Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Қаптаманың коррозияға тұрақтылығын анықтау



Pdf көрінісі
бет58/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

 
Қаптаманың коррозияға тұрақтылығын анықтау 
 
Қаптаманың 
коррозияға 
тұрақтылығын 
анықтау 
 
 
Сапалық 
әдістер 
 
Сандық әдістер 
 
Көзбен көру 
(визуальды) 
Микро -
зерттеулер
 
Коррозиялық 
ошақтың пайда 
болу уақыты 
 
Корродкоты-
сынамалар 
Беттің бірлік 
ауданындағы 
пайда болған 
коррозия 
орталықтары - 
ның санымен 
Батыру әдісі 


Металдың коррозияға тұрақтылығы оның тасмалдануына байланысты
қоршаған ортаның әсерінен туындайтын химиялық немесе электрохимиялық
бұзылуларға төтеп беру қабілеті. Бұйымның коррозияға тұрақтылық қабілетін 
сандық және сапалық тұрғыдан бағалайды. Бағалаудың сапалық әдістеріне 
көзбен көру (визуальды) тәсіл және микрозерттеулер жатады. Беттік жағдайды 
визуалды бақылау коррозия өнімдері үлгіде ерімейтін тұнба түрінде қалғанда 
жүргізіледі. Бақылау барысында өзгерістерді қысқаша сипаттау немесе суретке 
түсіру арқылы белгілейді. Микрозертеулерді коррозияға ұшыраған үлгілерді 
неғұрлым терең зерттегенде қолданады. Мұндай зерттеулерде көбінесе 20-100
х 
есе үлкейтіп көрсететін бинокулярлы микроскоп қолданылады.
Коррозияға тұрақтылықты сандық тұрғыда қарапайым көрсеткіштермен 
бағалауға болады: беттің бірлік ауданындағы пайда болған коррозия 
орталықтарының санымен және бірінші коррозиялық ошақтың пайда болу 
уақыты секілді белгілермен анықтайды.
Бөлшектердің коррозияға тұрақтылығы жөніндегі неғұрлым дұрысырақ пікірді
табиғи эксплутациялық жағдайда сынау арқылы алуға болады. Бірақ, мұндай 
сынаманы жүргізу ұзақ болғандықтан оны өндірістік жағдайда қолдануға 
келмейді. Себебі өндірістік жағдайда жылдам орындалатын сынақ түрлері 
қолданылады. 
Металдың коррозияға тұрақтылығын анықтаудағы неғұрлым қарапайым және 
тиімді әдіске ашық түтікте сынау әдістері яғни батыру әдісі жатады. Бұл үшін 
инертті материалдан (капронан, жібектен және т.б.) жасаған жіпке үлгіні іледі. 
Бір түтікте тек жалғыз үлгі сыналады (немесе бірнеше паралелді үлгілер іледі).
1 см
2
бет ауданына 20- дан 200 мл дейін ерітінділер жұмсалады. Үлгі 
ерітіндіге толығымен немесе жартылай батырылады. Үлгіні ерітіндіге 
батырған жағдайда коррозиялық процесс ауа - ерітініді арасында жылдамырақ 
жүргендіктен бұл жағдайды есептеулер жүргізгенде есепке алу керек.
Сынауды жылдамдату үшін еріткішті араластыру, сонымен қатар үлгіні 
ерітіндіге бір алып бір салып тұру қажет. Үлгіні ерітіндіге қайталама алып 
салу принципі кейбір қондырғыларда автоматты түрде орындалады. 
Атмосфералық коррозия туындайтын жағдайларда жүргізілетін сынамаларды 
арнайы ылғал камераларда орындайды. Ылғал камералардағы үлгілерге
периодты түрде пульверизаторлардан коррозиялық ерітіндіні шашып отырады. 
Пульверизатордың алдында 45
0
бұрышқа бұрыла алатындай шыны экран 
ораналастырылған. Арнайы вентилятор камерадағы ылғалды бірыңғай тұттас 
етіп таратады. Көбінесе шашыратқыш еріткіш ретінде 3 % натрий хлориді 
қолданылады.
Никель - хром немесе мыс – никель - хром сияқты көп қабатты қаптамалар үшін 
коррозиялық тұрақтылықты тексеру үшін корродкоты-сынамалар қолданылады. 
Ол сынама қаптама бетіне арнайы сынамаларды жағуға негізделген. Қаптама 
сыналғаннан кейін, қаптаманың бұзылуын негізгі металға дейін бір жерінен 
коррозия өнімдерінің пайда болуымен анықталады. Корродкоты - сынамалар 
өндірістегі бақылауда қолданылады. Сынаманың зерттеу нәтижелері өте тез 
орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет