Қару-жарақ атаулары. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы қару-жарақ түрлерін мағынасына қарай, қолданылу мақсатына қарай: сақ ер, гүрзі, шоқпар, сота, таяқ >ұратын, соғатын; найза, сүңгі> түйрейтін, шаншып түсіретін; селебе, қылыш, балта> шабатын, кесетін; шаппа шот>үшкір оқтың ұшы және ұратын, соғатын; семсер, метін > шабатын, түйрейтін; мылтық, садақ, саржа > ататын; қорамсақ, кісе >оқ салатын қап; майдан>ұрыс, соғыс даласы, соғыс; қосын>әскер; ту қандау>жеңісті тойлау; кетпен, қалқан> қорғаныс қарулары – деп топтауға болдады. Қарудың мына түрлері М-Ж. Көпеев шығармасында жиі кездеседі: семсер, пышақ, қанжар, зырылдауық, жақ, оқ, садақ; Алпамыс – кездік, Қобыланды – садақ, бұқар жай. Зырылдауық тартты жылқыны қуып алды (Мәшһүр-Жүсіп., 45); Құс кездігін суырып,. Кеудесінен тіліпті (Алпамыс); Осы айтылғандардан басты-басты мына мәселелер қорытынды нәтижесінде алынды:
– М-Ж. Көпеев шығармаларындағы этномәдени лексиканың бастау көзі-бұлағы ауыз әдебиетінен басталып, көне түркі, ақын-жырау шығармаларымен, шығыс, орыс (еуропа) мәдениетімен де тығыз байланысты.
– Зерттеуде ХIХ екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ірі ақын Абайдың рухани шәкірті Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің этномәдени лексикасы әр қырынан мағыналық жағынан топтастырылып зерттелді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының идиоэтникалық параллельдердің о бастағы түбір тұлғасы мен түп мағынасы түркі, араб-парсы, монғол тілдерімен салыстырылып, қалпына келтірілді. Жүсіп Көпеев шығармаларының мифтік (шаман), діни (ислам), рухани лексемаларының кейбірінің бір-бірімен тығыз байланысты екендігі байқалды.
– Заттық мәдениет қазақ халқының әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен де байланысты екендігі тілдік фактілерді талдағанда анық көрінді. Талдауға түскен единицалардың тілдік құрамынан басқа, мағыналық жағы да қоса жүретіні, мысалы: «ұмай» түбір тұлғасынан басқа түркі елінің көне этникалық мәдениетінен де сыр беретіні анықталды. Тілдік деректердің нәтижесі мен қорытындысы бізді тарих қойнауына тереңірек сүңгуге, арырақ баруға жетеледі.
– Заттық мәдениет формаларының белгілі бір табан тірейтін тиянақ тұғыры бары анықталды. Бос жерде сөз пайда болмайтыны белгілі болды. Бұндай этнолингвистикалық зерттеудің нәтижесінде әр тарау өз ішінде жүйелі мағыналық құрылымнан тұратыны тілдік единицаларды зерттеу барысында мүмкін болатыны, содан кейін ғана барып бір тұтас комплексті құрайтыны анықталды. Қазақ тілінің бірқатар этномәдени лексикалық бірлігінің (единицаларының) генезисін анықтау, олардың даму заңдылығын, құрылымын тануға мүмкіндік беретіні дәлелденсе, ең маңыздысы сол, өз кезегінде басқа да түркі тілдеріндегі табиғи этномәдени лексика бірлігінің құрылым-семантикасын анықтауға қол жеткізілді;
– М-Ж. Кµпеев шыѓармасындаѓы кµне, маѓынасы кµмескіленген не м‰лдем ±мытылѓан т‰бір сµздердіњ б±рынѓы маѓынасы ќандай болды, ќазіргі маѓынасы ќандай екендігі де зерттелді. Б±л арада сµзжасам ‰рдісінде жања туынды ќандай тєсілмен жасалса да, семантикалыќ сипат, семантикалыќ ‰рдіс – жања маѓынаныњ міндетті т‰рде болып отыратыны аныќталды;
– М-Ж. Кµпеев шыѓармаларындағы этномәдени бірліктерді зерттеу барысында сµздер ішкі даму негізінде жања ±ѓымдарды атау, маѓыналық жағынан т‰ркілік синкретизм делініп ж‰рген кейбір тілдік ќ±былыстар, сµз маѓынасыныњ кењеюі, тарылуы сияқты жеке мәселелерге де қысқаша тоқтала кетуге тура келді;
– М-Ж. Кµпеев шыѓармаларының этнолингвистикалық негіздерін зерттеу барысында фонетикалыќ (көкпар), лексика-семантикалыќ (тұл, тұлып) жєне грамматикалыќ факторлар (жауқазын, ұмай) бәрі бірігіп те, немесе жеке-жеке түрде де єр түрлі дєрежеде ‰лестерін ќосатыны аныќталды; Талдауға түскен кейбір единицалардың сөздік құрамынан басқа, мағыналық жағы да қоса жүретіні: (тәңір, ұмай, керемет, қожа т.б.) анықталды;
Түйін. М-Ж. Көпеев шығармаларының бастау – көздері бұлақтары анықталды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Абайдан көп үлгі-өнеге алғаны байқалды. Шәкәріммен діни тақырыптары жағынан үндес келетіні, Дулаттан жаңа сапаға көтерілген поэзия үлгісін қабылдағаны белгілі болды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевте: мифология лексикаға, рухани мәдениетке, халық метрологиясына байланысты өте бай тілдік деректер көп екендігі анықталды. Олар – өз ішінде сан-салалы тілдік қатынастарға түсетіні белгілі болды. Этномәдени лексикалардың о бастағы түбір тұлғасы, алғашқы мағынасы анықталып, қалпына келтірілді. Мифологиялық, рухани лексикалар бір-бірімен байланыса өте тереңге кететіні көбіне өмірмен байланысты болып отыратыны анықталды. Бұл зерттеу болашақ ауқымды зерттеудің басы ғана екендігі белгілі болды. Өкініштісі сол, көптеген тілдік материалдар, тілдік деректер, ойға алған жайттар диссертация көлемі көтермеген соң жазылмай қалды. Мәшһүртануға байланысты бұл – зерттеу соңы болмаса керек. Алдымызда не бір қызықты да, қызғылықты зерттеулер күтіп тұрғаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |