан басқадай түрде жұмсағанын көрсетеді (Е. Жанпейісов, 84). Мәшһүр-Жүсіп Көпеев майдан сөзін ұрыс даласы, соғыс сияқты мағынада қолданған. Майдан > ұрыс даласы.

Қосын. Ќос басында бес – аттылы жылќышымыз; Б±рынѓы хандар м±ндай соѓысќа барѓанда ќосынды ‰ш бµлек ќылады екен. Бір бµлегін кезуілші деп оќшау, бµлек алдында ж‰ргізеді екен. Бір бµлегін тосќауылшы деп, ханды ортасына алып, орта буында ж‰реді екен. Бір бµлегін салыќшы деп, запас баќќан аттарымен кейін арттарына тастайды екен (М-Ж., 41);

Кöчь 1) переселеніе, перекочевка, перемна мста жительства, временная кочевка на одномъ мст, стоянка лагеря во время военныхъ дйствій: три стоянки или три перехода мы совершили по самому берегу р. Синда (Баб. 188). Со всмъ что перевозять во время перекочевки, съ семействомъ, пожитками и скотомъ. т.б. көптеген мағыналар береді (Будагов. 1871: 144).

М. Арынныњ мына сµзі кµњіл бµлгізгендей: Шоќанныњ «ќазаќ» сµзініњ тегінде єскери функциональдыќ мағына жаѓынан іздеген жµн шыѓар деген болжамы бар екен. Єрі ќарай дамытып айтпаѓан. Дегенмен, осыныњ µзінде ‰лкен мағына жатыр емес пе? М±ны «козак» – деп те, «ќосаќ» – деп те жазады. «С»-ны «з» ќылып ж‰рген немістер болуы керек. ¤йткені, неміс тілінде екі дауыстыныњ ортасында «с» єрпі «з» болып оќылады. Қос деген бөлімді – қараңыз.



Түйін. Мәшһүр-Жүсіп қосын сөзін жасақ, әскер сияқты қолданған да екіге: кезуілші және тосқауылшы – деп бөлген. Қос > қосын (әскери жасақ).

Ту қандау. Сиыр атаулыны үш мың кісіге азық боларлық қылып жұртқа тастап кетіңіз, батырлары туын қандасын, мәре-сәре болып тамаққа тойынсын. Туларыңды қандаңдар. Елші жіберейік, құдай ұнатса жарасып, жадырап қайтамыз, деп, сөзі осыған қойды дейді (М-Ж., 67).

Ту уйг. дж. тоқ (у), тоқ (д) каз. ту, кир тоұ 1) знамя, бунчукъ, хоругвъ, флагъ, значокъ (кит. ду главное знамя арміи), туғасы занменщикъ, разсыльный: бұл сөздің алғашқы мағынасы қытай тіліндегі тугъ әскердің аты болғанға ұқсайды Марко – Поло мысалы 100, 000 саны бар әскерді түк (тү-ту – А.Қ.) дейді және тудың атыда ту. Қыр. ту байлау навязать знамя; ту қандау обагрить знамя кровью (при выступленій въ походъ, убивали одного непріятеля и его кровью обагряли знамя, какъ предзнаменованіе побды; – древній обычай); тур. ту хвость лошадиный на конц копья, обнесенного золотымъ шаромъ, занчокъ, его несуть впереди вызда губернаторовъ и командующихъ войсками; паша и великіе везири имюттъ ихъ по три, и потому называются ауы тоғау (ту тоғау) ту шқыры значокъ выставленъ, водружень (передъ дворцомъ султана или великаго везиря), означаеть отправленіе въ походъ, у такого-то паши отняты значки – онъ разжылованъ – аударған, транскрипциясын жасаған – А.Қ. (Будагов. 1869: 398); Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туын қандасын тіркесін жеңісті тойлау мағынасында қолданған.

Кетпен (қорған). Кетпен, шот ап, ар қылдың жер қазуға, Жұмыс қылмай соқырдың күшіменен (М-Ж., 126); Екі күрек, екі үлкен кетпенменен, Және сегіз көшіңмен мес бере көр (ҚКБС, 40). Ұсталар соққан кетпендей, Нұр тұқымын еккендей (ҚЖ, 70). Кетпенін талға саптаған, Қар суын жастай мақтаған (Манас). Кетпенді жаудан қорғану үшін жер қазуға, қорған салуға, қалқан сияқты пайдаланған. Оның дәлелі: Садақ тартып үйренеді, тартқан садағы тоғыз қабат кетпеннен өткізеді («Ер Төстік» ертегісі: 4 бет).

А. З. Будагов: курекъ, лопата, лопатка (кость плечевая), кочегарка; китмэнъ, ключъ замочный (каы к. сл.); у Баб. въ числ осданыхъ орудій, встрчается это слова въ значеніи: заступа или лопаты: щиты, заступы, топоры; кетменъ, рыть заступомъ – деп анықтама берген [20, б.121-173]. Мұрад Аджи: Алысқа көз жүгіртсек мынаны байқаймыз: қазіргі заман геологиясы және таулы істе көптеген ұғымдар мен терминдердің әлем жаңалығы болып түріктерден ауысқанын мақтанышпен айта аламыз: кайло, бутора, кирка т.б. – дейді [113, б.169].



Кетпенді тек қана қазу жұмысына ғана қолданбаған, қалқан, қорған есебінде де пайдаланған. Ш.О. Аюпов кетпен кәтмән – диқаншылықтың барлық салаларында бірдей қолданылатын атау, Ұйғыр тіліндегі кәтмән атауы – кәрт етістігінің түбіріне -мәк қосымшасы жалғану арқылы жасалған дейді (Ұйғыр қол өнерінің лексикасы, 14). Мүмкін керт түбір тұлғасынан қалыптасқан болар (-пен-шекпен). Ш. Аюпов кетпеннің қару-жарақ түрінде қолданылатынын айтпаған. Кетпен > қалқан. Шаризат найза, қалқан даярлады (М-Ж, 70); Ал, тұрып Шеризат бала қалқан алды (М-Ж, 223);

Түйін. Кетпен жауынгердің қару-жарағының бір түрі қалқан деген мағынада жұмсалған. Кетпен қорғаныс жасағының бір түрі – қалқан деуге негіз бар. Сонымен тоқ етері: Мәшһүр-Жүсіп кетпенді жер қазатын құрал есебінде қолданған. Кетпен: 1. жер қазатын құрал. 2. қару-жарақ түрі-қалқан. Кетпен > шабуылға шыққанда алып жүретін қару-жарақтың бір түрі – қалқан.

Қорыта келгенде, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы қару-жарақ түрлерін мағынасына қарай, қолданылу мақсатына қарай: сақ ер, гүрзі, шоқпар, сота, таяқ > ұратын, соғатын; найза, сүңгі > түйрейтін, шаншып түсіретін; селебе, қылыш, балта > шабатын, кесетін; шаппа шот > үшкір оқтың ұшы және ұратын, соғатын; семсер, метін > шабатын, түйрейтін; мылтық, садақ, саржа > ататын; қорамсақ, кісе > оқ салатын қап; майдан >ұрыс, соғыс даласы, соғыс; қосын >әскер; ту қандау >жеңісті тойлау; кетпен, қалқан > қорғаныс қарулары – деп топтауға болады. Қарудың мына түрлері М-Ж. Көпеев шығармасында жиі кездеседі: семсер, пышақ, қанжар, зырылдауық, жақ, оқ, садақ; Құс кездігін суырып,. Кеудесінен тіліпті кездікпен (Алпамыс), садақ, бұқар жай (Қобыланды), Зырылдауық тартты жылқыны қуып алды (Мәшһүр-Жүсіп) т.б.



Қорытынды
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи дәуір қазақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани өмір тынысына елеулі ізін қалдырды. Бұл әрине, осы дәуірде өмір сүрген Абай мен Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп шығармашылықтарына да қатты әсер етті. Олардың осы кезеңдегі тұтынған заттары мен алған рухани білімдері де ортақ еді. Сондықтан да, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілін Дулат Абай мен Шәкәрім тілінен тыс зерттей алмаймыз. Абай мен Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерінде аталатын ескіліктер қолданылуы мен мақсаты жағынан әр тарап және әр түрлі болып келеді. Абайды аға деп, Шәкәрімді түйдей құрдасым деген М-Ж. Көпеев олармен әр уақытта шығармашылық байланыс жасап, өлеңдерін, қисса-дастандарын оқып, тың ойлар, өзгеше жаңалықтары болса үйреніп отырғандығы байқалады. Сондықтан да, бұл төртеуінің шығармаларының идеясы бір ыңғайда, бір бағытта дамығандығы көрініп тұрады. Бұл – олардың алған білім көздерінің бастау бұлақтары да бір екендігін көрсетеді. Бұл туралы диссертацияда айтылды да. Біздің байқағанымыз, қазақтың заттық, рухани, халық метрологиясына байланысты аталымдар, мифологиялық лексикалар төртеуінде де бір қарағанда ұқсас келгенімен өз ішінде, мазмұны мен мәні, бірлігі мен құрылымы жағынан әр түрге бөлініп жатады.

Қазақтың этномәдени сөздерін шығармаларында өте ұтымды қолданғандарын анық байқауға болады. Олар әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты болып келеді. Атап айтсақ, қазақтың тұтынған ескіліктерінің бірі – ұмыт болған киім-кешек атаулары, ұлттық өнеріне қатысты бұйымдар: ат-әбзелдері, зергерлік заттары, киіз үйдің сүйектері, үй жабдықтары: ыдыс-аяқтары, ас сақтайтын ыдыстары, тағам атаулары, қару-жарақ түрлері т.б. толып жатқан этномәдени лексикасы жан-жақты сөз болады. Осы тұрғыдан келгенде, рухани байлығы болып табылатын: жас баланың дүниеге келуі шілдехана, сүндет тойы, ашамайға отыруы, тоқым қағары, үйленуі; отбасылық мейрам мен халықтық мейрамы, ең соңында өлік жөнелтуіне қатысты терминдер мен, жекелей аталымдардың этимологиясы, этнографиялық жағы, түркі тілінде бар сөздермен салыстырыла, ішкі құрылымы (фонетикалық, морфологиялық) түзілісі де сарапқа, таразыға салынып, шыққан негізі осы болар-ау деген болжамның ең ықтимал варианты беріліп, жете зерттелді деп айта аламыз. Төртеуін де қазақ халқының ауыр халі бей-жай қалтыра алмаған. Абай Құнанбаев «Ескілік киімі» – деген өлеңінде қазақтың байырғы киімдерін бас-басына атап, қазақтың үстіне шекпен жауып, ұлттық идеяны қолдайды. Абай бай мен кедейдің ауыр тұрмысын жырлаған сияқты болғанымен қазақтың жоғалып бара жатқан ұлттық тұрмыс-салтына жаны ашиды, соны қолдайды. Мұндай өлеңдер Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында ұшырасады. Абай мен Шәкәрім орыс оқуын жақтап, қазақ халқын тығырықтан алып шығатын оқу, ғылым, білім деп насихаттайды. Мәшһүр-Жүсіп шығармалырында да орыс халқымен тату-тәтті өмір сүру идеясы айтылады. Бірақ, М-Ж. Көпеев 1905 жылғы «қанды жексенбіден» кейінгі оқиғадан жаны түршігеді. Орыс империясының манифесі кезекті арандату екендігін қатты сынайды. М-Ж. Көпеев пен Шәкәрім бір дәуірді Абай сынды ғұламамен бастап, екінші ғасырды төңкеріспен бастайды. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп ауыз әдебиетінен мейлінше сусындап, шығармаларына арқау етеді. Оларға Шығыс, Батыс мәдениеті де үлкен ықпал етіп, жан-жақты білім алуларына жол ашады. Мәшһүр-Жүсіптің толысып, жан-жақты өсуіне: 1. Ауыз әдебиеті; 2. Ислам дәуір әдебиеті; 3. Шығыстың классикалық әдебиеті; 4. Қазақтың тарихи көркем әдебиетін жетілдіріп, жаңа поэзия үлгісін көтерген мазмұны мен мәні жағынан сапалы қасиетке ие болған ақын-жыраулар мұралары; 5. Орыс (еуропа) мәдениет үлгісі зор әсер еткендігі анықталды. Мәдениет әрқашан да тіл арқылы көрінетіні белгілі. Олай болса, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында сол дәуірдің тілін қамтыған заттық айғақ боларлықтай тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сөздер тобы толып жатыр. Олардың өзі әр тарап болып келеді. Бірі – адамның өмірге келген дүниесін (шілдехана, бесік той, сүндет той), екіншісі – қыз ұзату, қалың мал, жасау, сеп, жыртыс, сәукеле кигізу, қынаменде, қыз ойнақ, бастанғы т.б. үшінші – өлік жөнелту: қара тігу, хан талапай, тұл, ту қандау, ас, қырқы, т.б. төртінші – тұрмысқа байланысты мәдениет: ерулік, ереу, көкпар, құн, тоғыз, қарабауыр, күндебау т.б. осы айтылғандардың этнографиялық көріністері ғана талданып қоймай, этимологиясы да зерттеліп, сол сөздердің ту бастағы түбір тұлғасы, о бастағы мағынасы қалыпқа келтірілді. Айталық, тұл > тұлып > тұлым > талақ > жетім > олжа > тұл бойы > тал бойы > тұлға т.б. Көк > көң > көй > көнек > көйлек. Құн > қан. Өр > орау > жөргек > жөргем. Жар >жам > ям > ямшик > жәмшік > жәшік. Көкпар > көкбөрі. Бөлтірік > бөрі. Тәңір > таң + іңір. А > ұм > ұма > ұмай. Ауыз > ауыздық. Өм > ем > өм > омырау> өмілдірік. Көз > көзілдірік. Иек > жүген. Тізе > тізгін. Үзеңгі > үзік. Кісен > кісе > кісі. Шілде > қырық > хана (шілдехана) т.б. Календарлық мейрамдар, халық метрологиясы халықтың өз ішінде бар сөздермен салыстырылып о бастағы семантикалық мағыналары ашылды. Ұлттық киімдер: бас киім атаулары, сыртқы киім атаулары, аяқ киім атаулары толып жатқан сөздер өзінің бастапқы мағынасына ие болды. Киіз үй жабдықтары, үй – тұрмыстық атаулар , зергерлік бұйымдар, қару-жарақ атаулары зерттеліп, этимологиясы ашылды. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары арқылы қазақ елінің бір ғасырдағы тіпті, одан да арғы мәдениеті зерттеліп, сол кездегі тілдік құбылыстардың даму тенденциясын салыстыра зерттеу, алғашқы рет кешенді түрде қолға алынды. Әрине, күллі этномәдени лексиканы бір монографияның көлемінде алып зерттеу мүмкін еместігі байқалды. Сондықтан да, біз анағұрлым ұтқыр, анағұрлым қызықты тілдік материалдарды іріктеп, сұрыптап, бір жүйеге түсіріп беріп, ұсынуды жөн көрдік.

Заттық мәдениет лексикасын. Ұлттық киім атаулары: жыға, тәж, дулыға, бөрік, тақия, кепеш, айыр қалпақ, малақай, тұмақ, саукеле, қарқара, орамал, шәлі, шалма, жаулық, кимешек, желек, шапан, шекпен, пешпент, тон, ішік, дамбал, шалбар, кемзал, лабас, жарғақ, көйлек, кебіс. М-Ж. Көпеев шығармалырдағы киім атауларын: бас киім, сырт киім, іш киім, аяқ киім бөлуге болады. Олар өз ішінде: жыға, тәж, дулыға, бөрік, тақия, кепеш, айыр қалпақ, малақай, тұмақ, сәукеле, қарқара, орамал, шәлі, шалма, жаулық, кимешек, желек, шапан, шекпен, пешпент, тон, ішік, дамбал, шалбар, кемзал, лабас, жарғақ, көйлек, кебіс болып бөлінеді. Бұлардың ішінде түбірлес сөздер, мағынасы жағынан жақын лексикалар кездеседі. Мысалы: жыға, тәж, қарқара-дегендердің бір мағынасы тағатын қымбат тас. Орамал > жөргем (ор>өр), томаға > тұмақ (том>тұм), сырмақ > оймақ > текемет > шекпен (сыр > шек > тік), сәлі > шәлі > сәлде > шаль > шалма > шалбар (сал) > тон > ішік > дамбал > шалбар (тон > іш > тонбал > шалбал (р) > ыштан > іштон), кебіс, кебін, кебім, қалпақ, кепеш (кеп > қалып) > көн етік > көн > көк > көйлек > тері. Жаулық > жау <> жап <> май > жауқазын, жаубүйрек (майлық), малақай > мал > сауын > ақша, бөрік > бөрі, тақия > төбе, желек > желбір, жігіт-желең > желең > желек, сүңгі > сүлгі > сулық, лапас (кейбір жерде жаппа) > лабас, т.б. көрсетуге болады.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет