Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Сілтілі электролиттерде (цианды) мыстау



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
Сілтілі электролиттерде (цианды) мыстау. 
Жалпы сипаттама. 
Улылығына және тұрақсыздығына қарамастан цианидті электролиттерді 
өндірістерде кеңінен қолданады. Артықшылығы: ұсақ кристалды құрылысты 
тұнбалар береді, кеуексіз, болатқа тамаша жабысады, шашырау қабілеті жақсы.
Цианидті электролиттерде мыс бір валентті ион түрінде катодта тұнады. Бірақ, 
бұл электролитте тоқ шығымы 100% емес, мыспен қатар катодта сутегі 
бөлінеді. Сондықтан катодта екі реакция жүреді. 
Cu
+
+ е → Cu; 2H
+
+ 2е → H
2

Мыс цианидінің натрий цианидімен реакциясы: 
CuCN + 2NaCN → Na
2
Cu(CN)
3



Теңдеуге байланысты, 1г мыс цианидіне 0,55 г натрий цианидін қосады, 
электролиздің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін аз ғана натрий цианидін 
артығын қосады (шамадан тыс артық болуы тоқ шығымын төмендетіп 
жібереді). Электролитте ауадағы көмір қышқыл газымен цианидтер әрекеттесіп 
натрий карбонаты көбейеді. Осыған байланысты цианидті электролитте 
мыстауда температураны жоғарлатуға және ауада араластыруға болмайды. 
Мысты цианидті электролиттерде анодтың еруін қамтамасыз ету үшін және бос 
цианидтің концентрациясын минимумға жеткізу үшін активаторлар (калий 
раданиді немесе сегнет тұзы) қосады. 
Цианды ерітінділердегі мыстың электр әсерінен тұнуы, қолайлы болып 
саналатын қышқыл ерітінділерінен айтарлықтай ерекшеленеді. 
Бәрінен бұрын бұл берік комплекс иондарын түзуінен және олардың нашар
диссоциациялануынан, мыс иондарының активтігі цианды ерітінділерде төмен
болатындығы соншалық, оның потенциалы қышқылды ерітінділерден 1В - қа 
төмен болады.
Тоқ тығыздығының жоғарлауымен мыстың катодтық потенциалы 
қышқылды 
электролиттермен 
салыстырғанда 
керісінше 
цианды
электролиттерде электртерістілікке қарай ығысады (1 – сурет), ол металдың 
катод бетінде кристалдану жағдайын анықтайды, осы жағынан алып қарағанда 
цианды электролиттердегі жағдайлар тиімді. Бұл катодтық потенциал тоқ 
тығыздығының артуына байланысты тез жоғарылайды, бірақ тоқ тығыздығын 
шексіз жоғарылатуға болмайды, себебі металдың тоқ бойынша шығымы нолге 
дейін жетуі мүмкін.
1 - сурет. Мыс электролиттерінің поляризациялық қисығы 


Цианды электролиттердің қышқылды электролиттерден ерекшелігі мыс 
потенциалының бос цианид концентрациясына тәуелді айтарлықты өзгеруі, ал
қышқыл электролиттерде бос күкірт қышқылы мыстың потенциалын 
шамалы ғана өзгертеді. Егер 1 литр ерітіндіде 9 грамм циан тұз түріндегі 
(0.1М СuСN) мыс және 13 г/л КСN болса, мыс потенциалы -0.60 В болады, ал 
26 г/л KCN болса, бұл потенциал -0.964 В болады, ал 65 г/ л болған жағдайда -
1.169В. Катодтық поляризация электролиттегі мыс тұзының концентрациясына 
тәуелді, ал қышқыл электролиттерде болса, бұл әсер өте мардымсыз.
Анодтық процесс цианды ерітінділерде айтарлықтай поляризация арқылы
жүреді, оның шамасы бос цианидтің мөлшерімен анықталады. Цианид 
жетіспеген жағдайда анодтар пассивтеніп, еруі тоқтайды. Бос цианидтің болуы 
тиісінше катодтық және анодтық процестерге екі жақты әсер етеді, 
алғашқысына (катод процесіне) бос цианидтің минимальды мөлшері қажет 
(катодтық тоқ тығыздығын жоғары ұстаған сайын, электролитте цианид аз 
болады), екіншіге (анод үшін) - максимал цианид мөлшер қажет (ток
тығыздығының жоғары болуы анодты пассивтендіреді, цианид мөлшері де 
соғұрлым жоғары болады). Бұл жағдайлар электролитте мыс тұзынан соң 
негізгі компонент болып табылатын цианид концентрациясын таңдау аралығын 
айтарлықтай шектейді.
Көптеген цианид электролиттерінде жоғары тоқ тығыздығын қолдануға 
мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдануға болмайды, мысалы, араластыру не 
температураны жоғарылату цианидтің гидролизін жоғарылатады. Цианидті 
электролиттер тыныштық қалыпта және бөлме температурасының өзінде, 
ауадағы көмір қышқыл газын жұту салдарынан, қышқыл электролиттерге 
қарағанда жылдам бұзылады. 
Цианидті электролиттерде мыстың бір валентті иондары тотықсызданып, 
катодқа тұнады, теориялық тұрғыды 1 А·сағ. алынғын мыс, екі валентті ион 
түрінде болатын қышқылдық электролиттерге қарағанда 2 есе жоғары
болады. 
Цианидті электролиттерде мыстың тепе - теңдік потенциалы күшті
электртерістілік мәнге ие және тоқ тығыздығын арттырғанда потенциал 
электртерістілік мәнге қарай ығысатындықтан, жоғары ток тығыздықтарында 
(А/дм
2
) цианид электролиттерінде мыстың тұнуы мүмкін емес деген пікірдің 
пайда болуына негіз болды. Шындығында, бұл араластырылмаған және 
қыздырылмаған сұйытылған цианидті электролиттер үшін дұрыс
қорытынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет