Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


 Құймалардың электрохимиялық тұнуының жағдайлары



Pdf көрінісі
бет43/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
5.5 Құймалардың электрохимиялық тұнуының жағдайлары 


Электрохимиялық қаптамалардың қолдану аймағын кеңейту үшін таза 
металмен қатар екі не одан да көп компоненттерден тұратын құймалар 
қолданылады. Мысалы, мыстың қалайымен құймасы (ақ қола) сәуле 
түсіргіш қабілеті өте жоғары, мыстың мырышпен құймасы (сары қола) ол 
металл мен резинаның арасындағы адгезияны жақсартады. Агрессивті 
ортада химиялық коррозиядан қорғау үшін темір тобындағы металдармен 
хромның құймасы, хром - вольфрам, хром - молибден, хром - рений, ванадий 
мен цирконийдің құймалары. 
Коррозиядан қорғаныс бөлшектерден басқа да мақсатқа қолданылатын 
құймалар: антифрикциондық (үйкеленіп, қажалып қызмет істейтін 
бөлшектер даярлауға ұсталатын материалдар антифрикциондық деп аталады 
мысалы, подшивник материалдары) мыс - қорғасын, қалайы - қорғасын, 
күміс – қорғасын және т.б. магнитті (никель - темір, никель - кобальт, 
кобальт - вольфрам). Екі катионның бірге разрядының жағдайы олардың 
разрядтарының потенциалдарының теңдігі болып табылады. Екі металдың 
разряд потенциалдарының жақындауына электролитте катиондардың 
концентрациясының өзгеруі арқылы қол жеткізуге болады, бірақ 
металдардың бірге бөлінуі үшін олардың стандартты потенциалы жақын 
болу керек (мысалы, сульфатты электролитте никель және кобальт, 
фторборатты электролитте қалайы мен қорғасын). 
Қапталатын металдардың потенциалдарын жақындату үшін ең тиімді 
әдістердің бірі комплекстүзу. Мысалы, мыстың сульфатын алып, оған 
мырыштың сульфатын қосып, бірге мыс мырыш құймасын ала алмаймыз
себебі мыс пен мырыштың потенциалдары 1вольтқа дейін ерекшеленеді 

0
Сu
2+ 
= +0,34В, φ
0
Zn
2+ 
= - 0,76В). Аталған ерітіндіде мыс қана тұнады, егер 
цианды электролиттерді қолданатын болсақ, мыс пен мырыш комплексті 
қосылыстар түрінде болады Na
2
[Cu(CN)
3
] және Na
2
[Zn(CN)
4
], осыған орай 
[Cu(CN)
3
]
2-
ионының 
[Zn(CN)
4
]
2-
ионына 
қарағанда 
жоғары 
тұрақтылығының арқасында жез түзіледі. 
Цианды комплекстерден басқа аммиакты, пирофосфатты, тартаратты 
комплексті қосылыстар қолданылады. Құймаларды тұндыруда органикалық 
БАЗ қолданылады. 
Сульфатты электролиттерде қалайы мен мыс құймасын (қола) тұндыру үшін 
мысалы, фенол, тиомочевина және желантинді қолдануға болады
металдардың стандартты потенциалдары 0,45В қана ерекшеленеді. 
Органикалық заттарды қосқанда мыстың разрядын қиындатады да, 
қалайының разрядын жеңілдетеді. 
Құйманың электрохимиялық тұнуына электролит құрамы, электролиз 
жағдайы қаптамаға қойылатын міндеттерді қамтамасыз ететіндей болу 
керек. Катодтық тұнбаның химиялық құрамы біріншіден катодтағы 
металдың концентрацияларының арақатынасымен анықталады. 
Электролиттегі комплекс түзу концентрациялары катодтық құйманың 
құрамына әсері зор. Құйманың химиялық құрамына электролиз режимінің де 
әсері зор, мысалы: тоқ күші, электролит температурасы, электролитті 


араластыру жылдамдығы. Осы аталған факторлардың барлығын берілген 
құрамдағы құйманы қондыруда есепке алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет