Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Никель тұнбаларының құрылысы және механикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет38/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
Никель тұнбаларының құрылысы және механикалық қасиеттері.
Бірқатар зерттеушілер рН –тың температураның, тоқ тығыздығының және 
ерітінді құрамының Уоттс ваннасынан шыққан никель тұнбаларының 
механикалық қасиеттеріне және металлографиялық құрылысына әсері туралы 
жазған. Бұл мәліметтерді келесі негізгі жағдайларға келтіруге болады. 
Уоттс ваннасынан рН = 2 және 55
0
с температурада алынған тұнбалардың 
құрылысы талшықты немесе конусты болады. Тұнба тұйіршіктері рН-ты және 
хлоридтерді жоғарылатқан сайын немесе температураны төмендеткен сайын 
нақты болып келеді. Тоқ тығыздығы әртүрлі шарттарға тәуелді әсер етеді. 
Никельді 
тұнбалардың 
қаттылығы, 
айырылуға 
тұрақтылығы 
және 
пластикалығы бір - бірімен байланысты: қаттылықты жоғыралатқан сайын 
айырылу кедергісі жоғарылап, пластикалық төмендейді.
Жұмсақ пластикалық тұнбалар рН = 4,5 немесе төмен болғанда алынады. рН 
мәндерін 3 тен төмендеткенде қаттылық сәл ығысады, бірақ рН 5-тен өскенде 
тез өсіп сәйкесінше пластикалық төмендеп, айырылу кедергісі жоғарылайды. 
рН-тың төмен мәндерінде тоқ тығыздығының 1 - 5 А⁄дм 
2
аралығында 
өзгеруі тұнбалардың механикалық қасиеттеріне үлкен әсер етпейді, бірақ рН = 
5-те бұл интервалдағы тоқ тығыздын өсірген сайын қаттылықтың және 
айырылу кедергісінің төмендеуі байқалады. 
Кейбір зерттеулер рН –тың жоғары мәндерінде қаттылықтың және айырылу 
кедергісінің жоғарлауын никельдің негіздік қосылыстарын қосу нәтижесінде 
олар никельмен ұсақ дисперсті коллоидты бөлшектер түрінде бірге тұныуымен 
түсіндірген. 
Никель қаптамаларының құрылымы мен механикалық қасиеттері электролит 
құрамына және электролиз режиміне тәуелді тұрғыда кең аралықта өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет