Нақты жағдайда адамдар әрқашан балама шығындармен кездеседi. Бiр өнiмдi өндiру
екiншiсiн өндiруден бас тартуды бiлдiредi. Рационалды адам қолайлы экономикалық таңдау
жасау үшiн келешектегi шығындармен қатар қолданылмаған өндiрiстiк мүмкiндiктер шығынын
(балама шығындар) да есептеуi қажет.
Қарапайым экономикалық үлгi және өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы көмегiмен
экономиканың тиiмдiлiк деңгейiн, өндiрiстiң таңдалған құрылымы қолайлығын және екi тауар
өндiрiсiнiң балама шығындарын шамасын зерттеуге болады.
Оны мысалмен түсiндiрейiк. Айталық, қоғамда тек екi тауар өндiрiледi. Оларды шартты түрде
А және В тауарлары деп белгiлеймiз.
Егер қоғам өзiнiң ресурстарын А тауары өндiрiсiне қолданса,
онда ол өнiмнiң ең жоғарғы мөлшерi 6 мың бiрлiк , егерде тек В өнiмiн өндiрсе 5 мың бiрлiк
өндiрiледi. Ал қисықтың бойындағы кез келген нүкте екi тауарды бiр уақытта өндiру
мүмкiндiгiн қарастырады. Алайда одан А тауары өндiрiсiн арттыру В тауары өндiрiсiн
кемiтетiндiгiн көруге болады. Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы iшiнде жатқан нүкте
ресурстарды толық пайдаланбағанын бiлдiредi (сурет 1.1.)
Достарыңызбен бөлісу: