Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет132/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Негізгі ұғымдар:
  еңбек нарығы, еңбекақы, кесімді еңбекақы, мерзімді еңбекақы т.б. 
 
1.
 
Экономикалық қызмет етудің ең басты және шешуші факторы еңбек. Оған аса көңіл 
бөлудің  бір  себебі  еңбек  тек  өндірістік  қана  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік  фактор,  үйткені 
оған  тиісті  құқықтар  берілген.  Жеке  тұлға  өзінің  еңбегі  үшін  еңбекақы  алады,  ол  жалдамалы 
жұмысшының еңбегінің бағасы. 
Енді  нарық  құрылымындағы  еңбек  нарығын  қарастырайық.  Жоғарыда  көрсетілгендей 
жетілген бәсекелестікте еңбек нарығының ерекшеліктерін атасақ: 
- белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде бірбіліктілігі бірдей жұмысшылар саны көп және 
олардың әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Олар бір–біріне тәуелсіз. 
- жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасамайды, 
оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды. 


Фирма  өндірісте  тек  қана  еңбек  ресурсын  қолданатын  болса,  онда  шекті  өнімділіктің 
өзара  заңына  сәйкес  еңбектің  шекті  өнімділігі  (MPL)  белгілі  бір  нүктеден  кейін  төмендей 
бастайды.  Жетілген  бәсекелестікте  тауардың  бағасы  тұрақты,  сондықтан  шекті  түсімділігін, 
яғни  шекті  өнімділіктің  ақшалай  мөлшері  (MRPL)  төмендейді.  Еңбектің  шекті  түсімділігі 
(MRPL),  қосымша  бір  жұмысшыны  жалдағаннан  түсетін  қосымша  түсім,  ол  мынадай 
формуламен анықталады: 
(MRPL) =MR×MPL; мұндағы MR-шекті түсім, MPL-еңбектің шекті өнімділігі. 
Жетілген бәсекелестікте шекті түсім бағаға тең: 
MR=P, сондықтан,  
MRPL=P×MPL; 
Еңбектің  шекті  түсімділігінің  қисығы  (MRPL)  –  және  фирманың  еңбекке  сұраныс 
қисығы болады. (11.1-сурет) 
 
 
11.1-сурет. Еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі 
 
 
11.2-сурет. Фирманың еңбек қызметіне сұранысының өзгеруі 
 
11.2-суретте еңбек қызметіне сұраныстың өзгеруі  қарастырылған. Егер еңбек қызметіне 
сұраныс өнім бағасының жоғарылауынан, болмаса еңбектің шекті өнімінің ұлғайуынан көбейсе, 
онда осылардың кез келген факторы еңбекті пайдаланудың көрінген деңгейіне өндіріс қорының 
шекті  өнімін  (MRPL)  ұлғайтады  және  еңбекке  сұраныс  қисығының  D1-  ден    D2-ге  дейін 
жылжыйтыны  көрсетілген.  Керісінше,  өнім  бағасының  төмендеуі,  болмаса  еңбектің  шекті 
өнімінің  кемуі  фирманың  еңбекке  сұранысын  азайтып,  қисықтарын  D1-  ден    D3-ке  дейін 
жылжытады. 
Еңбектің  ұсыныс  қисығы.  Еңбек  ұсынысының  көлемі  орташа  экономикалық  және 
экономикалық емес факторлармен анықталады: 


еңбек бағасы, яғни еңбек ақы 
демографиялық факторлар (семья жағдайы, жасы, жынысы, білімі) 
Еңбек ұсынысы – тұрғындардың табыс табуға кететін уақытының сағат саны. 
Еңбек ұсынысын таңдағанда үш шешуші компонент ерекшеленеді: 
жұмыс уақыты; 
қатысу нормасы (тұрғындардың жалпы санының жұмыс күші бөлігі) 
иммиграция. 
Кез келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте үнемді, ұсыныс қисығы 
айырмасы  фактор  (L)  орналасқан  координата  өсіне  параллельді  түзу  сызық  (SL)  болады. 
Еңбектің әр бірлігіне бірдей мөлшердегі ақы төленіп, ал осы еңбекақы жалданған жұмысшылар 
санына тәуелсіз болғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы шекті қисығы (MRC)да болады. 
(11.1 сурет) 
Әрбір фирманың басты мақсаты – пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізу, яғни пайдасын 
мейлінше  арттыратын  фирма  жұмысшыларды  еңбектің  шекті  түсімділігі  еңбек  ақыға  тең 
болғанға дейін жалдайды, сондықтан түсім шығынға тең болады: 
MRPL=ω; 
 
ω=P×MPL;   
P
MP
L



мұндағы: ω – белгіленген еңбек ақы, Р – тауардың бағасы, 
P

 - нақты еңбекақы. 
Пайданы  мейлінше  арттырудың  шарты  –  еңбектің  шекті  өнімділігі  мен  нақты 
еңбекақының теңдігі.  
Еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі 11.1-суретте көрсетілген. 
Жұмыс  және  демалыс  арасындағы  таңдау.  Өндіріс  қоры  ретінде  еңбек  қолданғанда, 
еңбек ұсынысы туралы шешімді фирма емес, адамдар қабылдайды. Көрінген жұмысшы күніне 
қанша сағат жұмыс істеп, ал демалысына қанша уақыт арнайтынын шешеді (11.3-сурет). 
 
 
11.3-сурет. Жұмысшының бос еркін  және жұмыс уақыты арақатынасын таңдауы 
11.3-суретте, жұмысшының 24 сағат жұмыс істегендегі барынша табысы В ақша бірлігін 
құрайды.  АВ-сызығы  «табыс  –  бос  еркін  уақыт»  бюджеттік  шектеуі.  В  нүктесін  оңтайлы 
шешімге  әбден  ашық  дәлелдемеге  жатқыза  алмаймыз,  үйткені  адам  сөткедегі  24  сағат  бойы 
жұмыс істей алмайды. 
Бұл жерде типтілік жағдай, Е нүктесіндегі бос еркін уақыт пен жұмыс уақытының тепе-
теңдігі қабылданады. 11.2-суретте бос еркін уақыт H0, жұмыс уақыты – (24- H0), күндізгі табыс 
– I0=ω (24-H0).Бюджеттік тежеу еңкіш сызығы (-ω) –ға тең болады. Бұдан шығатын қортынды, 
демалыстың шекті алмастыру нормасы еңбекақы ставкасына тең. 
Еңбекақының тарифтік ставкасы жұмысшының бос уақытының барлығын анықтайды, ал 
олай  болса  еңбек  ақы  жұмысшының  демалысына  жұмсайтын  ақша  сомасы.  Еңбекақының 
ұлғаюына  сәйкес  бос  уақыттың  да  бағасы  жоғарылайды.  Сонымен,  еңбек  ақы  ставкасының 
ұлғаюы екі бірдей нәтижеге (эффект): алмастыру нәтижесі және табыс нәтижесіне әкеледі. 


Алмастыру  нәтижесінің  іске  асуы  жоғары  еңбекақы  жұмысшының  нақты  табысын 
арттырып, игіліктерді оның ішінде бос уақытты да көп иемденуіне қол жеткізеді. 
Табыс  нәтижесі  жұмысшының  аз  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  тудырады.  Табыс  нәтижесі 
жоғары болса, еңбекақы тарифы көтерілген сайын тұлға аз жұмыс істейді. Еңбекақы көпшілік 
тұлғалардың  негізгі  табыс  көзі  болғандықтан,  табыс  нәтижесі  өте  үлкен  болуы  мүмкін.  Егер 
еңбек  ақының  ұлғаюы,  табыс  нәтижесінің  жоғары  болуына  байланысты  жұмыс  уақытының 
қысқаруына әкелсе, онда еңбек ұсыныс қисығы төмен қарай еңкіш болады. (11.4-cурет).  
 
 
11.4-cурет. Еңбек ақы өсуіндегі табысты алмастыру нәтижесінің графигі 
 
11.4-cуретте  көлбеу  өсі  бойынша  бір  күндегі  демалыс  сағатпен  белгіленген,  тік  өсте 
жұмысшының бір күндегі табысы көрсетілген. 
Айталық,  жұмысшының  бастапқы  еңбекақысы  сағатына  240  ақша  бірлігіне  сәйкес 
табылады. Пайдалылықты барынша көтеріп, жұмысшы күніне 16 сағат демалатын және 8 сағат 
жұмыс істеп 80 ақша бірлігі табыс алатын А нүктесін таңдайды. Егер, еңбекақыны сағатына 20 
ақша бірлігін көтерсе, бюджет сызығы RQ түзуіне ауысып, жұмысшы аз пайдалылығын, күніне 
демалысқа 20 сағат және жұмысқа 4 сағат жұмсап, еңбекақы 80 ақша бірлігіне В нүктесінде іске 
асырады. 
Егер  тек  алмастыру  нәтижесі  ғана  орын  алғанда,  еңбекақы  ставкасы  жұмысшының  8 
сағат  орынына  12  cағат  жұмыс  істеуіне  (С  нүктесіне  сәйкес  келетін)  итермелейді.  Әйтседе 
табыс  нәтижесі  антитетикалық  бағытта  әсер  ететіндігі  белгілі.  Табыс  нәтижесі  алмастыру 
нәтижесінен  аса  басымдылықта  болуына  байланысты  жұмыс  күні  8  сағаттан  4  сағатқа  дейін 
қысқарады. 
Енді  жұмысшы  еңбекақысының  көтерілуі  нәтижесінде  алмастыру  нәтижесінен  табыс 
нәтижесінің асып кету вариантын қарастырайық. (11.5-сурет) 
 
 
11.5-сурет. Алмастыру нәтижесінің табыс нәтижесінен басымдылығы 


 
Еңбекақы  ставкасы  ω1-ден  ω2-ге  дейін  көтерілді  деп  болжайық.  Бюджеттің  шектеу 
сызығы  АВ-дан  АВ1-ге  орын  ауыстырады.  Мұндай  жағдайда  жұмысшы  көп  жұмыс  істеуге 
ынталы.  Тепе-теңдік  Е1  нүктесінен  Е2  нүктесіне  жылжиды.  АВ1-ге  параллель,  немқұрайлы 
қисығымен  U1  жанасатын,  мұнымен  алмастыру  нәтижесі  мен  табыс  нәтижесін  анықтап, 
бюджет сызығы СД-ны тұрғызамыз. 
Алмастыру  нәтижесі  жұмысшының    бос  уақытын  жұмыс  уақытымен  алмастыру  мен 
табысының ұлғаюының көрінісі. 11.5-суретте алмастыру нәтижесі Н1-ден Н3-ке қарай жылжуы 
көрсетілген. Табыс нәтижесі Н3Н1 құрайды. Ол алмастыру нәтижесімен салыстырғанда қарама-
қарсы  бағытта  болады.  Демек,  11.5-суретте  көрсетілгендей  алмастыру  нәтижесі  табыс 
нәтижесінен артық. 
Еңбек нарығындағы экономикалық рента 
Жұмысшылар  табысының  әртүрлі  болуы  олардың  біліктілігіне  де  байланысты  болады. 
Біліктілігі  жоғары  жұмысшылар  тұрақты  артық  табыс  –  экономикалық  рента  ала  алады. 
Экономикалық  рента  –  бұл  ұсынысы  қатаң  шектелетін  ресурстарға  төленетін  төлемақы.  Бұл 
ерекше  ресурстардың  қызметіне  төленетін  нақты  төлемақы  мен  осы  ресурстың  иесі  сататын 
төменгі деңгейдегі бағасының арасындағы айырма. 
 
 
11.6-сурет. Экономикалық рента 
 
Жоғарыдағы  суретте  11.6  (a)-экономикалық  рентаның  жалпы  жағдайы  келтірілген, 
экономикалық рента W*×EW0 үшбұрыштың ауданына тең. Өте ерекше адамдар өз ресурстарын 
ұсынған  кезде  еңбек  ұсынысы  вертикаль  түзу  болады,  себебі  бұндай  ресурстарды  иемденуші 
адамдардың  саны  шектеулі  болады  (11.6  (б)-сурет).  Мысалы,  ұлы  ғалымдар,  эстрада 
жұлдыздары,  атақты  киноактерлер.  Мұндай жағдайда  еңбек  ұсынысы  өте  икемсіз.  Сондықтан 
сұраныстың  өсуі  еңбектің  бағасын  өсіреді,  яғни  еңбекақы  өседі.  Мысалы,  әртістің 
танымалдылығы  сұранысты  жоғарылатады,  сұраныс  қисығы  D1-ден  D2-ге  жылжиды,  ал 
әртістердің  төлемақысы  W1-ден  W2-ге    өседі.  W1  W2  Е2  Е1  төртбұрышының  ауданы 
экономикалық рентаға тең (11.6 (б) –сурет). 
 
11.2 Еңбек нарығындағы екі жақты монополия.  
Екі  жақты  монополия  –  нарықта  бір  ғана  сатушы  (монополиядағы  сияқты)  және  бір 
сатып алушы (монопсониядағы сияқты) жағдай. 
Екі жақты монополия бір ғана сатушы мен бір ғана сатып алушы өндіріс қорларын сату – 
сатып алуды іске асыратын нарықтық құрылым (сатушы үшін – бұл дайын өнім).  
Екі  жақты  монополияда  сатып  алушы  да,  сатушы  да  өндіріс  қорларының  бағасын 
жеткілікті қадағалау мүмкіншіліктеріне ие. 


 
11.7 сурет. Екі жақты монополия 
 
Екі жақты монополия 11.7 суретте көрсетілген.  
S сызығы – көрсетілген қордың қайсыбір көлемін қатыстыру үшін төленетін, осы қордың 
бағасын  көрсететін  жұмыс  күшінің  ұсынысы.  Қорды  сатып  алатын  фирма  монопсония 
болғандықтан, ол MIC қисығы мен фирманың MRP қисығымен қиылысуына сәйкес келетін, қор 
қызметінің бағасын ωM деңгейінде ұстап тұруға ұмтылады. Мұндай қиылысу фирма жалдауға 
тілек  білдіретін  осы  қордың  LM  өлшемін  және  қордың  1  сағаттық  қызметіне  ωM  ақшалай 
бірлігін  ұсынатын,  яғни  LM  бірлігі  қор  қызметін  тарту  үшін  ұсынатын,  Е1  нүктесінде  іске 
асырылады. 
Монополды  сатушы  табысын  барынша  ұлғайту  үшін,  қор  қызметінің  көлемін  сатып 
алуға  ынталандыру  рөлін  атқаратын  іске  асырылған  қорлар  қызметінің  сатылуының  шекті 
табысы  оның  шекті  шығынына  тең  келетін  нүктеге  сәйкес  баға  белгілеуге  тырысады.  Бұл 
жағдайда, пайданы барынша ұлғайту бағасы MR=MC болатын Е2 нүктесіне сәйкес келеді. Осы 
нүктеде монополист қор қызметінің LU бірлігін өткізуге тырысады. 
Жалданушыны  қорлар  қызметінің  белгіленген  көлемде  сатып  алуына  мәжбүрлеу  үшін 
монополист сатушы бағаның ωU-ға тең болуына ұмтылады. 
Сірә,  мұндай  нарыққа  тепе-теңдік  болмауы  әбден  мүмкін,  өйткені  ωU>  ωМ  және  LМ< 
LU.  Осы  себептен,  баға  туралы  шарт  түзілмейінше  екі  жақ  келісімге  келмейді.  Баға  ωU>  ωМ 
деңгейінде белгіленуі мүмкін. 
Мұндай екі жақты монопсония профессионалды спортта, команданың меншік  иесі мен 
ойыншылар  одағы  арасында  контракт  мерзімі  кезіндегі  төлем  мен  еңбек  жағдайы  жайында 
келісім жүргізгенде, жиі кездеседі. 
Жұмыс күшінің монопсонды нарығында, еркін бәсекелестіктегі еңбек ақы тепе-теңдіктен 
жоғары болғанда жұмыс күші ұсынысының артып кетуі сияқты құбылыс сирек кездеседі (11.8 
сурет). 
 


 
11.8  сурет.  Кәсіподақтар  белгілейтін,  еңбек  ақы  және  монопсонияның  жұмысшыларды 
жалдауы 
 
Айталық,  қаладағы барлық  фирма жалдаушы  ассоциациясын құрып монопсония әрекет 
етеді.  Жұмысшылар  кәсіподаққа  бірікпеді  делік.  Монополды  картель  MRPL=MICL  болатын 
тепе-тең  Е1  нүктесінде  орналасады.  S  қисығы  жұмысшы  қызметінің  ұсынысы.  Айталық, 
картель  күніне  5 000  жұмысшы  сағатын  жалдап,  жұмысшыларға  сағатына  4  ақша  бірлігін 
белгілейді.  
Енді  жұмысшылар кәсіподақ құрып, кәсіпкерлер алдына еңбек ақыны сағатына 4-тен 8 
ақша  бірлігіне  көтеру  туралы  мәселе  қойды  делік.  Мұндай  жағдайда  кәсіпкерлер  әдетте, 
жалдаған  жұмысшылар  санын  қысқартады.  Бірақ  монопсонды  нарықта  фирма  жұмыс  күшін 
кәсіподақ белгілеген еңбек ақы 13 ақша бірлігіне жеткенше көбірек жалдай береді. 
Фирма, еңбек ақының кәсіподақ белгілеген сағатына 8 ақша бірлігі деңгейіне дейін кез 
келген  жұмысшылар  санын  жалдауына  болады.  Егер  фирма  күніне  10 000  жұмыс  сағатын 
жалдағысы келсе, олар жұмысшыларды көбірек тарту үшін еңбекақыны көтеруі керек. Мұндай 
жағдайда тепе-теңдік кәсіподақ ұсынған ақы MRPL мен теңесетін Е2 нүктесінде орнайды. 
Монопсонды  фирмалар  әсер  ете    алмайтын  кәсіподақ  белгілеген  еңбек  ақы,  олар  үшін 
күніне  10 000  сағатқа  дейін  жалдау  еңбек  қорларына  шекті  шығын  болады.  Фирманың 
кәсіподақпен  келісімге  келуі  жұмыс  күшін  күніне  5  мыңнан  7  мың  сағатқа  ұлғайтуына 
мүмкіндік берер еді.  
Монопсонды  фирмалар  осы  еңбекақыға  тең,  MRPL  қалайтын  болғандықтан,  еңбек 
ақының күніне 4 пен 6 ақша бірлігі арасында белгіленуі жұмысбастылықтың ұлғаюына әкелер 
еді.  Бірақ  кәсіподақ  белгілеген  күніне  6  ақша  бірлігінен  төмен  көрінген  еңбек  ақы  белгіленуі 
жұмысшылар ұсынысының кемуіне соқтырып, еңбек ақының 6 ақша бірлігіне дейін көбейтілуі 
мүмкіндігін береді. 
Бұл  модельді  мемлекеттің  ең  төменгі  еңбек  ақы  белгілегенінде  қолдануына  болады. 
Монопольды  нарықта  біліксіз  жұмыс  күші  ұсынымында  ең  төменгі  жалақыны  белгілеу, 
жұмысбастылықты  қысқарту  емес,  ұлғайту  деп  есептелінеді.  Мемлекет  ең  аз  еңбек  ақыны, 
моносопистер  үшін  MRPL=MICL  сәйкес  нүкте  деңгейінен  төмен  белгіленгенінде,  ең  аз  еңбек 
ақыны белгіленгеннен кейін, олар жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет