Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. Олай болса – жүген



бет143/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   227
Түйін. Олай болсажүген (кіс+ен, түм+ен, бүй+ен) жүг (жүр // жүй) +ен қосымшасы арқылы жасалған сөз демекшіміз. Ал, түбірі йік // йек болуы да мүмкін.
Айыл. Айылын тартып алғанда, Адамдай тұрып сайрайды, Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайды (М-Ж., 208); Айылды ағытады. Алдыңғы айылымды бос тарт, артқы айылымды берік тарт, деді (М-Ж., 159). Айыл – қайыс тартпа (ҚТТС, 23; ҚТДС, 26; Шаңырақ, 39; Подпруга, подбрюшник – Қ – О сөз. 2001: 33; широкий ремень седла или седел – Ожегов, 1963; – М. Фасмер под және пруга деп қарастырады, 1932: 300; ремень, широкая тесьма для перетяги – В. И. Даль, 2001: 492). Айылер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпес үшін көлік малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа (ҚҰЭ, 1998: 153). Айыл – подпруга Қ. Бектаев, 2001: 34; Айыл – жалпақ қайыс ҚТС, 199, 23; Айыл сөзінің құрамын ажыратсақ түбірі айы, -л жұрнақ болады. Мысалы: Жалғандықтың айы өтті тіркесінің құрамында айы сөзі сақталған. Айы сөзі жеке тұрып ешқандай мағынаға ие бола алмайды. Орхон-Енесей ескерткішінде: айын-қорқу, қауіптену мағынасында сақталған (ДТС, 1969: 29). Қазіргі түрік тілділердің ішінен туваларда: айыылдыг – қауіпті, ал айыыл – қауіп деген мағыналарда қолданылады (Рус.-тув. Сл., 1980). Монғол тілдерінде айх – қорқу, елегізу, шошыну болып түсіндіріледі (Мон.-қаз. Сөз. 1954). -Л (-ыл, -іл, -л) көнерген жұрнақ жаңа сөздердің құрамынан кездеспейді. Жасыл (қызыл) йаш (жас, көк; көк шөп) сөзімен салыстыруға болады. Сол сияқты, бат, жең, -л аффикстері арқылы жасалғаны айқын. Сын есім жасайтын жұрнақтар актив қолданылған. Бұл келтірілген фактілер -л қосымшасы етістік түбірімен бірігіп тұтасқаны, сөйтіп, бүкіл негіз есім түрінде ұғынылғанын дәлелдейді (Томанов, 187 қараңыз.). Н.А. Баскаков бұл жұрнақтық тегін -гъыл, -геел, -гъал, -гел тұлғаларынан шығарады. М. Хабичев: -къал, -гъыл, -уул, -геуюл жұрнағынан туған деп есептейді. Ф. А. Ганиев -ғыл/-гел, -қыл/-кел жұрнағын -ыл, -ел, -л жұрнағынан бөлек алып қарайды. Э.В. Севортиян -л жұрнағын әрі есім әрі етістік негізінен есімдер тудыратын синкретизм деп есептейді. Бұл орайда, Ғ. Қалиевтің «Қазақ говорындағы диалектілік сөз тудыру» еңбегін атаймыз (қараңыз: 1985, 172). Сонымен, -л әрі есім, әрі етістік тудыратын жұрнақ болып табылады. Адарғы сөзінің айырғы мағынасында болғандығы айтылады (Қ. Жұбанов, 122). Қырғыздар – аил (айыл) (Ш.У. 244). Томанов: айыр, ажыра (ағаш қақ айырылды, бірі-бірінен ажырады), МҚ: адзышты – айрылысты, адзырылды – айырылыды, адзры – екі айырылды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі бұл етістіктер бір түбірдің екі вариантының негізінде қалыптасқан. Варианттардың шығуы – аффрикат дыбыстардың екіге жарылуының нәтижесі. Бірақ, бастапқы түбір қай мағынада – оны ашып айту қиын – дейді (Томанов, 2002: 146). И. Абдулвалиев аүїl `загон для скота` деген терминді генетикалық жағынан айыл `кольцо катура, подпруга` (каз) салыстырады (ПЭТЯ, 1990: – С. 264). Бұл туралы үй (ев) бөлімінен оқи аласыздар. Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны – қарнынан тартылатын шап – айыл. Тас айыл үнемі қатты тартылады, өйткені ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар (С.М., 119). Төс айылдың, батқанын иесі емес ат білер, Ағайынның қадірін жақыны емес, жат білер... – деген мысал осындайдан шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет