Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет)
бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске
асырылады:
1.
Басым болып тұрған стратегияның (бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) – бір
ойыншының іс-әрекеті басқасының іс-әрекетінен тәуелсіз ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді
(«Тұтқын дилеммасы» ойында нәтиженің бұндай нұсқасы мүмкін емес).
2.
Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы
екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары
нәтижені
қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш
бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда
жетеді).
3.
Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы
екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас
бостандығынан айырылған ахуал).
4.
Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы
екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына
ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын
дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет.
Достарыңызбен бөлісу: