60 мм және одан жоғары болатын қисық сызықты беттердегі ғана емес сондай-
ақ тегіс беттердегі айналы шағылысу коэффициентін өлшеуге болады.
1 – сурет Қаптаманың
жылтырлығынанықтайтын аспап
Өнеркәсіптік (цехтарда) жағдайда
электролиздік
қаптамалардың
жылтырлығын анықтауды тіке
шағылысу
(резкости
отражение)
бойынша жылтырлықты анықтайтын
әдістемемен жүргізу ұсынылады.
Зерттелетін
үлгіні
технология
өндірісінің қажетіне байланысты
дайындайды.
Жылтырлықты
анықтауда, вертикал тұрған бетке
шыны немесе сурет жабсырылатын
тік
бұрыш
бойымен
иілген
органикалық шыныдан тұратын
көмекші аспап пайдаланылады (1 -
сурет).
Жылтырлық дәрежесін контрлердан 30 см алшақтықта бағалайды. Затқа жарық
сол жағынан және артынан түсетіндей етіп орналастырылады.
Жылтырлықты келесі сапалық көрсеткіштері бойынша бағалайды:
айналылығы - беттегі бейнеленген суреттің айықындығы айнадағы бейнеге
сәйкес келуі керек, жылтырлығы - бетте суреттің айқын бейнеленуі, бірақ
бейненің жоғарғы жағы бұлдыр, жартылайжылтыр - сурет бейнесі көрінеді,
бірақ нақты емес, күңгірт сурет бейнесі өте бұлдыр және үлгінің бөліктері
суретке жақын аймақта ғана көрінеді, терең күңгірт – заттың бейнесі мүлде
көрінбейді.
Өнеркәсіптік жағдайда жылтырлықты анықтау эталондармен салыстыруға
негізделген визуалды әдісті қолдануға болады. Бұл үшін нағыз күңгірттен нағыз
жылтырға дейінгі тоғыз эталон дайындайды. Зерттелетін үлгінің жылтырлық
шамасы эталон нөмерімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: