Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя


Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары



Pdf көрінісі
бет195/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:
 
1.  Инфляция  халықтың,  кәсіпорындардың  және  мемлекеттің  ақшалай  табыстарының 
нақты  төмендеуіне  алып  келеді.  Бұл  атаулы  және  нақты  табыс-тарының  арасындағы 
айырмашылықпен  анықталады.  Мұндай  жағдайда  әдетте,  тұрақты  (тіркелген)  табыс  табатын 
адамдар  инфляция  кезеңдерінде  көп  зардап  шегеді,  яғни  «табан  тоздыру»  шығындары  орын 
алады. 
2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар 
өздерінің  кредиторлары  арқылы  баийды.  Дебиторлар  барлық  деңгейде  ұтады,  яғни  қарыз 
ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін 
кредиторға  құнсызданып  барып  қайтарылады.  Бұл  жерде  үлкен  мемлекеттік  қарызға  батқан 
үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны 
қарызға  берген  адамдардың  есебінен  табыс  пен  байлықты  қайта  бөледі.  Инфляция 
жылжымайтын мүліктің құнын арттырады. 
3.  Инфляция  кезеңдерінде  нарықта  сұранысқа  ие  тауарлы-материалдық  қорларға  деген 
бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін 
ақшалай  қаражаттарын  мүмкіндігінше  тез  арада  қорларға  айналдыруға  тырысады.  Бұл 
экономикалық  агенттердің  қолында  ақша  қаражаттарының  жетіспеушілігіне  алып  келеді. 
Тауарларды  дүрлікпе  (ажиотаж)  сатып  алуға  тырысудың  нәтижесі  сұраныс  инфляциясының 
күшеюіне алып келеді. 
4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді. 
5.  Инфляция  фирмалардың  амортизациялық  қорларын  құнсызандырады,  сөйтіп  ұдайы 
өндірістің  қалыпты  жұмыс  істеуі  бұзылады  және  үдерісі  қиындайды.  Инфляция  жинақ 
түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. 
Адамдар  мұндай  жағдайда  ақша  жинамауға  тырысады,  ал  фирмалар  болса  өздерінің  тапқан 
табыстарын  ағымдық  тұтынуға  бағыттайды,  соның  салдарынан  қоғамның  қаржылық 
ресурстары қысқарады. 
6.  Инфляция  тұрғындар  мен  кәсіпорындардың  ақша  қаражаттарын  салықтар  арқылы 
жасырын  тәркілеуге  алып  келеді.  Бұл  салық  төлеушілердің  атаулы  табыстарының  өсуінен 
салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет